Жексенбі, 24 Қараша 2024
1938 2 пікір 4 Мамыр, 2024 сағат 21:48

Түркия Израильмен барлық сауданы доғарды

Сурет: Shutterstock

Израиль армиясының Газа секторындағы әскери операциясына байланысты Түркия Израильмен тауар импорты мен экспортын доғарды. Бұл жөнінде екі түрік шенеунігіне сүйенген Bloomberg басылымы жазды. Сауда операциялары толық тоқтағаны жөнінде ресми ақпарат әзірге шықпады.

Түркияның статистика институтының дерегінше, 2023 жылы Түркия мен Израиль арасындағы тауар айналымы 6,8 млрд доллар болған. Шамамен 76 пайызы түрік экспортының үлесін құрайды.

Израиль сыртқы істер министрі Исраэль Кац X желісінде "халықаралық сауда келісімдерін жоққа шығарып отырған Анкараның шешімі түрік халқы мен кәсіпкерлерінің мүддесіне қайшы келеді" депжазды.

Кацтың сөзінше, Израиль Түркиямен сауда қатынасының орнын басатын шаралар жүргізбек: жергілікті өндірісті дамытып, өзге де тасымалдаушыларды іздейді.

Өткен аптада Режеп Ердоған Түркия ендігәрі Израильмен сауда қатынасын дамытпайды деп мәлімдеген. Түркия жетекшісі Израиль билігін Газадағы 45 мыңнан астам палестиналықтың өліміне кінәлаған.

Сәуір айының басында Түркияның сауда министрлігі Газада атыс толық тоқтап, палестиналықтарға үздіксіз гуманитарлық көмек берілгенге дейін Израильге өнеркәсіп тауарларының 54 түрін экспорттауға шектеу енгізген. Шектеу қойылған тауар тізіміне болат және пластик трубалары, аллюминий өткізгіштер, мотор майы, цемент, минералды тыңайтқыштар кіреді. Израиль ол кезде бұған шара қолданатынын айтпаған.

Дереккөз: Азаттық радиосы

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3258
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5564