Сенбі, 27 Шілде 2024
Билік 1084 0 пікір 14 Мамыр, 2024 сағат 16:50

Президент ҚР ІІМ басшысы Ержан Саденовті қабылдады

Сурет: Ақорда телеграм арнасы

Президент Ішкі істер министрі Ержан Саденовті қабылдады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

ҚР ІІМ басшысы Ержан Саденов:

▪️Еліміздегі криминогендік ахуал туралы мәлімет берді. Жыл басынан бері қылмыс деңгейі төмендеген. Ұрлық, тонау, қарақшылық, бұзақылық, сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылық, мас күйінде және көшелерде жасалатын құқық бұзушылықтардың саны айтарлықтай азайған;

▪️Қылмыскерлерді іздестіру жұмысының нәтижесі туралы баяндады. Жыл басынан бері 782 адам, оның ішінде 79 азамат шетелде ұсталған. Іздеуде жүрген 16 адам елге экстрадицияланған;

▪️Адам көп жиналатын жерлерде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде ақпарат берді;

▪️Көші-қон ісін бақылау жұмыстары жайында есеп берді. Жыл басынан бері елімізге 4,2 млн шетел азаматы келіп, оның 4 млн-ға жуығы шекарадан кері шыққан;

▪️Ұйымдасқан, кибер және есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл жөніндегі, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың алдын алу, су тасқыны салдарын жою, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кезектен тыс аттестациялау бағыттарындағы тапсырмаларының орындалу барысын таныстырды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Абай мұрасы

Абай іліміндегі өмір мақсаты не?

Досым Омаров 1449
Ой түрткі

Әлмерек абыздың оралуы - Елге діннің оралуы

Бақтыбай Айнабеков 2323
Көршінің көлеңкесі

Ресей тілдік һәм саяси экспансияны қалай жүргізді?

Бейсенғазы Ұлықбек 2327