Жексенбі, 24 Қараша 2024
Билік 4673 6 пікір 15 Мамыр, 2024 сағат 15:03

Маңғыстаудағы ауыс-түйіс: Ноғаевқа тықыр таянды ма?

Коллаж: Abai.kz

Бүгін елішілік саясатта бірқатар ауыс-түйістердің аңдатпасы айтылды. Кадрлық өзгерістердің дені Маңғыстау облысында байқалады. Сонымен, қызмет ауыстырып жатқандар кімдер? Қараңыз:

«ҚазМұнайГаз» басшысы ауысты: Мырзағалиев неге қуылды?

Коллаж: Abai.kz

«ҚазМұнайГаз» АҚ басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиевті Асхат Хасенов алмастырды.

«Самұрық-қазына» әл-ауқат қоры басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов «ҚазМұнайГаз» АҚ ұжымына төраға міндетін атқарушы Асхат Хасеновті таныстырды. Ол «ҚазМұнайГаз» АҚ акционерлерінің кезектен тыс басқосуының мерзімі белгілі болғанға дейін басқарма төрағасы міндетін уақытша атқарады. Ары қарай акионерлер шешімімен тағайындау процесі болады», - делінген ресми хабарламада.

Асхат Хасенов 2022 жылдың қаңтарынан бері ҚР Энергетика вице-министрі қызметін атқарып келген.  41 жастағы Хасенов 2019-2022 жылдары «ҚазМұнайГаз» АҚ құрылымында жұмыс істеген.

Ал 45 жастағы Мағзұм Мырзығалиевтің қайда баратыны белгісіз. Ол әр жылдары ҚР Энергетика министрі, ҚР Президентінің көмекшісі, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі қызметтерінде болған.

«Орда» сарапшыларының пікірінше, «Мағзұмның қызметтен алынуы – қойылған міндеттерді атқара алмағандығында».

«Мырзығалиевтің қызметтен шеттетілуінің бірнеше себебі бар. Соның біріншісі: «ҚазМұнайГаз» шығынға батып отыр. Оның еншілес компаниялары шығынға батып, миллиардтаған сомаға мемдотация жасауда. Мысалы, «Өзенмұнайгаз» 60 млрд теңгеге дотация жасауға тураы келді.

Екінші себеп: Маңғыстаудағы жағдайдың бірқалыпты еместігі. Онда әртүрлі топтардың ықпалы мен мүдделері бар. Тендерлерге таласқан кландардың тартысы, мұнай саласындағы келісімшарттар т.б. Мұның барлығы бұрыс әлеуметтік және бизнес климат қалыптастыратын факторлар. Оған тоқтаусыз ереуілдерді қосыңыз. Мұндай жұмысшы ереуілдерін көбіне кәсіпорныдардың өздері ұйымдастырады.

Мырзағалиевтің қызметтен алынуының тағы бір себебі: «ҚМГ» мен стратегиялық инвесторлар арасындағы келіспеушілік. Қазақстан «NCOC» компаниясымен соттасып жатқанда, қазынаға түспей, тұралап тұрған 138 млрд теңге пайда үшін жауапты адам – осы Мырзағалиев болмақ», - деп жазады «Орда» сайты.

Коллаж: Abai.kz

Маңғыстау: Күштік құрылым басшылары қызметтен алынды

Маңғыстау облысы Полиция департаментінің бастығы Аян Дүйсембаев қызметінен алынды. Онымен бірге күштік құрылым түгел дерлік қызметтен шеттетілді.

Маңғыстау облыстық ПД бастығы Дүйсембаевтың ізін баса, облыстың бас прокуроры Руфат Құттықов та қызметтен алынған.

Маңғыстау облыстық ҰҚКД бастығы Бақытжан Валениязов та қызметінен алынған. ҚР ҰҚҚ: «Ол қызметтен қуылған жоқ. Бұл кәдімгі кадрлық ротация. Бақытжан Валениязов қызметін басқа өңірде жалғастырады», - деп хабарлады.

Сурет: lada.kz

Ноғаевқа да тықыр таяды ма?

Блогер Ербол Еділов: «Бүгін Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев қызметінен кетуі мүмкін», - деп жазды.

Алайда, ресми ақпарат әлі жарияланған жоқ. Десе де, ұзын-құлақтан жеткен әңгіме шындыққа жанасады. Сарапшылар, Маңғыстаудағы бұл ауыс-түйістердің бірнеше себебі болуы мүмкін екенін айтады. Соның бірі – «ҚМГ» басшылығының ауысуы болса. Тағы бір басты себеп - Маңғыстаудағы Жетібай мұнай кенішінің 500-дей жұмысшысы желтоқсанның басынан бері ақ қар, көк мұзда далада тұрып, бірнеше ай ереуілдеткені дейді.

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3258
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5562