Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3079 0 пікір 9 Желтоқсан, 2013 сағат 09:12

Қазақстанға Майдан керек пе?

Украинададағы «Евромайдан» әлі жалғасып жатыр. Кеше, яғни, 8 желтоқсан күні шерушілер Бессарабс алаңындағы Лениннің ескерткішін құлатып, оның орнына Украина мен Еуро одақтың туын қойып, шам жаққан.

Украина халқын Майданға алып келген де осы құлдық санадан дер кезінде құтылғандығы. Ющенконың тұсында «Голодомор»-ға саяси баға беріліп, оны геноцид деп бағалап, әлем назарына шығарды. Мұнымен тоқтамай, Украин тілінің мәртебесін көтеріп, совет өкіметінен қалған ескерткіштерді жаппай жойып, көшелердің аттарын ауыстырды. Бір сөзбен айтқанда, халықты құлдық санадан құтқарудың жолына түсті. Міне, бүгін Украин халқы құлдықтан азат сананың жемісін көріп, мемлекет пен ұлт мүддесі сынға түскен шақта ақырып алаңда тұрғанына 18 күн болды.

Тіпті, әйгілі украиндық ағайынды боксшылар Кличколарда халықты қолдап, Майданда жүр.

Ал, бізде ше? Бізде тыныштық...

Негізі, қоғам бұлқынғысы келеді. «Күш қазандай қайнайды, күресуге дәрмен жоқ». Мәселен, Ленин ескерткіші «Сарыарқа» кинотеатрының артында әлі тұр... Мирзоянды әрең ауыстырды. Фурмановтың түсер түрі жоқ. Ашаршылыққа саяси баға берілмек түгілі, Алматыда ескерткіш орнатылады деген жерде қара тас қана тұр. Қара тас кімнің басына қойылған құлыптас? Соның иесі...

Қазақстанда халықты құлдық санадан құтқару туралы әрегідік айтылып қана келеді. Іс жүзінде ешнәрсе жасалған емес. Әнеугүні ұлттық тарихты насихаттауды бастап, билік отарсызданудың нышанын жасаған еді, іле оның да тірсегін қиып жіберді. Қияды, өйткені, Қазақстанда мемлекеттік Тәуелсіздік болғанымен, саяси жүйесі өзгермеген. Жүйе - сол баяғы советтік-коммунистік, париялық кадрлардың қолында.

Демек, тарихи санасы жаңғырмаған ұлтқа Майдан да жоқ. Тек өзгелердің майданына тамсанып отыра береді. Керек десеңіз, Қазақстандағы Майданның уақыты өтіп кеткен болуы да мүмкін...

Ал, Сіз құлыптасқа қарап отырасыз...

Айтпақшы, Киевтегі Майданнан Қазақстанның туын да көруге болады. Оны ұстаған – Мұхтар Тайжан. Кешелі бері қасына бірнеше жігіттер ерткен Мұхтар евромайданның белортасында жүр.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5353