Жексенбі, 24 Қараша 2024
964 0 пікір 20 Мамыр, 2024 сағат 16:03

Былтыр Қазақстан курорттарында 3,8 млн-нан астам адам демалған

Сурет: ҚР Спорт және туризм министрлігі

Статистикалық деректерге сәйкес, 2023 жылы еліміздегі 19 курортты аймақта 3,8 млн адамнан аса турист демалған. Бұл көрсеткіш алдыңғы жылмен салыстырғанда 311 мың адамға өскен.

Нәтижесінде курортты аймақтардағы қонақ үйлер былтыр 130 млрд теңгеден астам табыс тапты.

Туристер арасында Алматы тау кластері – ең танымал орындардың бірі. Былтыр бұл курортты аймаққа 2,3 миллионнан астам адам келген. Кейінгі орындарға Маңғыстау курортты аймағы (356,2 мыңнан астам адам), Щучье-Бурабай курортты аймағы (305,4 мың адам) және Абай облысының Алакөл көлі жағалауы (205,8 мың адам) жайғасқан.

«Жыл сайын отандық курорттарда демалатын туристер саны артып келеді. Бұл еліміздегі аталған аймақтардың тартымдылығын және Қазақстанның туристік әлеуетіне қызығушылықтың артқанын аңғартады. Біздің мақсатымыз – әрбір қонақ еліміздің ыстық ықыласы мен қонақжайлылығын сезінуі үшін туристерді қабылдау шарттарын одан әрі жетілдіру», - деп атап өтті ҚР ТСМ Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Нұртас Кәріпбаев.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1495
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3266
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5608