Дүйсенбі, 14 Қыркүйек 2026
2280 1 пікір 20 Мамыр, 2024 сағат 16:06

Шымкентің бұрынғы әкімі 8,5 жылға сотталды

Сурет: Qaz365.kz сайты

Шымкентте қала әкімінің орынбасары болған Мақсұт Исахов 8 жыл 5 айға бас бостандығынан айырылды, ол өмірінің соңына дейін мемлекеттік қызмет атқару құқығынан айырылды.

Бұған дейін Шымкент әкімінің экс-орынбасарына қатысты дерек қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта қаралып жатқанын жазғанбыз.

Шенеунік өткен жазда ұсталған болатын. Исахов Шымкент қалалық Ұлттық қауіпсіздік департаментінің бірінші орынбасары Манат Сарбасовқа 200 мың доллар пара бермек болған. Прокурор Мұхтар Арыстановтың айтуынша, әкім орынбасары өз адамы арқылы қаладағы дүкендердің біріне 200 мың долларды пакетпен бірге тастап кетеді. Бұл қомақты қаражатты Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері тәркілеген.

Дереккөзі: Qaz365.kz

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1161
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2687
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 802
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 776