Жексенбі, 24 Қараша 2024
Әдебиет 1924 1 пікір 21 Мамыр, 2024 сағат 10:13

Ерте заман Қытайдың әйгілі ақындары

Коллаж: Abai.kz

Бай Жұй ий (772-846 ж.) Таң дәуірінің ақыны.

Сурет мақала авторының ұсынуымен жарияланды.

Бай Жұй-ий, ұлты қытай, қалам аты Ли Тиян, қазіргі Шанши өлкесінің адамы. Қытай ерте заман поэзиясының негізін салған көрнекті ақындардың аға тұлғасы, жыл санауымыздағы 772 жылы туылып, 846 жылы қайтыс болған. Дарынды ойлы, таланты тұлға жас кезінде мемлекеттік емтиханнан саңлақ болып сарапталып, патша ордасының қаламгер-хатшылар уәзірлігінің кітап-білім сарапкері, сол қол уәзірі қатарлы мәнсаптарда болған. 815 жылы Юан Хың уәзір қастандыққа ұшырағанда жендетті ұстау жөнінде патшаға дәттеме жазғандығы үшін Жияңжоуға сүргінделген. Кейін ақталып, қайтадан патша үкіметінде мансаптарға міндеттелген.

Бай Жұй-ий ақын Ли Бай, Ду Фулармен бір дәуірде жасаған әрі Таң дәуірінің, сондай-ақ жалпы қытай  ерте заман әдебиетінің арнаға түсуіне көрнекті үлес қосқан Қытай әдебиетінің алып тұлғаларының атойшысы ретінде 3800 ден астам өрелі өлеңдер жазып қалдырған ақын.  Оның қазірге жеткен 3600 өлеңі бар.

Бейжіңде тұратын қандасымыз, ақын, журналист, аудармашы Қанатбек Жұмабайұлының Бай Жұй-ий өлеңдері ішінен аударған таңдамалы өлеңдерін назарларыңызға ұсынып отырмыз.

Дала шөбі

Дала көркі далада өскен шөп дейді,
Көктер-қурар, ешкім көз жас төкпейді.
Дала өрті жалмағанмен, келер жыл –
Көктем желі ессе тағы көктейді.

Көз ұшында көне керуен жолынан,
Із көрінбес басқан көк шөп молынан.
Одан ары бағзы қала шөп басқан,
Не келеді тағдырға адам қолынан?

Көк орайлы көктем жасыл масаты,
Қоштасуға келіп солай асаты.
Аттандырдым абзал досты мұңайып,
Көңілде жоқ көктемнің наз-насаты.

Сурет мақала авторының ұсынуымен жарияланды.

野草

离离原上草 一岁一枯荣.
野火烧不尽 春风吹又生.
远芳侵古道 晴翠接荒城.
又送王孙去 萋萋满别情 。
现代汉语译文:

古原上的野草乱生乱长,
每年春来茂盛秋来枯黄。
任凭野火焚烧不尽不灭,
春风一吹依旧蓬勃生长。

远处芳草掩没古老驿道,
延至荒城一片翠绿清朗。
春绿草长又送游子远去,
萋萋乱草可比满腹离伤。

Чиантаңжияң жағасындағы көктем

Шиху көлі жағасында келемін,
Кейде тоқтап, кейде баяу желемін.
Терістікте самалдығы Жиячуанның,
Аңғартқандай дертті күндер дерегін.

Көл толқиды жағаменен теңесіп,
Айтсам дейме келелі сөз кеңесіп.
Арман құшып бара жатыр аспанда,
Тоқымдай бұлт тоқтатқызбай жел есіп.

Азан айтып ағармастан әлі жер,
Теректе жүр мысық торғай жадыгер.
Қос қарлығаш балшық тасып аузымен,
Дөдөгеге ұя салып әбігер.

Көктем ару көзі барды арбайды,
Дала көркін көрсең ұмыт бар қайғы.
Балауса шөп ат тұяғын жасырған,
Тапталғанын айтып жылап қарғайды.

Шиху көлі жағасында құба таң,
Сұлулықты құшағыма құлатам.
Саясында жатып жасыл теректің,
Ақ қайраңға көз салғанды ұнатам.

Сурет мақала авторының ұсынуымен жарияланды.

孤山寺北贾亭西,
水面初平云脚低。
几处早莺争暖树,
谁家新燕啄春泥。

乱花渐欲迷人眼,
浅草才能没马蹄。
最爱湖东行不足,
绿杨阴里白沙堤。

现代汉语译文

绕过孤山寺以北漫步贾公亭以西,
湖水初涨与岸平齐白云垂得很低。
几只早出的黄莺争栖向阳的暖树,
谁家新飞来的燕子忙着筑巢衔泥。
野花竞相开放就要让人眼花缭乱,
春草还没有长高才刚刚没过马蹄。
最喜爱湖东的美景令人流连忘返,
杨柳成排绿荫中穿过一条白沙堤。

Тау басында ашылған шаптол гүлі

Сәуір айы сәулет бұға, сән бұға,
Гүл солады, көңіл жүдеу, ән жұда.
Шың басында бұлт қымтаған бұтхана,
Шаптол гүлге көз тігемін сұқтана.

Өмірінде өкініш деп өткенге,
Арман құшып қош деп талай көктемге.
Жастық шақты бұлақ деппін сарқылмас,
Бұдан ащы ең өкініш артылмас.

Сурет мақала авторының ұсынуымен жарияланды.

人间四月芳菲尽,
山寺桃花始盛开。
长恨春归无觅处,
不知转入此中来。

现代汉语译文
在人间四月里百花凋零已尽,
高山古寺中的桃花才刚刚盛开。
我常为春光逝去无处寻觅而怅恨
却不知它已经转到这里来。

Көмір сатқан кәрі шал

Бір кәрі шал ешкім жоқ онымен тіл қататын,
Наншан таудан жыл бойы ағаш тасып жататын.
Ағаштарды күйдіріп, айналдырып көмірге,
Таң бозынан базарға тасып барып сататын.

Беті-жүзі қап қара, түтінменен ысталған,
Екі самай ақ қырау, ғұмыр шолақ қысқарған.
Тырмалаумен көмірді тырнақтары қарайған,
Бейшара шал бейнетті дүниеден тыс қалған.

Көмір сатып тынымсыз, тиін-тебен табады,
Аш құрсақты тойғызып, жыртық иін жабады.
Қар жауса деп қалыңдап, күн суытса деп тілеп,
Таң бозынан дірдектеп, бұл шал дедек қағады.

Өгіз шегіп арбаға жөнеледі базарға,
Көк мұз, қалың қасат қар, азап адым жазарға.
Өгіз шаршап, адам аш, қала қақпа оң түстік,
Отырады кәрі шал, ілмейді ешкім назарға.

Екі атты адам тебітіп, тайап келер қасына –
Орда әтегі, даяшы, сөз сөйлейді басына.
Қолдарында қағаз бар, дейді патша жарлығы,
Орда жаққа арбаңды айда дейді асыға.

Арба толы көмірді таудай болып үйілген,
Жүргіз дейді зіркілдеп әтек қамшы үйірген.
Қимағанмен арзанға амалы не кәрі шал,
Қырсық біз боп піскілеп, пәле түртсе бүйірден.
Әкіреңдеп әтектер қызыл торғын тастайды,

Жарты құлаш онысы, жарым құннан аспайды.
Мүйізіне өгіздің байлай салып, «жүр!» дейді,
Көнбей қайтер кәрі шал, байтал түгіл бай қайғы!

Сурет мақала авторының ұсынуымен жарияланды.

卖炭翁

卖炭翁,伐薪烧炭南山中。
满面尘灰烟火色,两鬓苍苍十指黑。
卖炭得钱何所营?身上衣裳口中食。
可怜身上衣正单,心忧炭贱愿天寒。
夜来城外一尺雪,晓驾炭车辗冰辙。
牛困人饥日已高,市南门外泥中歇。
翩翩两骑来是谁?黄衣使者白衫儿。
手把文书口称敕,回车叱牛牵向北。
一车炭,千余斤,宫使驱将惜不得。
半匹红纱一丈绫,系向牛头充炭直。

现代汉语译文

有位卖炭的老翁,整年在南山里砍柴烧炭。
他满脸灰尘,显出被烟熏火燎的颜色,两鬓斑白十指漆黑。
卖炭得到的钱用来干什么?
换取身上的衣服和填肚的食物。
可怜他身上只穿着单薄的衣服,
心里却担心炭不值钱希望天更冷些。
夜里城外下了一尺厚的大雪,
拂晓他急忙驾着炭车轧着冰路往集市上赶去。
牛累了,人饿了,但太阳已经升得很高了,
他就在集市南门外泥地中歇息。
那得意忘形的两个骑马的人是谁啊?
是皇宫内的太监和太监的手下。

他们手里拿着文书嘴里称是皇帝的命令,吆喝着牛朝皇宫拉去。
一车的炭,一千多斤,太监差役们硬是要赶着走,
老翁百般不舍,却又无可奈何。
那些人把半匹红纱和一丈绫,
朝牛头上一挂,就充当买炭的钱了。

Көктем самалы

Ерке көктем самалы, есіп бетті үрледі,
Ең алдымен бақтағы шытыр гүлдер бүрледі.
Шие, өрік гүл ашып, алмұрт шаптол жарыса,
Жанға жайлы көктеменің баяу есіп тұр лебі.

Дала гүлдің теңізі, ауыл көркі тамаша,
Ән салады алуан құс тамылжытып жараса.
Самал соқты мен үшін дейді бәрі қызғанып,
Сағындырған көктемнің самалына таласа.

Сурет мақала авторының ұсынуымен жарияланды.

春风先发苑中梅,
樱杏桃梨次第开。
荠花榆荚深村里,
亦道春风为我来。

现代汉语译文

春风先吹开了京城花园中的早梅,
继而让樱杏桃梨也竞相绽放,
令人感到生机盎然。
春的来临同样也给乡村送去了欢笑,
春风拂过,田野里开放的荠花榆荚欢呼雀跃,
欣喜地称道:“春风为我而来!

Қыстақ кеші

Қырау ұрған қылаң күзде сұрлана,
Жәндік жасық үні шыққан ұрлана.
Қыстақ кезген сабылыстар саябыр,
Құлаққа ұрған танадай боп тұр дала.

Қақпа алдына шықтым, үйден жалықтым,
Көз алдымда кең далаға қанықпын.
Ай нұрында аппақ қара құмықты,
Алғашында қар жауды деп қалыппын.

Сурет мақала авторының ұсынуымен жарияланды.

霜草苍苍虫切切,
村南村北行人绝。
独出前门望野田,
月明荞麦花如雪。

Тырна тірлігі

Саяқ тырна қосылмай шоғыр көпке,
Жалғыз қанат қағады зеңгір көкте.
Жер бетінде жемтікке көз салмайды,
Сасық бастау, шіріген селдір шөпке.

Тәкаппар құс сенген қос қанатына,
Қарға-құзғын қосылмас санатына.
Он неше жыл осылай ұшты жалғыз,
Әнін тастап ақша бұлт қабатына.

Жаза басып бір күні аран ашып,
Қолға түсті қапыда қара басып.
Шалшық суға таласып шалпылдатып,
Тауықтармен жем жеді араласып.

Ертелі кеш жер шұқып жем іздеді,
Жемтік түртті, аштық не жегізбеді.
Қарға-тауық, қаз-үйрек деп бөлмейді,
Қожайынға керек тек семіздері.

Құпия көп жаһанда көз көрмейтін,
Қасиет жоқ туадан өзгермейтін.
Құлқын үшін құл болған есілдер-ай,
Сөгіс айтсаң кеудені сөз кернейтін.

Сурет мақала авторының ұсынуымен жарияланды.

鹤有不群者,飞飞在野田。
饥不啄腐鼠,渴不饮盗泉。
贞姿自耿介,杂鸟何翩翾。
同游不同志,如此十余年。
一兴嗜欲念,遂为矰缴牵。
委质小池内,争食群鸡前。
不惟怀稻粱,兼亦竞腥膻。
不惟恋主人,兼亦狎乌鸢。
物心不可知,天性有时迁。
一饱尚如此,况乘大夫轩。

Қалың қар жауған түнде

Түн ортасы, ұйықтап жатқан езіліп,
Бір уақытта жастық мұздай сезіліп.
Шошып кетіп көзімді ашқан шағымда,
Терезе тұр малынып нұр сағымға.

Содан білдім қалың қардың жауғанын,
Жаусын дедім аппақ болып аумағым.
Қар көтермей, сынды бамбұк бұтағы,
Ұйқым келмей төсегімде аунадым.

Сурет мақала авторының ұсынуымен жарияланды.

夜雪

已讶衾枕冷,
复见窗户明。
夜深知雪重,
时闻折竹声。
现代汉语译文

夜卧枕被如冰,不由让我很惊讶,
又看见窗户被白雪泛出的光照亮。
夜深的时候就知道雪下得很大,
是因为不时地能听到雪把竹枝压折的声音

Қарағай жыры

Аспан төккен ақ маржаннан нәр алып,
Жап-жасыл боп қарағай тұр нар алып.
Табиғаттың екпесі ол ежелгі,
Табиғаттан пайда болған жаралып.

Баяу ескен батыс желі ырғайды,
Қарағайлар тартады күй сырнайды,
Түн ішінде түріп құлақ бір ақын,
Қарағайға үндес болып жырлайды.

Сурет мақала авторының ұсынуымен жарияланды.

松树

白金换得青松树,
君既先栽我不栽。
幸有西风易凭仗,
夜深偷送好声来。

Бай Жұй ий өлеңдерін қытай тілінен тәржімалаған Қанатбек Жұмабайұлы.

Дайындаған Әлімжан Әшімұлы.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5568