Сейсенбі, 15 Қыркүйек 2026
2294 1 пікір 21 Мамыр, 2024 сағат 17:58

Су тасқынынан зардап шеккен оқушылар емтиханнан босатылды

Сурет: egemen.kz

Су тасқынынан зардап шеккен 3,5 мыңнан астам оқушы аралық және қорытынды емтиханнан босатылады, деп хабарлайды Abai.kz.

Үкімет отырысында бұл туралы хабарлаған ҚР оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев аталмыш оқушылардың үш өңірден, яғни  Атырау, Ақтөбе және Солтүстік Қазақстан облыстарының білім алушылары екендігін нақтылады.

Оқушылардың қорытынды бағасы жылдық бағалары негізінде шығарылады.

«Су тасқынынан зардап шеккен және ауа райының қолайсыздығына байланысты қыс мезгілінде қашықтан оқыған 2622 мектептің 832 мың оқушысы үшін 27-31 мамыр аралығында «Жазғы мектеп» жұмысы ұйымдастырылады. Жазғы мектепті ұйымдастырудың негізгі мақсаты – оқушы біліміндегі олқылықтардың орнын толтыру арқылы білім сапасын арттыруға бағытталған», - деді Оқу-ағарту министрі.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1189
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2718
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 838
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 808