Жексенбі, 24 Қараша 2024
936 0 пікір 21 Мамыр, 2024 сағат 18:07

Құлсары тұрғындары мал үшін өтемақыны мамырдың соңына дейін алады

Сурет: adyrna.kz

Су тасқыны салдарынан Жылыой ауданында су тасқыны кезінде барлығы 876 бас ұсақ және ірі қара мал зардап шеккен.

Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабтың хабарлауынша малынан айрылған 101 тұрғыннан өтініш келіп түскен. Олар:

  • 93 бас ірі қара мал;
  • 697 бас ұсақ мал;
  • 55 бас жылқы;
  • 31 бас түйе;
  • 532 құс.

2024 жылдың 20 мамырынан бастап малынан айрылған 23 иесіне жалпы сомасы 25,6 млн теңгеге өтемақы төленді.

"Су тасқыны кезінде малы зардап шеккен қалған 78 тұрғынға ақшалай өтемақы ағымдағы айдың соңына дейін төленеді. Төлемдердің жалпы сомасы 93,5 млн теңгені құрайды", – деді Жылыой ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Нұртас Қуатбаев.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3260
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5583