Жексенбі, 24 Қараша 2024
Әдебиет 2594 1 пікір 27 Мамыр, 2024 сағат 15:58

Исабеков әлемі Нобель отанында

Коллаж: Abai.kz / суреттер Мәдениет журналынан алынды

Стокгольм қаласында Дулат Исабековтің шығармашылығына арналған әдеби кеш өтті.

Бұл – швед еліндегі қазақ әдебиетін дәріптеген тұңғыш шара. Бұл елде осы уақытқа дейін, тіптен, Орта Азия елдерінің де әдебиетіне арналған кеш өтпеген екен.

Кешке швед жазушылар одағы мүшелері, баспа үйлерінің редакторлары, әдеби сыншылар, театр мамандары, филология факультетінің оқытушылары, елшілік пен түрлі диаспора өкілдері, қазақ қоғамы мен БАҚ өкілдері қатысты.

Шара аясында онлайн режимінде автормен сұхбат жүргізілді, оның өмірі мен шығармашылығы бойынша деректі фильм көрсетілді.

Кеште Д.Исабековтің швед тілінде шыққан "Brännande Sol, Isande Vind, Levande Stäpp" кітабы жөнінде сыншылар пікір айтып, оқырман өз әсерін ортаға салды. Аталған жинаққа жазушының "Гауһар тас", "Өкпек жолаушы", "Біз соғысты көрген жоқпыз" секілді бес хикаяты мен екі әңгімесі енген.

Стокгольмдегі қазақ диаспорасының өкілдері өнер көрсетті.

Кештен кейін ұйымдастырылған фуршет кезінде қонақтардың Дулат Исабековтің туындылары жөніндегі оң пікірлері жалғасын тауып жатты. Әсіресе, "Өкпек жолаушыдағы" жалғыздық тақырыбы көп қозғалды.

Швед зиялы қауымы Исабековтің пьесаларын өз елінде сахналау, оның шығармаларының желісімен түсірілген фильмдерді қазақ тілінде ағылшынша субтитрмен көрсету, повестерін жеке-жеке кітапша етіп шығарып, мектептерге тарату бойынша ұсыныстар айтуда. Қазақ әдебиетінің апталығын ұйымдастыру, қазақ-швед әдеби байланысын нығайту жөнінде де идея қозғалды.

Бұған дейін Ресей, Грузия, Корея, Түркия, Болгария, Англия, Австралия елдерін баураған туындылар, ендігі жерде Скандинавия елдерінде де өз бағасын алды.

Алдағы уақытта швед оқырмандарынан талай пікірлер жазылып, Исабеков әлемінен рухани ләззат аларына сенім мол.

Ол пікірлер аударылып, қазақ халқына да жол тартатын болады. Солардың бірі – танымал сыншы Юкико Дукенің пікірінен үзінді:

Dulat Isabekov är en modern representant för
det historiska Kazakstan, som till stor del bevarat
sina urgamla traditioner till vår egen tid. Härifrån
har han hämtat sin inspiration och sina gestalter.
”Med en stor portion ömhet tecknar Isabekov sina
porträtt av stoiska och kraftfulla människor som
uthärdar prövningar med jämnmod. Med sin lyris-
ka prosa och sitt intresse för vanliga människors liv
ansluter Isabekov till den stora ryska, litterära tra-
ditionen med namn som Gogol och Gorkij.”
Yukiko Duke

"Дулат Исабеков – дәстүр-салтын осы заманға дейін сақтаған тарихи Қазақстанның заманауи өкілі. Ол шабыты мен кейіпкерлерін өз дәуірінен алады.

Исабеков өз шығармаларында тағдыр сынақтарына төзімді қарапайым да ұлы адамдардың бейнесін асқан шеберлікпен сомдайды. Оның лирикалық прозасындағы қарапайым адамдардың өмірге құштарлығын суреттеуі орыстың ұлы жазушылары Горький мен Гоголь шығармашылығымен астасады". Юкико Дуке

Жергілікті БАҚ өкілдері кеш жөніндегі материалдарды жариялауда.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3258
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5560