Жексенбі, 24 Қараша 2024
1134 4 пікір 30 Мамыр, 2024 сағат 11:24

Малдың жүні далада жатыр

Сурет: baibolsyn.kz

Ақтөбедешикізатты тапсыратын зауыт жоқ. Нәтижесінде, шаруалар малдың жүні мен терісін далаға лақтырып жатыр. Бұл туралы Abai.kz хабарлайды.

Жылына 3 мың тоннадан астам қой жүні өндірілсе, соның 90%-ы іке аспайды. Төрт түлікпен күн көріп отырған шаруа қожалық өкілдерінің бұл мәселесі жылдан жылға созылып келеді.

Мәселен қой жүнін қырқатын адамға әр қой үшін 800 теңгеден төленеді, алайда ірі қараның терісі мен ұсақ малдың жүні қоқыста тасталынып жатыр.

"Жылда сойылып жатқан сиырдың, ірі қара малдың терісін далаға тастап жатырмыз. Жүндерін де тастап жатырмыз. Жылда осындай проблема. Өртейміз. Қалғаны жатады. Көміп тастаймыз. Көріп тұрсыздар. Жылына 100 бастай ірі қара соямын. Соның терісін бәрін лақтырып тастаймыз. Бәрімізде бір талап: жүнді алып, қайта өңдесін", – деді шаруа қожалығының басшысы Талғат Нұржігітов.

Шаруалар меринос тұқымды қойдың жүні нарықта сұранысқа ие екенін айтады. БҰл мәселе қолға алынбаса, ол қойдың тұқымы жойылып кететіндігін ескертеді.

Бұл – облыстағы барлық шаруалардың бас ауруына айналған мәселе. Ал, ауыл шаруашылығы басқармасындағылар қой жүнін өңдейтін зауыт құрылысы биыл аяқталатынын айтты.

"Жүн өңдеу бағытында бүгінгі күні зауыт салуға KAZFELTEC жауапкершілігі шектеулі серіктестігі кірісті. Қазіргі күні құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жоспар бойынша осы жылдың 2024 жылдың желтоқсан айында завод іске қосылуы тиіс. Тері өңдеу жағы да жоспарда тұр. 2025 жылдың желтоқсан айында іске қосылуы керек. Оған біздің индустриялдық зонада жер қарастырылған", – деді Ақтөбе облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы мал шаруашылығы бөлімінің басшысы Панабек Бимұратов.

Ал зауыт іске қосылса, шаруалар шикізатты тиімді бағада тапсыруға дайын отыр.

Abai.kz

 

 

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5552