Олжас Анафин еңбек вице- министрі болып тағайындалды
Олжас Анафин еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлады премьер-министрдің баспасөз қызметі.
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Олжас Сейітбатталұлы Анафин еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметіне тағайындалды» делінген қаулыда.
Айта кетейік, Анафин 2015-2016 жылдары Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың бөлім меңгерушісі болды. 2016-2020 жылдары департамент басшысы, басқарма директоры қызметтерін атқарған. 2020 жылдан бастап осы уақытқа дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Адам ресурстарын дамыту орталығының вице-президенті қызметін атқарды.
Abai.kz