Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3962 0 пікір 24 Желтоқсан, 2013 сағат 04:03

Уаххабиліктің ТМД аумағындағы халықтарға таралу тарихы (жалғасы)

Еділ бойы мұсылмандары да уаххабилік лаңнан таза деп айта алмаймыз. Өткен жазда Татарстан мутиінің жараланып, орынбасары В.Якубовтың өлтірілуі ондағы діни ахуалдың қаншалықты ушыққанын көрсетеді. Мен білетін Валиолла Якубов татар халқының дәстүрлі діні мен салд-дәстүрін, мәдениетін жан-тәнімен қорғаған тұлға еді. Ол өзінің дәстүршілдік  бағыты мен уаххабиліктен келетін қауіпті қандай болатынын «Ислам традиции» атты мақаласында жазған болатын.  Ол мақалада мынадай жолдар бар: «Однако справеделивости ради надо отметить, что реформаторами движет свое понимание проблемы, восхищение протестантизмом, реформами, хотя они не задумываются, хороши ли реформы, полезны ли они, как сотносятся с татарским этносом? ...Задача дня – преодоление евроцентризма в познании реальности, формирование уважения к собственному народу, его достижениям. Иначе же этот странный симбиоз ваххабизма и джадидизма, объединивщихся в атаке на мазхаб и традицию может победить, но среди обедителей, как это всегда бывает, останутся только ваххабиты. Необходимо трезвая оценка, - ради чего и для кого затена вся эта возня, кому это выгодно и что нас ждет. Немецкую интелегенцию привлекали в фашизме патриотизм и возможность реванша, но вместе с ними они получили много еще чего.

Еділ бойы мұсылмандары да уаххабилік лаңнан таза деп айта алмаймыз. Өткен жазда Татарстан мутиінің жараланып, орынбасары В.Якубовтың өлтірілуі ондағы діни ахуалдың қаншалықты ушыққанын көрсетеді. Мен білетін Валиолла Якубов татар халқының дәстүрлі діні мен салд-дәстүрін, мәдениетін жан-тәнімен қорғаған тұлға еді. Ол өзінің дәстүршілдік  бағыты мен уаххабиліктен келетін қауіпті қандай болатынын «Ислам традиции» атты мақаласында жазған болатын.  Ол мақалада мынадай жолдар бар: «Однако справеделивости ради надо отметить, что реформаторами движет свое понимание проблемы, восхищение протестантизмом, реформами, хотя они не задумываются, хороши ли реформы, полезны ли они, как сотносятся с татарским этносом? ...Задача дня – преодоление евроцентризма в познании реальности, формирование уважения к собственному народу, его достижениям. Иначе же этот странный симбиоз ваххабизма и джадидизма, объединивщихся в атаке на мазхаб и традицию может победить, но среди обедителей, как это всегда бывает, останутся только ваххабиты. Необходимо трезвая оценка, - ради чего и для кого затена вся эта возня, кому это выгодно и что нас ждет. Немецкую интелегенцию привлекали в фашизме патриотизм и возможность реванша, но вместе с ними они получили много еще чего. Таким образом, реформаторы помагая сейчас ваххабитам уничтожить мазхаб и связаннуую с ним традиционную толерантность татар, останутся на едине с ваххабизмом со всей его обскурантисткой прелестью предсатвлении: антроморфическим пониманием Бога, ксенофобией и нетерпимостью. Может быть, лущче учиться на чужих ошибках и не повторять пестования пусть и своего «мусульманского» но все же фашизма.»[1] Ол осы күрестің басында болды және осы жолда өзін құрбан етті.

Ал, Қазақстанда уаххабилік ағымның дамып, таралуы өзге аймақтарға қарағанда басқаша сипат алды. Өзбекстан мен Тәжікстанда, Солтүстік Кавказ бен Татарстанда уаххабилерге қарсы күресе алатын дәстүрлі дін өкілдері болды. Ал Қазақстанда дәстүрлі дін өкілдері тәуелсіздік қарсаңында мүлде қалмаған деп айтуға болатын еді. Оның себебі, Кеңес өкіметінің қазақ халқына қарсы бағытталған саясаты қазақ халқын үштен екісінің жойылуына әкелді. Ұлт зиялылар мен дін қайраткерлері түгелге жуық жойылды. Бірлі-жарым қалғандарының жалпы халыққа ықпалы бола қойған жоқ. Ықпал етуге атеистік саясат мүмкіндік бермеді. Тек Маңғыстау өлкесінде жыраулар қазақтың дәстүрлі дінінің өзегін ұстаған тұлғалар болды. Олардың соңы 1980 жылдар басында дүниеден өткен соң, қазақтың дәстүрлі дінінен хабары бар діндарлар қалмады десе болады. Ал медреселерде оқып, білім алған молдалар, олардың ішінде «Мир-и Араб» медресесін бітіргендердің де қазақ халқының дәстүрлі дінінен хабар болған жоқ. Алайда, олар қазақтың дәстүріне қарсы да болған жоқ.

Қазақстан тәуелсіздігінің  алғашқы он жылында сол кездегі Қазақстан Діни Басқармасының муфтиі Р.Нысанбаев сырттан келген діни ағымдардың барлығына дерлік қарсы тұрды. Соған қарамастан, Қазақстанға ислам атын жамылған дін ағымдар көптеп келе бастады. Өзбекстан Республикасында қысымға ұшыраған уаххабилер өкілдері өздерінің жұмыстарының Қазақстан территориясында жалғастырды. Оның үстіне шет жердегі қазақтардан келген Х.Алтай, М.Бұлытай сияқты діндарлар маңына топтасқан жастар, уақыт өте келе,  уаххабилік ағымның белсенді ту ұстарларына айналды.

2000-жылы Р.Нысанбаевтың ҚМДБ басшылығынан кетуі уаххабилердің белсенді әрекетке көшуіне мүмкіндік берді. Уаххабилік бағытта діни кадрлар дайындайтын бірнеше оқу орны ашылды. Алматыда «Руханият» университеті мен «Таиба» колледжі, Шымкентте «Қазақ-Кувейт» университеті мен «Қазақ-Араб» университеті, Сарағаш қаласындағы «Смановтар медресесі» уаххабилік бағыттағы дін қызметкерлерін дайындауды қолға алды. Бұл үдерістен кейбір мемлекеттік жоғарғы оқу орындары да қалыс қалған жоқ . Мысалы, 2002 жылы тамыз айының  19-29 аралығында Абай атындағы Мемлекеттік университетте «Ислам Орталық Азияда: тарихы және қазіргі кезең» деп аталатын конференция өтті.  Конференцияның бас ұйымдастырушылары Ислам елдерінің лигасы (бас хатшысы Абдулла ибн Абу ал-Мухсин ат-Турки) мен Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті болды. Бұл конференцияға ресми ұйымдар тарапынан көңіл бөлініп, Ақпарат министрлігінің департамент бастығы Ғ.Телебеков қатысады.

Бұл кезеңдегі уаххабилер әрекеті жан-жақты ұйымдасқан сипат алды. Қазақ руханиятына ықпал ете алады деген жазушылар, ғалымдар қажылыққа апарылып, уаххабилер уағыздарының  ықпалына түсіп жатты. Ал ондай алдауға түспей, қазақ руханиятын қорғауға ұмтылған санаулы ғана тұлғалар қалды. Уаххабилер өздеріне қарсы шығатын топты ыдыратумен шектеліп қалған жоқ.  Сонымен бірге, уаххабилер жолының дұрыстығын дәлелдейтін ғылыми ізденістер де жүргізіле бастады. Ханафий мазхабының ислам дінің өркендеуіне тигізген кері ықпалы мен салафилердің Исламдағы ең прогрессивті бағыт екендігін дәлелдеген кандидаттық, докторлық диссертациялар қорғалды. Уаххабилер ықпалына түскен ғылым өкілдері мен журналистер, жазушылар уаххабилерді қолдап мақалалар жаза бастады.    Бұл әрекет өзінің улы жемісін берді. Қазіргі күні қазақ және Қазақстанда тұратын мұсылман халықтарының белгілі бір бөлігі уаххабилердің жетегінде кетіп отыр. Мұның қазақ халқына қандай «жақсылық» әкелгенін 2011-2012 жылдары елімізде орын алған діни-экстремистік топтардың тарпынан жасалған террорлық  әрекеттер көрсетіп берді. Соған қарамастан, уаххабилер-салафийлер  әлі күнге дейін Қазақстанда тыйым салынған діни ағымдар санатына кірмей отыр. Мемлекеттік органдарға кіріп алған уаххабилер өкілдері өздерінің қазақтың дәстүрлі діни танымына қарсы күресін тоқтатқан жоқ. Тыйым салмақ түгіл халық арасына уаххабилік идеологияны таратудың негізгі құралына айналған «Асыл арна» телеарнасы өз жұмысын жалғастыруда. Бұл Қазақстан Республикасында әлі күнге қазақ халқының дәстүрлі діні қайсы екендігін анықтай алмағандығын көрсетеді. Оның басты себебі, қазақ халқының дәстүрлі діни танымының өзегі сопылық ілімді Исламға жатпайды деген уаххабилер тұжырымы болып отыр. Рас, біздің шариғаттағы жолымыз Ханафий мазхабында, сенімдік жолымыз Имам Матуриди жолында деп айта бастадық. Одан ары қазақ халқының бүкіл әдет-ғұрып, салт-дәстүріне негіз болған сопылық жолдың түркілік бағыты – Йасауи жолы мойындалмай келеді.

Қорыта айтқанда, уаххабиліктің ТМД елдері аумағына таралу тарихы осындай. Біз бұл мәселеге тереңдеп бармай, үстіртін шолып өттік. Соның өзі уаххабилік идеология ықпалының  халық әлі санасына ықпалының бәсеңдемегенін көрсетті. Мұның да өзіндік себептері бар. Ол әлі күнге өз тәуелсіздігін алмаған мұсылман халықтарының уаххабилікті өздерінің тәуелсіздігі жолындағы күресінің негізгі идеологиясына айналдырмақ ниетімен тікелей байланысты болып отыр. Евразия кеңістігіндегі осы діни-саяси үдерісте Қазақстанның белсенді роль атқара бастағанын көруімізге болады. Қазіргі күні қазақ жерінде дайындалған террористік топтар Солтүстік Кавказда, Ауғанстан жерінде, Сирияда әркет етуде. Бұл Қазақстанның ішкі діни-рухани ахуалының қауіпті шепке жақындап бара жатқанын көрсетеді.

Зікірия Жандарбек, тарих ғылымдарының кандидаты

Түркістан қаласы

Соңы

Abai.kz


[1] Httf://ansar.ru/arhives/ left.html    3.11.2004.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1460
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3228
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5292