Сейсенбі, 22 Қыркүйек 2026
2147 0 пікір 6 Маусым, 2024 сағат 16:30

Су тасқынынан қырылған мал шығыны толық өтелді

Сурет: ТЖМ

Елдегі су тасқыны салдарынан ондаған ауданда төтенше жағдай жарияланып, 12 450 мал қырылған. Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин елімізде су тасқыны кезінде қырылған мал шығындары толықтай өтелгенін айтты, деп хабарлайды Abai.kz.

Вице-министрдің сөзінше тасқын басталған сәттен бастап жедел түрде шаралар қабылданып, 2024 жылғы 7 сәуірде республикалық штабта суға кеткен мал шығындарын өтеудің алгоритмін бекітілген.

Алгоритм мен қағидаттарға шығынды бюджеттен және бюджеттен тыс қаражат есебінен өтеу көзделген.

Су тасқыны кезінде 140 мыңға жуық мал қауіпсіз жерге көшірілді. Бүгінде жергілікті атқарушы органдардың жедел деректері бойынша республикада 12 450 мал қырылған, барлық өлексе жойылды, залал 100% пайыз өтелді, - дейді ол.

 Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1385
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2965
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1032
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 968