Сейсенбі, 20 Қазан 2026
2077 0 пікір 10 Маусым, 2024 сағат 17:11

Самокат жүргізушілері жыл басынан бері 7 500 рет жол ережесін бұзған

Сурет: turanews.kz

Алматыда жыл басынан бері самокаттардың қатысуымен 38 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 42 адам зардап шекті. Бұл туралы Abai.kz хабарлайды.

Самокаттардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғалары жиілеп кетуіне байланысты Алматы полициясы жол қозғалысына қатысушыларға үндеу жасады.

 "Қала тұрғындарының жайлы және қауіпсіз өмір сүруінің маңызды факторы – жол қауіпсіздігі. Алматы полициясы профилактикалық іс-шараларды күшейтті, оның басты мақсаты – оған қатысушылар арасында жол қозғалысы қауіпсіздігі талаптарының сақталуына бақылауды күшейту және жол-көлік оқиғаларын азайту", – делінген хабарламада.

Қазіргі таңда қалада 50 мыңнан астам самокат бар. Жыл басынан бері самокат жүргізушілерінің жол жүру ережесін бұзуына қатысты 7 500 әкімшілік хаттама толтырылған.

 Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 1096
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1500