Сенбі, 23 Қараша 2024
1015 1 пікір 21 Маусым, 2024 сағат 16:00

Олжас Бектенов: 8 мыңнан астам адамға жаңа пәтер беріледі

Сурет: kommersant.ru

Премьер-министр Олжас Бектенов ҚР Парламенті Палаталарының бірлескен отырысында су тасқыны салдарымен күрес қалай жүріп жатқанын баяндады. Бұл туралы Abai.kz хабарлайды.

Су тасқыны салдарынан 12 мың үй мен 26 мың саяжай су астында қалған, 98 үй әлі күнге дейін су астында.

"33 141 Қазақстан азаматы 100 АЕК мөлшерінде біржолғы төлем алды. Бұл мақсатқа бюджеттен 12 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді. 8 мыңнан астам үй апатты деп танылды, сондықтан олар бойынша қайталама нарықтан жаңа пәтерлер немесе үйлер сатып алу туралы шешім қабылданды" – деді Үкімет басшысы.

Бүгінгі таңда 3 155 отбасы қираған тұрғын үйдің орнына жаңа үйлер мен пәтерлер алды. Тағы 2 049 жаңа үй салынып жатыр. Жалпы тұрғын үйлерді қалпына келтіруге шамамен 251 миллиард теңге жұмсалады.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5343