Қазақстан бас прокуратурасы өз тергеуін бастады
Бүгін Киевте болған Айдос Садықовты өлтіруге әрекет ету жасау фактісі бойынша Қазақстан Бас прокуратурасы сотқа дейінгі тергеуді бастады. Бұл туралы Abai.kz хабарлайды.
«Қылмыстық іс бойынша тергеу-жедел тобы құрылды, онда қылмысты ашуға және күдіктілерді ұстауға бағытталған қажетті жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіледі. Естеріңізге сала кетейік, кеше Қазақстанның Бас Прокуроры Украинаның Бас прокурорының атына осы қылмысты ашуға барынша тәжірибелі қазақстандық тергеушілерді тарта отырып, барлық көмек көрсету туралы ұсыныс жасаған болатын.
Бас прокуратура қылмыстық істі тергеу барысын ерекше бақылауға алды», - деп жазылған ресми мәлімдемеде.
Abai.kz