Бейсенбі, 31 Қазан 2024
Анық-қанығы 1811 18 пікір 9 Шілде, 2024 сағат 15:36

Ермұрат Бапи: Улану мен уландыруға қатысты күдік бар

Сурет: Kazinform

Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи ауырып қалғанын, қазіргі таңда нақты диагноз әлі белгісіз екенін айтты, деп хабарлайды Abai.kz.

Депутат  ісіп кеткен қолы мен денесіндегі дақтардың суретін жариялады.

“Ауырып қалған жағдай бар... Диагноз белгісіз... Улану мен уландыруға қатысты күдік бар дейді... Клеткалық-молекурялық негізде диагностика қажет екен... Көрерміз... Аман болайық, ағайын!” - деп жазды ол әлеуметтік желілерде.

Ермұрат Бапи - 2023 жылы Мәжіліс депутаты болып сайланған қазақстандық журналист. Ол “Дат” оппозициялық газетінің бас редакторы болып жұмыс істеді. Былтыр “Парасат” орденімен марапатталған.

Ол депутат болғалы қазақстандықтарды алаңдататын өткір мәселелерді көтеріп жүр. Әсіресе, “Ескі Қазақстан” өкілдері, оның ішінде Назарбаев әулетін жиі сынайды.

 

Аbai.kz

18 пікір