Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 3499 0 пікір 14 Қаңтар, 2014 сағат 03:30

Дәулетбек Байтұрсынұлы. Қоқыстағы домбыра

Көңілін сазға қосқан қос ішекпен,

Ғарышқа асар еді осы шектен...

Күмбірлеп шанағынан күй төгіліп,

Домбыра өзі шерткен, досы шерткен.

 

Қазақпен бұл домбыра егіз ұғым,

Әуенмен әрлеп тартқан сөз ұғымын.

Кешпеген домбыраны қорлағанды,

Кешсе де жеке басы көзі құнын.

 

Ал, енді, не болғанын білесің бе?

Көріп сен жылайсың ба, күлесің бе?

Үйілген қоқыстардың арасында,

Домбыра жатыр сынып күресінде.

 

Қараған ойыншық деп мүмкін оны,

Қалсын деп осылайша кім тіледі!

Санадан салтқа құрмет өшкеннен соң,

Басына орнайды анық түн түнегі.

 

Сынса да қапиядан оқияттан,

Өртенген аңғал сорлы от-ұяттан.

Домбыра бүлінгенде, бұл қазақтың

Көз жасы жанарынан жоси аққан.

 

Домбыра – жыр-шежіре бастаған ән,

Ешқашан лақтырып тастамаған

Намысын табанымен таптап өтер,

Көбейді осы күнде қасқа надан.

 

Домбыра жатыр қоқсық күресінде,

Бабамның қалғандаймын дүресінде.

Арланбай арасынан аршып алдым,

Хақы жоқ күй өшуге, жыр өшуге!

Abai.kz

Көңілін сазға қосқан қос ішекпен,

Ғарышқа асар еді осы шектен...

Күмбірлеп шанағынан күй төгіліп,

Домбыра өзі шерткен, досы шерткен.

 

Қазақпен бұл домбыра егіз ұғым,

Әуенмен әрлеп тартқан сөз ұғымын.

Кешпеген домбыраны қорлағанды,

Кешсе де жеке басы көзі құнын.

 

Ал, енді, не болғанын білесің бе?

Көріп сен жылайсың ба, күлесің бе?

Үйілген қоқыстардың арасында,

Домбыра жатыр сынып күресінде.

 

Қараған ойыншық деп мүмкін оны,

Қалсын деп осылайша кім тіледі!

Санадан салтқа құрмет өшкеннен соң,

Басына орнайды анық түн түнегі.

 

Сынса да қапиядан оқияттан,

Өртенген аңғал сорлы от-ұяттан.

Домбыра бүлінгенде, бұл қазақтың

Көз жасы жанарынан жоси аққан.

 

Домбыра – жыр-шежіре бастаған ән,

Ешқашан лақтырып тастамаған

Намысын табанымен таптап өтер,

Көбейді осы күнде қасқа надан.

 

Домбыра жатыр қоқсық күресінде,

Бабамның қалғандаймын дүресінде.

Арланбай арасынан аршып алдым,

Хақы жоқ күй өшуге, жыр өшуге!

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5570