Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2792 0 пікір 14 Қаңтар, 2014 сағат 09:56

МЕМЛЕКЕТКЕ 5,9 МЛРД ТЕҢГЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ

«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингінің еншілес мекемесі – «Қазақстан инвестициялық қоры» акционерлік қоғамы «Paragon Development» ЖШС мен «Астана-Контракт» АҚ-ына Астана және Алматы қалаларында көлік-логистикалық орталықтарын құруға Қазақстан Даму банкі тарапынан бөлінген қаржының бір бөлігін мемлекет меншігіне қайтарды.   

Сотқа жолданған талап-шағым қанағаттандырылып,  Астана-контракт компаниялар тобының борышының есебіне Қазақстан Инвестициялық қорының меншігіне Алматы қаласындағы жұмыс істеп тұрған көлік-логистикалық орталық Қазақстан Инвестициялық қорының меншігіне берілді. Осылайша, мемлекетке 5,9 млрд теңге қайтарылды. 2013 жылдың тамыз айында Қазақстан Даму банкінің борышкерлерінің қарызын талап ету құқы Қазақстан инвестициялық қорына берілген болатын. Бұл қор тарапынан мемлекет меншігін қайтару бағытында жасалған жұмыстардың алғашқы нәтижесі. 

Меншіктің жаңа иесі көлік-логистикалық орталықтың қалыпты жұмысын қамтамасыз етіп, жұмыс орындарын  толық сақтауға бағытталған шараларды қолға алуда.  Сондай-ақ Инвестициялық қор борышкердің қалған 6  қарызын қайтаруға бағытталған жұмыстарды жалғастыра бермек.

 Анықтама: 2008 жылы Қазақстан Даму банкі Алматы және Астана қалаларында көлік –логистикалық орталықтарын құруға бағытталған инвестициялық жобаны қаржыландырған болатын. Бұл жоба бойынша несие алған  «Paragon Development» ЖШС,  «Астана-Контракт» ЖШС,  «Астана-Контракт» АҚ және «PD Logistics» ЖШС 2008-2013 жылдар аралығында толыққанды кәсіпкерлікпен айналысып, табыс тапқан. Алайда несиені қайтаруға байланысты міндеттемелерін орындамаған.

2013 жылдың тамыз айында «Бәйтерек» холдингі 212 млрд теңге түйіткілді активтерді Қазақстан Даму банкінен Қазақстан Инвестициялық қорына беруге байланысты келісімді мәресіне жеткізді. Оның ішінде  «Paragon Development» ЖШС мен «Астана-Контракт» АҚ-нан 12,5 млрд теңге борышты талап ету құқығы да бар.

«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 мамырдағы Жарлығына сәйкес құрылды. Холдингке  экономиканы диверсификациялауға ықпал ету,  инвестиция тарту, кластерлерді дамыту, еншілес компанияларында корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру міндеттері жүктелген. Холдингтің  жарғылық капиталына 10 даму институттары берілген:   «Қазақстан Даму банкі» АҚ; «Қазақстан инвестициялық қоры» АҚ, «Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ, «Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ,  «Қазэкспортгарант» АҚ, «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры» АҚ,  «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ, «Қазақстандық ипотекалық несиелерді кепілдендіру қоры» АҚ; «KazynaCapitalMenegmant» АҚ, «Стресстік активтер қоры» АҚ.   

«Бәйтерек» холдингінің баспасөз қызметі

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5570