Дума депутаттары Путин емес, Гитлерді ұлықтап жүр ме?
Мемлекеттік Дума депутаттары, сенаторлар мен соғысты жақтаған қоғам қайраткерлері арасында танымал «Z-ақын» Геннадий Ракитин соғысқа қарсы жоба болып шықты. Бұл туралы Mezgil.kz ақпараттық порталы жазды.
Оның авторлары Гитлер Германиясы кезіндегі нацистік ақындардың өлеңдерін Украинадағы соғысты және Путин режимін қолдайтын қазіргі заманғы ресейлік «патриоттық» поэзия ретінде берген. Бұл туралы тергеуші-журналист Андрей Захаров жазады.
Оның айтуынша, «Геннадий Ракитиннің» образын жасаушылар «ақынның» бет-бейнесін нейрожелімен жасаған. Ал оның «шығармашылығы» - нацистік ақындардың өлеңдері болып шыққан. Ол өлеңдердегі «Германия» - «Ресейге», «Гитлер» - «Путинге», ал «NSDAP» (Германияның жұмысшы партиясы) шабуылшылары» - «Вагнер ЖӘК» жауынгерлеріне ауыстырылған.
Жоба авторлары ойдан «Z-ақын» жасап, оның шығармалары ретінде Үшінші Рейхтің өлеңдерін жұртқа ұсынған. Бір қызығы, Ресейдің үлкен саясатындағы жүздеген депутат әлгі «жоқ ақынды» әлеуметтік желілерде өз достықтарына қосып, нацистік жырларды насихаттап келген.
РЕСЕЙ ДЕПУТАТТАРЫ ҮШІНШІ РЕЙХ ДӘУІРІНІҢ ӨЛЕҢДЕРІН ҰЛЫҚТАП ЖҮР!
Оқиға былай болған:
«ВКонтакте» желісінде 2023 жылдың шілдесінде «Геннадий Ракитин» деген атпен парақша ашылады. Ракиткиннің суретін нейрожелімен жасаған. Жоба авторлары ол парақшада Үшінші рейх дәуіріндегі өлеңдердің аудармаларын жасап, оны ойдан шығарылған «Z-ақын» Геннадий Ракитиннің өлеңдері деп көрсетеді. Бір жыл ішінде әлгі парақшаның авторлары Генрих Анакер және Эберхард Меллер сияқты авторлардың 18 өлеңін аударып, жұртқа танытты. Олар нацист-ақындар туындыларын Ресейге және қазіргі заманғы шындықтарға бейімдеп жариялаған.
(Ракитиннің «ВКонтакте» желісіндегі парақшасының скрині)
Әлгі өлеңдерді Ресей әскерінің, Владимир Путиннің және «Z-рәміздері» бар суреттермен көркемдеп жариялап отырған.
Бұл аудармалар Ракитиннің «сүйікті оқырмандарының» мақтауына ие болады. Ракитиннің жанкүйерлерінің арасында «әскери тілшілер» мен «Z-патриоттар» ғана емес, Мемлекеттік Думаның 95 депутаты және Федерация Кеңесінің 28 сенаторы, соның ішінде Андрей Клишас пен Дмитрий Рогозин да бар болып шықты.
ПУТИНГЕ АРНАЛҒАН ӨЛЕҢ - ГИТЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ӨЛЕҢ БОЛЫП ШЫҚТЫ!
Енді жаңағы ойдан шығарылған Геннадий Ракитиннің шығармашылығына аз-кем тоқтала кетейік...
Мәселен, Геннадий Ракитиннің Владимир Путинге арналған «Көшбасшы» деген өлеңі бар:
Ты как садовник, что в своем саду
Плоды трудов тяжелых пожинает.
Народ ликует, флаги в высоту
Взметнулись. Время тихо наступает.
(TIME журналының коллажы)
Захаровтың айтуынша, бұл нацист, антисемит және «NSDAP» мүшесі Эберхард Меллердің «Фюрер» өлеңінің көркем аудармасы.
Ракитиннің атынан жарияланған 18 өлеңнің барлығы 1930 жылдардағы неміс насихат өлеңдерінің бейімделген (өзгертілген егжей-тегжейлі) аударма болып табылады.
Мысалы, «ЧВК-ның белгісіз сарбазы» өлеңінде автор «ЧВК-ның белгісіз ағасына» жүгінеді, ал түпнұсқаның авторы – «NSDAP» мүшесі Генрих Анакер өлеңді «белгісіз содырға» арнаған.
Президентке арналған «Портрет алдында» өлеңінің немісше түпнұсқасын әскери содыр және «NSDAP» мүшесі «Германияның ұлы болу дегеніміз» деп ұлылық деп ойлаған Герберт Менцель жазған еді.
Сөйтіп, ойдан шығарылған Рактин Ресейдегі патриоттық поэзия байқауларына да онлайн режимде қатысып, жүлделі сыйлықтар алған.
РАКИТИН БӘРІН САН СОҚТЫРДЫ!
Сөйтіп, бір жыл бойы Ресей саясаткерлерінің сүйінпеншілігіне бөленіп келген «Геннадий Ракитин» өзінің шынайы позициясын білдіріп, шаласауат Ресей шенділерін сан соқтырды. «Геннадий Ракитинді» жасаушылар соңғы өлеңдерімен өздерін саналы түрде танытты.
«Z-ақын» кезекті «патриоттық» шығармасының орнына өз парақшасында «стишок-пирожок» деп аталатын шығарманы жариялады. Онда:
«Геннадий долго издевался
Над z-стихами на стене,
В итоге х.. нарисовал он
Войне», - деп жазылған.
Жалған аккаунт авторлары Петербургтегі «Бумага» басылымына берген сұхбатында ақынның өзін-өзі әшкерелеуі – жобадан шаршағандығымен түсіндірді. Міне, осылайша қулығы асқандар Ресей сяаси элитасының білім-парасатының қай деңгейде екенін әшкерелеп берді.
Abai.kz