Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Ұлттық баяндама жарияланды
Баяндамада жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, мемлекеттік органдар мен ұйымдарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою, сондай-ақ жемқорлық үшін жауапкершіліктің бұлтартпастығын қамтамасыз ету бойынша қабылданған және жоспарланатын шаралар туралы ақпарат қамтылады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы, оның ішінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасы шеңберінде үкіметтік емес сектордың рөлі жарияланды.
Құжатта шенеуніктердің азаматтармен тікелей байланысын болдырмаудың негізгі факторы ретінде мемлекеттік қызмет, мемлекеттік аппаратты цифрландыру саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту туралы мәліметтер қамтылған.
Алматы қаласының тау бөктеріндегі аймақтарында жер учаскелерін салу және бөлу, білім беру саласындағы бюджет қаражатын жоспарлау мен игеру, сондай-ақ білім дипломы бланкілерінің айналымы және ғылыми дәрежелер беру мәселелері бойынша жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау нәтижелеріне ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу, заңсыз сатып алынған активтерді қайтару жөніндегі қызметінің нәтижелері ұсынылды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын іске асыру, озық халықаралық стандарттарды енгізу жөніндегі шаралар көрсетілген.
Abai.kz