Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 697 0 пікір 22 Шілде, 2024 сағат 16:42

Жапондар Қазақстанда гидротехникалық құрылыстарды зерттейді

Суреттер: ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі

Жапондық сарапшылар келесі жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық аясында Қазақстанның 4 облысындағы 13 гидротехникалық құрылысқа зерттеу жүргізеді. Бұл туралы ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі хабарлады. 

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Жапонияның Қазақстандағы Елшісі Джун Ямадамен және Жапония Халықаралық ынтымақтастық агенттігінің (JICA) өкілдерімен кездесу барысында аталған ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Агенттік мамандары биылғы су тасқыны кезінде өте үлкен көлемде су қабылдаған гидротехникалық құрылыстарды тексереді. Бүгінгі таңда Қостанай, Ақмола, Ақтөбе және Абай облыстарының нысандарын алдын ала визуалды тексеріс өтті.

«Жапондық әріптестерімізге көмек көрсеткендері үшін алғыс айтқым келеді. Су тасқыны кезінде біздің гидротехникалық нысандар түрлі апаттардың алдын алып, үлкен көлемде суға төтеп берді. Болашақта бұл нысандардың тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшін олардың жай–күйін мұқият зерделеп, ықтимал осалдықтарды анықтап, оларды жою жөнінде алдын ала іс-шаралар қабылдау қажет», - деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Сондай-ақ, тараптар су тасқынымен тиімді күресу үшін гидротехникалық құрылыстарды автоматтандыру мен цифрландыру мәселесін талқылады.

Атап айтқанда, су жіберу деңгейі мен көлемін анықтау үшін есептегіш қондырғыларды орнату жөнінде сөйлесті.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5502