Бейсенбі, 31 Қазан 2024
Билік 791 0 пікір 23 Шілде, 2024 сағат 13:44

Үкімет: Егіншілерді қолдау қалай жүзеге асырылады?

Сурет Үкіметтің телеграм арнасынан алынды

Үкімет басшысы Олжас Бектенов егіншілерді қолдау туралы: «Жеңіл шарттармен несие беру көлемі бірінші рет 580 млрд теңгеге жеткізілді», - деп мәлімдеді.  

«Басты мақсат – ішкі қажеттілікті жабу және экспортты дамыту үшін өндіріс көлемін ұлғайту және ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу», - деді Үкімет басшысы.

Премьер-Министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында басты мақсаттардың бірі – ішкі қажеттілікті қамтамасыз етіп, экспортты арттыру үшін өндіріс көлемін ұлғайту және ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу екенін баса айтты. 2024-2028 жылдарға арналған Жол картасының сапалы әрі уақтылы орындалуы – аталған жұмыстардың маңызды бағыты. Мұнда ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемін 2 есеге арттыру көзделген.

«Биыл саланың жалпы өнімін арттыру жоспары 111%-ды құрайды. 6 айдың қорытындысы бойынша өсім 103%-ды көрсетті. Дегенмен, өсімдік шаруашылығының тиімділігін күзде көретін боламыз. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша саланы дамыту үшін барлық қажетті жағдай жасалды. Қазақстан өзін негізгі азық-түлік өнімдерімен толық қамтамасыз ете отырып, экспортты да дамыту керек. Үкімет осыған қажетті барлық ресурстарды бөлетін болады. Биыл көктемгі егіс жұмыстары мен ауыл шаруашылығы техникаларының лизингіне ауқымды қаражат бағытталды. Жеңіл шарттармен несие беру көлемі бірінші рет 580 млрд. теңгеге жеткізілді. Бұған дейін бұл көрсеткіш 180 млрд. теңгеден асып көрмеген. Бұл егіншілердің барлық қажетті агротехникалық іс-шараларды толық көлемде жүргізуіне мүмкіндік берді», - деп атап өтті Үкімет басшысы.

Ауыл шаруашылығын дамыту – Премьер-Министрдің ерекше бақылауындағы басты міндеттердің бірі екені атап өтілді.

Abai.kz

0 пікір