Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 3021 0 пікір 21 Қаңтар, 2014 сағат 04:12

Азамат Ақылбеков. Қазақтың жаңа дерті – АТАМАНИЯ!

Ғылымда «Атавизм» деген термин бар. Мен де қазіргі көптеген ғалымдардан қалыспайын деп термин ойлап таптым.  Басынан баяндайын.

         ...Бір ауылдың адамдары аталарына кесене тұрғызып, ас беруге шақырған соң бара қалғам. Керемет кесене! Сөйлегендерден ұққаным, бәленше деген би екен, жоңғарға қарсы ерлік көрсетіпті, балалары да (қазіргі) бір кереметтер. Теберіктей таратылып жатқан керемет мұқабалы кітаптар!

Жақында тұрған екі апаның бірінің сөзі елең еткізді: «-балам, тағы бір бес-алты кітап берші-, дейді таратушыға. Ол: «Апа, и так төртеуін алдыңыз ғой,- десе, апамыз: «әй, әдірәм қалғыр, немене аяйсыңдар ма, үйге апарып тамызық қылайын деп едім»,- деп қара-а-ап тұр...

Лепіргендерді тыңдап тұрып ақырын зерделесем, күпінген сөйлеушілер мен мысқылдаған тыңдаушылар әртүрлі пікірде. Бұл қалай деп бажайласам, мысқылшылдардың сөздері расқа жанасады..., аталып жатқан «бидің» уақыты жоңғарға жуықтамай-ақ тұр, былайша айтсақ, кешегі адам. Бұл ұрпақтары қателесіп кеткен ғой деп, біраз түсіндіре, әр нәрсенің орны бар, зерттеуді қажет ететін деген мағынада сөз сөйлегенімді қайтейін «Нон гратаға» айналып шыға келдім.

         ...Кесенеден көсіліп қалаға жеттік, қымбат ресторанның біреуінде «Ас» та дайындалыпты. Ақыр келген соң аяғына шейін болайын деп қақпаға жақындағанымда, Құдай басқа салмасын, қаптаған «охрана» көзілдіріктісі де, көзілдіріксізі де, үлкенірегі де, жасырағы да жолымды кес-кестеп жібермей-ақ қойғаны. Бұл қалай деп сасқалақтап айналама қарасам, итермелеп, ығыстырып  жатқандары мен ғана емес, манағы екі апаға да жол жоқ екен.

         Шыдамай: «Ей, бұларың не, Құдайы тамақ емес пе, неге кіруге болмайды. Мен жарайды кірмей-ақ қояйын, ал мына сексенге келіп қалған әжелеріңдей кісілер неге кірмейді?! Әлде бұларды террористер деп тұрсыңдар ма?»,- десем, «охрана» үн жоқ, сап түзеп қарсы жүрді. Жетіп келген 2-3 полицияны көріп, көмектесер дегендей, аналарды ымдап көрсетсем, олар: «...аға, не қыласыз, кетсеңізші бұл жерден» дейді. «Тәртіпті қадағаламай, мұнда неге жүрсіңдер?» дегеніме, «...приказ болған соң жүрміз» деп ақтарынан жарылды.   

         Сөзін сөйлегенімді арқа тұтты ма, бір апа қатты кетті: «...қараң қалғырдың тұқымы! Ақша бітіп еді, қарашы, қай-қайдағы атасымағын ойлап тауып, шығарғандарын. Дәп осылардың атасы менің әкем соғысқа кеткенде тығылып бармай қалып еді. Арғы аталары Қытайға қашып сонда қалды деуші еді. Ал енді соның атасы қалай би ме, батыр ма, бола қалғанын. Осыдан соң берген Құдайылары қабыл болар ма...»

         Мына жағдайға өзімді кінәлі санап апаға ақырын басу айтып тұрғанымда орталарында молдекең бар, бағанағы «мысқылшылдардың» біразы байқамағандай қасымыздан өте шықты.

...Іштен микрофоннан оқылған құран естілді.

         Қолымды бір сілтеп кете бардым.

         Ойлап келем. Шынымен-ақ, қазір кейбіреуге ақша бітсе, келсін-келмесін аталарын дәріптей кету қайдан шықты екен? Сонша ақша шашу неменеге керек десеңші! Басқа да қайырымдылық іс-шаралар толып жатыр емес пе? Көмектесем десе жесір-жетімек аз ба, шыққан ауылдарын көркейтуге ат салысса қайтер еді!...

         ...Ойлауға тұратын тағы бір жағдай, осындай табылған батыр, билердің атой салып «жоңғар» мен «қоқанға» қарсы шапқандары. Сонда қазақтың аты бар да заты жоқтардан басқа жаулары болмаған ба?! Көпірмелер мен лепірмелерге қазақтың олардан басқа да жаулары болған деп көріңізші, қайтер екен. Мысалы: жау деп жүрген «қоқанымызда» өзіміздің бауырларымыз түркілер, оның ішінде қазағымыздың қаңлы, қыпшақ, дулат, сіргелі, шанышқылы, құрама т.б. сияқты рулары тұрған, ал әскерінде аздаған ғана сарттар болмаса негізінен қыпшақ пенен қаңлылар болған десеңіз ше? Жоқ, қазақтың негізгі жауы көршілес отарлаушы үлкен империялар деп көріңізші, жаңа ғана шешенсіп, көсемсіп тұрғандар аяқ астынан күмілжіп, қытай десең, қылқынып, орыс десең ошарылып, айналасына қарап, аяқ астынан «Белчиковке» айналып шыға келеді.           

...Осы «Ата Мания» (дәлелсіз, даңғазалық дәріптеу) ауруы қазаққа қайдан жұқты екен? Айтпақшы  ойлап тапқан терминімді «Атаман и Я» (мен де атаман болдым) деп те қолдануға болады...

Талдықорған

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3258
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5562