Бейсенбі, 19 Қыркүйек 2024
611 0 пікір 29 Шілде, 2024 сағат 13:29

Қазақстанда білім грантына өтініш қабылдау аяқталды

Сурет: kaznai.kz

Биыл Ұлттық тестілеу орталығының мәліметінше 104 мыңнан астам талапкер білім гранттарын тағайындау конкурсына қатысуға өтініш берген. Бұл көрсеткіш былтырғымен салыстырғанда 10 мыңға артық, деп хабарлайды Abai.kz.

"Ең көп таңдалған қала – Алматы, 42 мың бала оңтүстік астанамызды студенттік шақ өткізу үшін таңдаған. Елорданың оқу орындарында оқу үшін 22 мың өтініш қабылданса, 6,5 мың адам Шымкент қаласының университеттерінде оқуға ниет білдірген", – делінген хабарламада. 

Грант иегерлерінің тізімі ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің сайтында және @gylym_jogary_bilim телеграм-арнасында, www.testcenter.kz сайты (ҰТО-ның ресми сайты) және TESTCENTERKZ телеграм-арнасында 10 тамызға дейін жарияланады.

Ал жоғары оқу орындарына қабылдау, әдеттегідей, 25 тамызда аяқталады.

Abai.kz

0 пікір