Жексенбі, 24 Қараша 2024
860 0 пікір 29 Шілде, 2024 сағат 14:51

Қазақстандықтардың жеке деректері желіге тарап кетті

Сурет: rg.ru

Кибершабуылдарды талдау және тергеу орталығы Telegram мессенджерінде қазақстандықтардың деректері таралып кеткендігін хабарлады.

2022 жылдан 2023 жылға дейін әрекет еткен BreachForums форумының зиянды бағдарламалық қамтамасыз етуді және ұрланған деректерді сатумен айналысқаны белгілі болды. Форумда Қазақстаннан 15 хакер тіркелгені болжанып отыр.

Тараған деректер 2022 жылдың 29 қарашасына дейінгі барлық деректерді, соның ішінде пайдаланушылардың идентификаторларын, хэштелген құпия сөздерді, жеке хабарламаларды, форумдық кредиттерді сатып алу үшін пайдаланылған криптовалюта мекенжайларын және сайттағы барлық хабарламаларды қамтиды.

“Кейбір мәліметтер бойынша, бұл деректер ресурс бұрынғы әкімшісі Конор Брайан Фитцпатридің деректер базасының сақтық көшірмесінен алынған. Сонымен қатар, форум қатысушыларынан келген түрлі хабарламалар бар. Бір хабарламада маңызды қазақстандық банк бұзылғаны айтылған. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары осы деректер базасына ие”, – деп мәлімдеді ЦАРКА негізін қалаушы Олжас Сатиев.

Тарап кеткен деректердің ішінде қазақстандық ресурстардың да деректері табылды:

  • қызмет көрсету станциясын басқару базасының таралуы — Ресей мен Қазақстан — SQL резервтік көшірмесі, қолжетімділік және SCADA;
  • Spark көлік-логистикалық компаниясының деректері;
  • Шәкәрім атындағы университеттің студенттері мен талапкерлерінің деректер базасының таралуы;
  • 2022 жылдың 24 маусымындағы B2B 2GIS Қазақстанның толық деректер базасының таралуы;
  • Қазақстан мен Ресейдегі Yandex Food пайдаланушыларының деректерінің таралуы;
  • 2021 жылғы Қазақстан мен Ресейдегі Fonbet букмекерлік компаниясының пайдаланушыларының деректерінің таралуы.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3258
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5563