Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 834 1 пікір 29 Шілде, 2024 сағат 17:15

Алматылық заңгер: Құқықтық сауаттылықты арттыру маңызды!

Сурет впикердің жеке мұрағатынан алынды

Халықтық құқықтық сауаттылығының төмендігінен кейбір тұрғындар алаяқтарға алданып, белгісіз адамдарға қаржы аударып сан соғып қалып жатыр. Әсіресе әлеуметтік желідегі жарнамаға да сенім артып, ақшасынан айырылғандар бар. Abai.kz тілшісі  құқықтық мәселеге қатысты сұрақтарды Алматы қаласындағы Адвокаттар алқасының заңгері Дарын Жанбатыровқа қойып көрді.

- Дарын Бекжанұлы, тәжірибелі заңгер ретінде айтыңызшы халықтың құқықтық сауаттылығын қалай бағалайсыз?

- Менің ойымша, еліміздің әрбір азаматы өз құқықтары мен бостандықтарын жоғары деңгейде білуі керек. Құқықтық сауатың төмен болса, әсіресе қазіргі заманда онда көп нәрседен өзіңді шектегенің. Бұрынғыға қарағанда халықтың құқықтық сауаты жақсарып келеді. Оған бір жағынан ғаламтордың да әсері бар. Қазір желіні ашып қалсаң алаяқтықтың түрлері, онымен күресу жолдары, қалай әрекет ету керектігі егжей- тегжей жазылады. Бұл тақырып қоғамда әлі күнге дейін қызу талқыда. Одан бөлек, БАҚ арқылы да алаяққа алданбаудың жолдары насихатталуда. Әрине бұл жұмыстар өз кезегінде өзінің тиімділігін көрсетуде. Адамның құқықтық сауаттылығы төмен болвғн сайын, ол үшін заңдар тиімсіз жұмыс істейтіндей көрінеді. Себебі ол қарапайым алғы шарттарды білмейді. Адам өзін үнемі дамытып, ізденіп, білмегенін үйренуі керек деп ойлаймын.

- Сізге заңгер ретінде Алматы тұрғындары көбінесе қандай мәселе бойынша жиі жүгінеді?

- Әрине заңгерлік кеңеске  жүгінетіндердің қатары көп. ӨЗдеріңіз білесіздер қазір кеңесті онлайн режіммен де бере береміз. Ең бастысы әрбір адамның сұранысы жауапсыз қалмайды. Көбіне құқықтық кеңес алады. Бірнешеуін айтатын болсам, әйелдер қауымы алиментті өндіру, одан бөлек микроқаржы мен банк алдындағы берешегін дұрыс өтеу, жеке сот орындаушының бұғатын шешу сынды мәселелермен жүгінеді. Бүгінде өзеріңіз білесіздер,  әлеуметік желіні ашып қалсаңыз счетті аресттен шығарып беремін, несие бойынша график қойып беремін деген қызмет көп. Кейбірі жоғары білімі бар заңгер де емес. Азаматтарымыз осындай қызмет түріне қосымша ақша шығындап жатады. Егер оның құқықтық сауаттылығы болса, ол адам өзі сол мәселені шешіп алар еді.

- Қазір кәсіби әрі сауатты заңгерлерді қалай ажыратамыз? Өйткені ғалам торды ашып қалсақ екі адамның  бірі заңгер? Білікті маманды қалай танимыз?

- Қазір ғаламтор жұмысымызды біршама жеңілдетті. Ғаламтордан кез келген қажетті маманды жылдам табасың. Сондықтан заңгерді таңдамас бұрын, алдымен оның біліктілігін ексеру керек. Ол туралы жазылған пікірлерді оқу керек. Заңгерлерге, адвокаттарға жүгінген кезде іспен таныспай жатып 100 пайыз кепілдік беретіндерінен қорқу керек. Өйткені білікті заңгерлер тек қана ықтимал нәтижені ғана айтады. Одан бөлек заңгердің қызметі өзі тарапынан ресми құжатсыз төленбеуі керек. Яғни оның қызметін қолма қол төлесеңіз төлем түбіртегін талап етіңіз. Бұл да қызмет көрсетудің негізгі шарттары. Сізде ертеңгі күні дәлелдей алатын қағаз болуы шарт.

-Халықтың құқықтық мәдениеттін арттыру үшін не істеуіміз керек? маман ретінде пікіріңізбен бөліссеңіз.

- Менің ойымша, құқықтық мәдениет ол мектеп табалдырығынан қалыптасады. Өйткені әр адам құқық ұғымымен мектепте танысады. Алғашқы түсінік қалыптасады. Соңғы кезде құзырлы органдар тарапынан халықтың құқықтық сауаттылығн арттыруға бағытталған семина, тренингтер жиі өтуде. Әділет департаменті, прокуратура,  полиция департаменті тарапынан бірқатар істер қолға алынып жатқанын білемін. Құқықтық мәдениетті әр адам өзі қалыптастырады. Ол оның біліміне, ой өрісінің дамуына тікелей қатысты. Құқықтық мәдениетті қалыптастыруда ең алдымен халықтың құқықтық сауатын арттыруға мән беруіміз керек.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475