Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 3590 0 пікір 27 Қаңтар, 2014 сағат 05:18

Патшайым Фариза!

                            -І-

Тұманданған санамды мұншама күн

Мұнар, мұнар оймен де тұмшаладым!

Мен өзіңе, Фариза әпкем, енді

Мұқағали ағамдай мұң шағамын!

 

Керенау ел ұмытып ерлік ісін,

Өз ақынын өлтірер өрлігі үшін!

Көгендетіп көз нұрын Жайық жаққа

Қойды-ау енді Ертістің кер бұғысын!..

 

Тентегің тұр қаз үнін ұзатып-ау,

Ұлы Атырау ұғынар,

Заты мынау,

Қыз мінезді ұл тумас

Керекудің

“Казкрайы” әуелден бұзақылау…

 

Жатса да алда ақ парақ  жайнамазы,

Бауырыңның сен жақта ой, назары.

Бірақ мынау өр кеуде “Казкрайдың”

Өршіл ақын боп туды қай қазағы?!

 

Жаяу Мұса, Мәди – деп, – арғы затым!..

Аруақтанар бұл жақта жалғыз ақын!

Ол да бүгін Жайыққа жаутаңдап тұр

Екпінінен жаңылып тау бұзатын.

                               -ІІ-

                            -І-

Тұманданған санамды мұншама күн

Мұнар, мұнар оймен де тұмшаладым!

Мен өзіңе, Фариза әпкем, енді

Мұқағали ағамдай мұң шағамын!

 

Керенау ел ұмытып ерлік ісін,

Өз ақынын өлтірер өрлігі үшін!

Көгендетіп көз нұрын Жайық жаққа

Қойды-ау енді Ертістің кер бұғысын!..

 

Тентегің тұр қаз үнін ұзатып-ау,

Ұлы Атырау ұғынар,

Заты мынау,

Қыз мінезді ұл тумас

Керекудің

“Казкрайы” әуелден бұзақылау…

 

Жатса да алда ақ парақ  жайнамазы,

Бауырыңның сен жақта ой, назары.

Бірақ мынау өр кеуде “Казкрайдың”

Өршіл ақын боп туды қай қазағы?!

 

Жаяу Мұса, Мәди – деп, – арғы затым!..

Аруақтанар бұл жақта жалғыз ақын!

Ол да бүгін Жайыққа жаутаңдап тұр

Екпінінен жаңылып тау бұзатын.

                               -ІІ-

Көңіл жаурап кей кезде өртті аңсаған!..

Шулы өмірде адасып кеткен санам.

Мен ғой енді сыбырлап айтайыншы

Бір сырымды, Фариза әпкем, саған.

 

Бекзада құс мәуесіз қарағайға

Шалдығып-ақ жеткенмен,

Паналай ма?

Керекуге шақырған Төлеужанды

Әзілхандай* бізге енді аға қайда?!

 

Сол Төлеужан уақыттың ырғағымен

Өр мінезі үйлеспей,

Жырлады кең.

“Менен құжат сұраған сендерде осы

ес барма?!” деп,

Ұрсыпты ол мұндағымен…

 

Кеңсеге осы енгенде,

Мына маған

Кеңкелестің сұр көзі ұнамаған!

“Салауатты тірліктің салты осы!..” – деп,

Кілт салатын тесіктен сығалаған.

 

Төлеужандай ақын боп толғансам да,

Сері көңіл бұзылды-ау анда-санда…

Төкең қазір тірілсе кімге барар,

Әз ағаңдай бір адам болмаса онда!..

 

                             -ІІІ-

Бұл фәниде қырық белден әрі ұзап мен,

Саған барам, патшайым Фариза әпкем!

Адамдардың ішінде дәл өзіңдей

Пендешілік жуымас перизат кем.

 

Жауыздықпен жас күнім өлтірілген…

Мен Ақиқат іздермін жер түбінен!

Көп таланып қотанда төбет итке,

Еркін өскен елсізде бөлтірік ем!

 

Енді ұлысам көкжалмен қатар тұрып,

Бөрі дүние бөрлігіп, жатар ұлып!

Ұлы даусым Ертістен уілдеген

Ақ Жайыққа құйылар қотарылып!

Боз Далада боздаған, ақ аруана,

Мен – Жұмекен жоғалтқан боталы үміт!

Жүрмін қазір, тұп-тұтас Ғаламшарды

Жұдырықтай жүрекке Отан қылып!

Ұлы Ғалам үніме селт етпесе,

Жан-тәніммен кетермін қопарылып!

Сонсоң тозақ отынан күл болармын,

Әлемді де күнәкар атандырып!

 

                      -ІҮ-

Қарсы бұрып ағысқа ақ кемемді,

Көк желкенді көтерер шақ та келді!

Будақ-будақ бұлт ойдан мен өзіңе

Қол созамын, Фариза әпкем, енді.

 

Қошалақты назқоңыр өлең тербеп,

Қоңыр іңір барады белеңге өрлеп.

“Темірқазық” ** туғанда

Ой толғайды-ау

Кекілбаев тәрізді кемеңгер тек!

 

Сол Жұмекен сыйпаған кекілінен

Құлын-жырым тай болып,

Жетіліп ем.

Енді асығам қырық үш күн Тайбурылды

Күте алмаған Қобланды секілді мен!..

 

Бұрқ-бұрқ қайнап беймаза ғасырымда,

Хақым бар ма тап қазір басылуға?!

Құс жолымен мәреге жұлдыздардың

Керуені де, әнекей, асығуда!

 

Жүргенде жұрт Қорқыттың көрін қазып,

Жақсы сөз де болмай ма көңілге азық?!

Самаладай самсатқан үмітімді

Сенсің маған көктегі Темірқазық!

 

2000 жыл, желтоқсан.

*Әйгілі жазушы Әзілхан Нұршайықов 1953-1954 жылдары

Павлодар облыстық “Қызыл ту” (қазіргі “Сарыарқа самалы”)

 газетінде редактор болып істегенде аса дарынды ақын

Төлеужан Сымайловты редакцияға қызметке алған.

** “Темірқазық” Жұмекен Нәжімиденовтың жыр жинағы. Оған Әбіш Кекілбаев алғысөз жазған.

 

Арман Қани,

Павлодар қаласы.

Қазақстан Жазушылар одағы

Павлодар облыстық филиалының директоры,

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5568