Жексенбі, 13 Қыркүйек 2026
2789 1 пікір 2 Тамыз, 2024 сағат 14:05

Париж-2024: Қазақстан бокс төрешілеріне шағым түсірді

Коллаж: smi24.kz

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті 63,5 келі салмақта жұдырықтасқан Мұхаммедсабыр Базарбайұлы мен грузиялық Лаша Гурули арасындағы жекпе-жек нәтижесін түсіндіруді талап етіп, ресми түрде PBU-ға (Paris boxing Unit) шағым түсірді. Бұл туралы ҚР ҰОК телеграм арнасы жазды.

«Қазақстан ҰОК Мұхаммедсабыр Базарбайұлының жекпе-жегіне қатысты шағым түсірді. Біз бұл нәтижемен келіспейміз және PBU-дан түсініктіме талап еттік. Бұдан ХОК та хабардар.

Біздің ойымызша, қазақстандық боксшы 2024 жылғы Олимпиаданың жартылай финалына жолдама беретін маңызды кездесуде жеңіске жетті. Өткен жекпе-жектің нәтижесін қайта қарау мүмкін еместігін де түсінеміз.

Алайда, біз ірі халықаралық жарыстағы төрелік әділ әрі таза болғанын қалаймыз», - деді Қазақстан ҰОК бас хатшысы Жанар Утешева.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан ҰОК қазақстандық боксшылардың жекпе-жегінде төрелік еткен жекелеген төрешілерге қатысты PBU-ға ескерту жасады. Ескерту қабылданып, қазіргі таңда зерттеу жүргізіліп жатыр.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1132
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2662
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 779
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 746