Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 3802 0 пікір 28 Қаңтар, 2014 сағат 06:35

Шаһизада Байпатшанова: «Қазақтың әл-ауқаты мен қаржылық сауатсыздығы алаңдатады...»

- Жаңалыққа жақын жұрт Шаһизада желілік маркетингке кіріп кетіпті деседі. Жастығыңда кәріліктің  қамын же, дегендей қосымша қаржы табуды қажет деп таптыңыз ба?

- Бүгінде жұрт қорқып жүрген «желілік маркетинг» дегеніміз не ? Ол- бір затты немесе көрсетілетін қызыметі сатуға арналған жаңа жол. Ал соның заң аясында қандайда бір пайдасы тиіп жатса, неге кәдеңе жаратпасқа? Күнде өзгеріп жатқан зейнетақы бағдарламасының ертеңін қазірден ойламасақ, қартайғанда санымызды соғып қаламыз. Бүгінде сол  зейнетақы қорындағы есепшотымды толтырам деушілерге жол ашық.  Қолда бар қаржыны көбейте білу де өнер ғой.  Мұның бәрі құрғақ сөз емес.  Қаржысын көбейтіп,  бізге алғысын  айтып жатқан адамдар да жеткілікті.

- Сонда сіз меркетингтік желіде қаржыгер болып қызмет етесіз бе?

- Дәл солай.

- Бұл қызметіңіз ән айтуға кедергі келтіріп жатқан жоқ па? Сізді сахнадан сирек көретін болып барамыз ғой?

 - Ән айтуға ешқандай кедергісі жоқ.  Керісінше, жаңа әндер жазуға        пайдасын тигізді.

- Сахнаға жаңа шыққан сарыауыздар жеке кештерін өткізіп әбігер боп жатқанда, елге  еңбегі  сіңген  Шаһизаданың есеп беретін кезі келген сияқты емес пе?

- Әрине бір есеп берудің кезі келді. Ойда бар, бірақ қашан сәті түсерін уақыт көрсетеді. Әзірге күйбең тірліктің қамымен жүгіріп жүрген жайымыз бар.

- Шынтуайтында, сіз бала кезіңізде  биші болуды армандаған екенсіз. Сонда сізді әншілікке арман емес, тағдыр алып келген жоқ па?

- Биші болсам дегенім рас. Бірақ, сол кездегі әнші апаларымыз арманымды өзгертуге негіз болды.  Роза мен Бибігүл апаларымызға еліктеп, халық қошеметіне бөленсек дедік. Міне, сол мақсаттың жетегінде әнші болып кеткенімізді аңғармай да қалдық.  Жалпы өнердің адамы көпті өзіне еліте білу керек. Оның өзінде бүгінгілердей  ашық- шашық киініп, қалаберді атаққұмарлыққа елітпеуі тиіс.  Өнер адамы мыңның ішінен мәдениеттілігі, сөз саптауы, өзін өзі ұстауымен ерекшеленуі қажет.

- Осы бала күнгі арманыңызды бастау етіп сізді би мектебін ашып жатыр дегенді естіген едік. Бұл  рас па?

- Ондай ойымның болғаны  рас. Бірақ, мектеп ашты деген жалған сөз.

- Бір кездері Гүлнұр Оразымтебова, Меруерт Түсіпбаева, Шаһизада бірігіп ән шырқап еді. Тіпті, Меруерт әріптесіңіз трио болатындықтарыңызды да жайып салған. Кейінтін өзара тіл табыса алмадыңыздар ма, неліктен бірігіп ән салуды жалғастырмадыңыздар?

-  Арамызда трио боламыз деген бастама болған жоқ. Ал, бірігіп ән айтуымызға  «Сағындырған әндер-ай!» жобасы себеп болды.  Сіз айтып отырғандай әңгімеміз жараспай қалған ештеңесі жоқ, сәлеміміз түзу.

- Осыдан біраз бұрын сатираның марқасқалары бірігіп эстрада одағын құрған болатын. Сол одақтың әншілер қауымының игілігіне арнап не  істеп жатқан жайы бар?

- Аталмыш одақтың құрылғанын естігенде қуанғанымды жасырмаймын. Бірақ не бітіріп, немен айналысып жатқанынан хабарым жоқ.

- Қазіргі өнердегілер атың шықпаса жер өртеге салып, «пиар» жасауды әдетке айналдырды. Осындай жалған жарнаманың қажеті қаншалықты деп ойлайсыз?

- Пиардың пайдасын жасап жүргендер білетін болар, шамасы.  Өз басым ондай дүниені суқаным сүймейді. Өмірде барлығы шынайы болуға тиіс. «Өтіріктің құйрығы бір ақ тұтам» демей ме?

- Енді өнерден өз басыңызға ауыссақ, қалай қарайсыз. ..

- Патша көңіліңіз білсін.

- Өнер адамының басқан ізін қалт жібермейтін көпшілік: «Шаһизада жайнап кетіпті»- дегенді айтады.   Мұны сахна адамының жыл өткен сайын сәні келісе береді деген  қағидаға жатқызуға бола ма, қалай?

- Егер көпшілік бойымда қандай да бір жақсы өзгерістің барын байқап, «комплиент» айтып жатса, онысына  рахмет!..

- Әлде мұны  орыстардың ұғымынша «әйелдің сәні еркекте» деген түсінікке теліген жөн бе?

- Аллаға шүкір.  Мүмкін солай да шығар. Әркім өзінше түсінеді ғой. Алайда бір үйге бір бөрікті керек екен. Біздер әйел затын еркектің қабырғасынан жаралған демей ме? Сондықтан әйелдің бақыты ер азаматында, бала-шағасында сияқты.

- Жас күнге қарағанда, жас келгенде құшқан сәби тәттірек болады деуші еді. Сәби сүюге қалай қарайсыз?

- Сәби деген тәтті ғой. Егер Алла бұйыртып беріп жатса, құба құп.

- Сахналық демеушіңіз үйдегі  отағасы дегенді  жиі естиміз. Тіпті, сіздер бас қосқанға дейін де жолдасыңыз  етене араласып жүрген жандардың бірі болғанға ұқсайды.  Яғни,  ол кісінің де өнерге  қатысы бар болғаны ма?

- Жолдасым - қаржыгер. Арасында өнеріме қолдау білдіріп, демеушілік жасап тұратыны бар. Бірақ  өзі: «халықтың ыстық ықыласынан  артық демеуші жоқ» дегенді айтады.  Бұған мен де қосыламын. Қампиған қалтаң болса да, халықтың көңілінен шығар татымды дүние ұсына алмасаң, сахнада өміршеңдігің болмайды ғой.

- Шаһизада ханымды  мына қоғамдағы қазақтың қай мәселесі алаңдатады?

-Қазақтың әл-ауқаты мен  қаржылық сауатсыздығы алаңдатады.

- Жуырда президент кезекті жолдауын жариялады. Сіз дәстүрлі осы жолдауда көтерілген мәселелердің орындаларына сенесіз бе?

- Әрине сенемін.  Толықтай болмаса да жолдауда көтерілген мәселелердің оңтайлы шешім табарынан үміттімін. Бұдан да жаман күні тойға барған жоқпыз ба? Бастысы -халықтың ырысы таусылмасын.

Әңгімелескен Динар Камилова

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5568