Жұма, 22 Қараша 2024
911 0 пікір 5 Тамыз, 2024 сағат 15:15

Биыл 32 су нысаны мемлекетке қайтарылды

Сурет: smartnews.kz

Елімізде 2024 жылдың басынан 32 гидротехникалық құрылыс коммуналдық меншіктен республикалық меншікке қайтарылды, деп хабарлайды ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі. 

Министрліктің хабарлауынша, аталған 31 суару каналы мен 1 бөгет Жамбыл облысында орналасқан. Қазіргі уақытта еліміздің басқа өңірлеріндегі су шаруашылығы нысандарын республикалық меншікке қайтару бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр.

«Министрлік еліміздің су инфрақұрылымын жақсарту бойынша жұмысты бастады. Мысалы, Президенттің тапсырмасы аясында 2030 жылға дейін су шаруашылығы нысандарын салу және реконструкциялау бойынша кешенді жоспар әзірленді. Жоспарда 44 су қоймасын салу, 76 гидротехникалық құрылысты, 5321 шақырымнан астам ирригациялық жүйені қайта жаңарту, сондай-ақ 3230 тік дренажды ұңғыма бұрғылау көзделген. Бүгінгі таңда 114 жоба бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленді», - деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5322