Жексенбі, 24 Қараша 2024
800 0 пікір 29 Шілде, 2024 сағат 17:14

Астана: «JOLTAP» жобасы жалғасып жатыр

Сурет: gurk.kz

Елордада жұмыссыз қала тұрғындарының жұмыс тауып, қаржылық жағдайын жақсартуға мүмкіндік беретін «JOLTAP» жобасы жалғасып жатыр.

Мәселен бүгінгі күннің заманауи мамандығы баристаны да жоба арқылы тегін оқуға болады. Бұл мамандықты таңдаған жандар иісі аңқып, дәмі тіл үйіретін кофе жасауды үйренеді. Ал нарықта бұл мамандыққа қызығушы адамдар көп. «JOLTAP» жобасының оқытушысы Тұрар Ілиястың сөзінше, әлеуметтік жоба арқылы осы уақытқа дейін «Бариста» курсын 500-ден астам елордалық тәмамдаған.

«Былтыр елордада «Үздік бариста» жарысы өтті. Сол кезде «JOLTAP» жобасы туралы естідім. Кейін жоба ұйымдастырушыларынан курсқа оқытушы болуға өтініш түсті. Жалпы оған дейін шеф-бариста болып жұмыс істеп жүріп 100-ден аса адамға кофе жасауды үйреткен едім. Осылайша 5 күндік бариста оқуын бастап кеттік. Бүгінде бұл курсты 500-ден астам студент тәмамдады. Бір топта 10 адам болады. Аптасына 20-30 студент бариста курсын меңгеріп шығады»,- дейді курс оқытушысы.

Айта кетейік, «JOLTAP» жобасы бойынша оқыту бағдарламалары мамандыққа байланысты 2 аптадан 1 айға дейін барынша қысқа мерзімде нақты дағдыларды меңгеруге бағытталған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5566