Сенбі, 5 Қыркүйек 2026
Қылмыс 2381 0 пікір 7 Тамыз, 2024 сағат 15:08

Бақытжан Байжанов Жоғарғы сотқа шағым түсірді

фото;Голос народа

Қуандық Бишімбаевтың қылмысын жасырамын деп абақтыға жабылған інісі Бақытжан Байжанов әлі күнге сот шешімімен келіспей отыр. Бұл жолы ол жазаны жеңілетуді сұрап Жоғарғы сотқа шағым түсірген деп хабарлайды Abai.kz Qaz365.kz-ке сілтеме жасап.

Іс материалдары Жоғарғы сот судьясының қолына тиіпті. Бірақ тыңдалым күні әзірше белгісіз.

Бақытжан Байжанов аса ауыр қылмысты жасырды деген айыппен 4 жылға бас бостандығынан айырылған. Ал сол қылмысты жасаған, яғни әйелін азаптап өлтірген үшін айыпты деп танылған бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев 24 жылға сотталған. Экс-министрдің апелляциялық шағымы да қанағаттандырылған жоқ. Қазір ол жазасын қатаң тәртіптегі колонияда өтеп жатыр.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 896
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2325
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 599
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 582