Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 4917 0 пікір 30 Қаңтар, 2014 сағат 05:04

Үш анық: РУХ. ЭЛИТА. БУРЖУАЗИЯ

Үш анық турасында

Есімізді жинаған 2000 жылдардан бері түрлі деңгейде түрлі тұлғалар алуан ауқымда ұлттың көсегесін көгерту мәселесіне өз уәждері мен ұсыныстарын беріп келеді. Соның көбі Ұлттық құрылтай өткізуді бастама етумен жүр. Бұл да жақсылық – азаматтардың жанұя мен әулет деңгейінен асып, ұлттық ауқымда бас қатыруға кіріскені. Қуанарлығы - бұл жастарға да тән болып жүр.

Былай қарағанда, көпшілігіміз жиналысқа жиналуды ұлттың бірігуі түрінде қабылдайтын секілдіміз. Алайда мұндай «бірігу» ұлтқа не береді? Ондай ұлы жиындар пісіп-жетілген шешімдерді қабылдауға қажетті формат болмаса, езуді көпірткен көбік-жиыннан нені нәтиже етпекпіз? Және де қоғамдағы мәселенің пісуі мен оны шешу жолының пісуінде айырма зор екенін де аңдаған  жөн.

Қазақ бірікпей отырған жоқ, біріккесін ел болып отырмыз, бірақ қазақтың әлеуеті,ресурсы бірікпей отыр, ақыл-парасаты бір арнаға тоғыспай, күш-жігері өз мәселесін шешуге жұмсалмай отыр дегенге сайғымыз келеді. Ал бұл үшін бір-екі мың адам қатысатын құрылтайдың қажеті болар ма екен? Жиында бас қосу – мәселені шешу жолы емес немесе шешу жолына деген жалаң ұмтылыс қана.

Сонда кәзір ұлтқа не қажет?

Үш анық турасында

Есімізді жинаған 2000 жылдардан бері түрлі деңгейде түрлі тұлғалар алуан ауқымда ұлттың көсегесін көгерту мәселесіне өз уәждері мен ұсыныстарын беріп келеді. Соның көбі Ұлттық құрылтай өткізуді бастама етумен жүр. Бұл да жақсылық – азаматтардың жанұя мен әулет деңгейінен асып, ұлттық ауқымда бас қатыруға кіріскені. Қуанарлығы - бұл жастарға да тән болып жүр.

Былай қарағанда, көпшілігіміз жиналысқа жиналуды ұлттың бірігуі түрінде қабылдайтын секілдіміз. Алайда мұндай «бірігу» ұлтқа не береді? Ондай ұлы жиындар пісіп-жетілген шешімдерді қабылдауға қажетті формат болмаса, езуді көпірткен көбік-жиыннан нені нәтиже етпекпіз? Және де қоғамдағы мәселенің пісуі мен оны шешу жолының пісуінде айырма зор екенін де аңдаған  жөн.

Қазақ бірікпей отырған жоқ, біріккесін ел болып отырмыз, бірақ қазақтың әлеуеті,ресурсы бірікпей отыр, ақыл-парасаты бір арнаға тоғыспай, күш-жігері өз мәселесін шешуге жұмсалмай отыр дегенге сайғымыз келеді. Ал бұл үшін бір-екі мың адам қатысатын құрылтайдың қажеті болар ма екен? Жиында бас қосу – мәселені шешу жолы емес немесе шешу жолына деген жалаң ұмтылыс қана.

Сонда кәзір ұлтқа не қажет?

Бұл сауалға жауап іздеуді жиынға бірігуден де маңызды әрі мазмұнды бастышарттар барына назар аударғымыз келеді. Бұлар ұлттың көсегесін көгертетін басты үш фактор/анық: ұлттық рух, ұлттық элита және ұлттық буржуазия.

 

Ұлттық рух

Бұл осылай аталғанымен, абстрактылы ұғым түрінде әркім түрліше ұғып жүр. Дегенмен, мұны белгілі тарихшы Л.Н. Гумилевтың сөзімен айтсақ, ұлттық рухты этностық пассионарлық күш түрінде қабылдауға болар. Ұлттық деңгейдегі рух халықтың өзінің төлтума қасиетін ардақтауы, мен мемлекеттік мүддесін толық қанағаттандыруға деген қауқары мен қуатының кернеп, тысқа көрініс беруі. Мемлекет ұлттық құндылықтарды неғұрлым қолдай түссе, бұл күшке қанат бітіп, өрлей түседі. Ал, керісінше одан қашқақтаса, ұлттық құндылықты жағалаған зиялы қауым да арқасын ер қажаған мәстектің күйін кешеді...

Мұндай жағдайда да қайтпайтын, қайсар тұлғалар жігерін жұмсай беретіні бар. Мәселен, кеңес өкіметі кезінде Шона Смаханұлы қазақ мектебі үшін қанша жүгірді, кімдерді ертпеді?! Ақыры қайырлы болды. Нәтижесі айқын. Болмаса қазақтың айтысы мен жыр-термесін көрінген жерге тықпалап, компартияның идеологиясына да құрал ете жүріп, осы құндылықтарды өз деңгейінде алып қалудың қамын қылғандардың бірі - Мардан Байбілдә ақсақал еді. Ал, Болат Сарыбаев бірнеше ғасырлық құм мен топырақтың астында, сансыраған сананың қыртысында қалған ежелгі қазақы күй аспаптарды қалпына келтірумен бірге Ұлы даланың құлақ күйін келтірмеді ме?! Бұл тұлғалар Гумилев келтірген алдыңғы жанкешті лек болатын, олардың еңбегі құр кеткен жоқ, толқындарға ұласты.

Қадыр, Мұқағали, Шаханов  жырлары анда-санда болса да қазақ рухын бірнеше жылға самғатып отырды. Олжастың «Аз и я»-сы бүкіл түркілерді дүр сілкіндіргенін ұмытуға болмайды. Ілияс, Ақселеу, Қойшығара, Тұрсындардың тарихи еңбектері мен әдебиеттері текке кеткен жоқ, алаш баласының аңсарын әуелетті, бостан күйді аңсатты, ішкі рухты алай-дүлей етті... Ақыры рух Желтоқсанның құйынына айналды, қазақ жастарына теңдік сұратты! Рухы қанға бөккен қазақты Есенғалидың бір ғана «Қасқалдағы» жұбатты. Ұлттық рух дегеніміз - осылар, тірнектеп жиналып, бір күні бұрқ ететін пассионарлық дүлей!

Рух болмаса  - ұлттың бар-жоғы беймәлім, ол - ұлттың тынысы,тірлік нышаны. Ұлттың жаны.

Рух – күлге көмілген рухани қоламта; соны үрлей алатындар таусылған күні ұлттың да күні бітеді...

 

Ұлттық элита

Элита – дегеніміз қалтасында алуан түсті дипломы барлар емес, ұлт пен саясатқа сөзі өтетін, халық үшін бір айтары бар, ықпалы мен әсері байқалатын ерек тұлғалар тобы. Олардың бірігуі міндет емес, бірен-саран болса да, жекедара жүрсе де ұлт алдындағы мұратын (миссиясын) ұмытпай, ұлт есесін жібертпеуге тырысатын тұлғалар әрқашан да бар. Кейбіреуінің атағы бар болар, біреуінің даңқы болмас, бастысы абыройы бар, халқы ылғи да биіктен көргісі келетін тірі келбеттер мен бейнелер – солар.

Халық осындай тұлғаларды іштей «аулайды», өз қажетінен көргісі келеді. Билік те оларды аулап, өз «қорасына қамайтыны» рас, себебі элита – әруақытта да электоратқа, саяси топтарға, жұртшылыққа сөзі өтетін, ықпал ететін  пассионарлық тұлғалар. Бұлардың саясатқа қоян-қолтық араласпаса да, биліктің бишігіне бағынбаса да ықпалы бар. Тіпті шетелге, жыраққа кетсе де оларды халықпен көрінбейтін көген байланыстырып тұрады, қажет кезде әлгі тұлғалар өз рөліне көше қояды.

Тіпті, олардың ауыл төбеттеріндей анда-санда бір үрердей әрекетінің өзі қоғамға ықпалды. Халық оны қара көреді, пір тұтады, кие етеді; билік оны дұшпан көрер, бірақ бәрібір ықпалынан сес көреді. Бірақ  оларды аулап тауыса алмайды, ұлттық элитаның пассионарлық қасиетінің мистикалық тұрпаты да сонда.

Шын мәнінде жуырда ғана өлген қара көсем Нелсон Мандела халқы үшін нақты не істеді? Айырықша ештеңе. Бар болғаны ұлт бостандығы үшін жапа шекті, сотталды, егемен болған Оңтұс Африка еліне атышулы реформа жасап қарқ қылмады, бірақ ең басты миссияны орындады, ол: ұлы элиталық мұрат еді. Халқы оны кие көрді, арқа тұтты. Ақыры элиталық ықпал нәтижеге қол жеткізді – қара халық бостан болды, қалғаны соның жемісі ғана. Манделаның мақсаты да сол болатын: өзін көсем ету емес, халқын бостан ету.

Желтоқсанда да қазақтың элитасы өз мұратын толық орындады. Бір ғана Жұбан ақынның қасқайып тұрып бір айтқан сөзінің өзі қазақтың төбесін Көкке жеткізді! Колбин бастаған билікті тітіретті. Тіпті, қазақтың рухани түлеуі Колбиннің кезінде-ақ басталды: Мұқтар Шаханов бастаған топ Наурызды – ұлттың Уақыт межесін Колбиннің қолымен қайтартты емес пе?!

Бізге ұлттық рухтың бесігін тербететін жаңа буын керек, толқын қажет! Және де ешбір еңбектің текке кетпейтінін ұғатын сұңғыла сана қарттардың жебеуі жетіспейді. Әңгіме таусылып, әніміз шырқалып біткендей күй кешу – пассионарлық кері кетуге апарады. Өжеттік пен қайсарлық, рухани айбын керек. Осы керектерді популизммен шатастырмайтын ұлттың діңгегін ұстар топ қажет... Қысқасы бүгінгі жаңаша қалыптасып жатқан ұлттық элитаға ой қорытар, бағыт түзер уақыт келді!

Элита болмаса – ұлтта қауқар жоқ, қайрат жоқ, ұлтта ие де, кие де жоқ...

 

Ұлттық буржуазия

Осындай қоғамдық-саяси термин бар, қазақшаласақ – ұлттық байлықтың иесі мен киесі деген ұғымға жуық. Ертеде мұны қазақ «бай» дейтін. ХХ ғасырда осылардың үрім-бұтағынан, айналасынан «Алаш» тобы қалыптасты. Олар қазақ мемлекеттігінің өткен ғасырдағы үлгісін түзуге тікелей араласты, ел мен жерді жинады. Ұлттың барын жинап мемлекет етуге жанталасты.  Ұлттың өзін құртуға бет түзеге қызыл империя қазақ буржуазиясын құртып тынды.

Егемен алған жылдардан бастау алған үдерісте қазақтың жаңа буржуазиялық өскіні бой көрсете бастаған еді. Олардың тарихи мұраты – қызыл империядан қалған материалдық байлыққа ие болып, егемен елге жарату болатын. Уақыт оларға бұл мақсатты орындатпады: «жас түркілер» қуылды, сотталды, өлтірілді, байлықтарын еркімен тұтыну құқынан айырылды... Нәтижесінде қазақ байлығы бұралқылар мен өгейлердің қолында немесе солармен бөлісетіндерге көшті. Енді тұтаса қаулай бастаған буржуазияның тоз-тозы шықты.

Ұлтта табиғи жолмен қалыптасқан буржуазия болмаса, оның материалдық ғұмыры кедейлікке ұшырайды, ең қарапайым мақсаты – киім мен баспана, қорек басты мұратқа айналады. Ұлттың байлығын оның буржуазиясы емес, кім көрінген пысықай иеленіп шыға келеді...

Ұлттық буржуазия болмаса - елдің экономикасы көрінгеннің қолында, тістегеннің ауызында.

Ұлттық буржуазия болмаса – елдің ішіп-жемін қамтыйтын орта-шағын кәсіп халықтың несібесіне айналмайды, дамымайды,бір ұраннан екінші ұранға көшетін арманға айналады.

Бізге бүгінгі керегі де осы үш анық.

Елсерік

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3258
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5562