Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 3705 0 пікір 3 Ақпан, 2014 сағат 08:15

Ерлан Бапанов. Қазақстан ДСҰ-ға кіруге дайын емес

Еліміздің ДСҰ құрамына  ену бағы­тын­­да келіс­сөз­дер жүргізіп келе жатқанына 20 жылға жуық­­­тап­­ты. 13-қаңтарда ҚР Пре­зи­­ден­­тi жанын­дағы Орта­лық коммуни­ка­­­циялар қыз­метiн­­де өткен бри­финг­­те ҚР экономи­ка және бюд­жет­­­тік жоспарлау вице-ми­нистрі Ти­мур Жақсылықов: «Ұйым­ға мү­ше болу үшiн тауар­лар, қыз­мет көрсету, ауыл шаруа­шы­лық және жүйе­лiк мә­се­ле­лер бойын­ша екi­жақ­­ты келiссөздер жүргiзу қарас­­тырыл­ған. Бұл төрт мәселе бойын­­­ша келiссөздер аяқталуға жа­­қын. Тек екi мәселе – тариф­тiк үйлесімділік және жергiлiктi үлес мәселелерi бойынша келiс­сөз­­­дер жүргiзу қалды. Сол себеп­тi, осы жылы келiссөздер толық аяқ­­та­лып, Қазақстан ДСҰ-ға мү­­ше болады деп күтілуде», – де­дi.

Еліміздің ДСҰ құрамына  ену бағы­тын­­да келіс­сөз­дер жүргізіп келе жатқанына 20 жылға жуық­­­тап­­ты. 13-қаңтарда ҚР Пре­зи­­ден­­тi жанын­дағы Орта­лық коммуни­ка­­­циялар қыз­метiн­­де өткен бри­финг­­те ҚР экономи­ка және бюд­жет­­­тік жоспарлау вице-ми­нистрі Ти­мур Жақсылықов: «Ұйым­ға мү­ше болу үшiн тауар­лар, қыз­мет көрсету, ауыл шаруа­шы­лық және жүйе­лiк мә­се­ле­лер бойын­ша екi­жақ­­ты келiссөздер жүргiзу қарас­­тырыл­ған. Бұл төрт мәселе бойын­­­ша келiссөздер аяқталуға жа­­қын. Тек екi мәселе – тариф­тiк үйлесімділік және жергiлiктi үлес мәселелерi бойынша келiс­сөз­­­дер жүргiзу қалды. Сол себеп­тi, осы жылы келiссөздер толық аяқ­­та­лып, Қазақстан ДСҰ-ға мү­­ше болады деп күтілуде», – де­дi.

    Қазақстан экономикасы ДСҰ­-ға кірген соң қалай болуы мүмкін? Cарапшылар ДСҰ туралы сөз ет­кен­­де, бұл ұйымға ену үшін, ал­ды­­мен, әлсіз тұстарымызды мық­­тап алуымыз керектігін ал­ға тартады. Мәселен, біз қа­зір­­де жеңіл өнеркәсіп және құ­ры­­лыс сек­торы, сондай-ақ агро­өнер­­кә­­сіп салалары бойын­ша тұты­ну­­­­шыларды то­лық­тай өнім­­мен қам­тамасыз ете алмай отыр­­мыз. «Ал ер­тең дүние­жүзі­­лік нарық­та ал­ды­мен осы салалары­мыз бәсеке­ге қабілетті болуы ке­рек» дейді мамандар. Тәуелсiз са­рап­­шы­­лардың пікірінше, ел­де жап­­пай өзгерулер орын ала­ды. Ша­ғын және орта бизнес өкіл­дері шығынға ұшырайды, өйт­кені шет­ел­дік өндірушілер тө­мен ке­ден­­дік баж салығымен отан­дық нарыққа еркін еніп, олар­мен бәсекеде біздің өндірушілер жеңіл­­уі мүмкін.

   Сондықтан «Жеті рет өл­шеп, бір рет кесу керек». Науқан­шыл­дыққа ұрынып, асығыстыққа жол берсек, өз экономикамызға залал  кел­ті­ре­міз. Мәселен  кезінде Қыр­ғыз­­­стан, Молдова және Гүр­жі­­стан елдері ұйымға кіру үр­ді­сін барын­ша жылдамдатты. Сали­қа­лы сараптамалық жұмыстар мен талдаулар жасауға аса мән бер­ме­ді.Соның салдарынан Қырғыз­стан­­ның аграрлық саласы мен өнер­кә­сі­бі зиян шекті. Елді им­порт жаулап алды, қырғыз өні­мі олармен баға және сапа бойын­ша бәскелесе алмай қал­ды. Бұл кәсіпорындар мен фер­мер­лердің күйреуіне, өнді­ріс­­тер­дің қысқартылуы мен жойы­луы­на, бюд­жет­ке түсетін са­лық­тың күрт азаюына әкеп соқ­тыр­ды. Гүржіс­­тан шетел инвести­ция­сы­­ның ағылуына қарамастан эко­но­­ми­­калық басымдықтарға ие бола алмады. Молдованың ауыл шар­уа­шылығы, машина жа­сау, те­ме­кі өндіру және шарап ашы­ту индустриясына күйреу қаупі төн­ді.

   Ал қазақстандық экономи­ка­­­ны қазіргі жағдайда бәсе­ке­­­­лес­­тікке қабілетті деп атау қиын. Дүниежүзілік тәжіри­бе­­ге сәй­­кес, әр салаға кем де­ген­де 3,25% -дан артық  экс­порт келсе ғана бәсе­ке­лес­­­тік­­ке қа­­бі­­лет­ті санала­ды. Қазақстанның дүниежүзілік сау­да­­дағы үле­­сі жайлы айтатын бол­­сақ, 2011 жылғы болжамдар бойын­ша, Азия-Тынық мұхиты ай­ма­ғын­­­да (АТА) Қазақстан үлесіне та­­уар экспортына – 1% келеді және қызмет экспортына – 0,4% ке­ле­­ді. 2011 жылдың нәтижесі бойын­­ша дүниежүзілік саудада қазақстандық экспорттың сал­ма­­ғы 0,39% асты. Енді жеке сала­лар бойынша айт­сақ, Қазақстанның отын-энерге­ти­калық ресурстар экспорты сала­сын­дағы үлесі – 1,3%, темір мен болаттың үлесі – 0,9% құ­рай­­ды. 2012 жылы да бұл көр­сет­­­­кіш­тер оңды өзгерістерге ұшы­­рай қойған жоқ.

  Ендеше,  Қазақстан  нелік­тен ДСҰ-ға кіруге асығады? Би­­лік­тегілер дүниежүзілік эконо­ми­­каға терең ықпалдастық жа­­сау арқылы ІЖӨ өсімінің қар­­қы­ны жылдамдатылады деп есеп­­тей­ді. Себебі, халықаралық сау­­да­ның дүниежүзілік эко­но­­­ми­­­­каға қарқын беруі, сон­дай­-ақ, жа­һан­­данудың бас­қа аспек­­ті­лерін өзі­мен бір­ге ілгері­ле­т­уі осын­дай болжам­дар­ға итерме­лей­­­ді. Ұйым­ға мүше болу ДСҰ мем­ле­­кет­терiнiң аумағындағы сау­да ер­кiн­­дiгi, транзиттiк тасымал­дар­­ға қатысты айтарлықтай жеңiл­дiк­терге қол жеткiзбек. Соны­мен қатар, импортталатын кө­лiк­терге кедендiк баж салығы да төмендейдi. Қазiргi уақытта жеңiл көлiктерге импорттық са­лым 30% көлемiнде екенi бел­гi­лi. Алайда бұл сома ұйым­ға кірген уақыттан үш жыл­дан соң ғана сатылы түрде азай­тыл­­мақ. Статистикалық мәлі­мет­тер­­ге сүйен­сек, соңғы  50 жыл­да өнді­ріс өнімдерінің дүниежүзі­лік сау­да мөлшері 17 есеге өсіп, ал дүние­жүзі­лік өндіріс мөлшері 6 есе­ге ұлғайған. Және де, соңғы 10 жылда дүниежүзілік сауданың жыл сайынғы өсу қарқыны 6,5%. Сонымен қатар, Қазақстан Еуро­па мен Азия арасындағы ғалам­дық транзиттік делдал болу­ға ұмтылуда, ал ДСҰ-ға нақ­ты мүшеліксіз бұл ұмтылыс се­нім­сіз көрінеді. Қарап отыр­сақ, жаман көрсеткіштер емес. Алай­да мұның барлығы жалпы­ла­ма қортындылар.

   Сонымен қатар, еркін сау­да­­ның пайдасы мен басым­­дық­­­тары ДСҰ-ның жаңа мү­ше­­сі­не автоматты түр­де ұсы­ны­­ла сал­майды. Көп нәр­се Қазақ­стан­ның экономи­ка­лық әлеуеті­нің дең­­гейі­не, өндіруші­лерінің мүд­­­де­­сін қатаң түрде қорғай алуы­­­на байланысты. Сондай-ақ  ел­­де­­гі демократиялық   үр­діс­ті  мейлінше дамытып, кор­­руп­­ция­­­­­­лық күштердің қысымын төменде­туі­міз ке­­рек. Бұл мәселелер біз­де күн өт­­кен сайын кері кету­де. Оның үс­ті­не АҚШ және ЕО өз фер­мер­­лерін субси­дия­лай оты­рып, даму­шы ел­дер­ге қол­дам­­паз­дық (протекционис­тік) сая­сат ұс­тана­ды. Мұнда бәсе­ке­­нің күш­ті­­лігі соншалық, даму­шы ел­­дер мен дамыған ел­дер ара­сын­­да­ғы қызмет пен та­уар құ­нын алшақтатып, тіпті, даму­шы ел­дің экономикалық әлеуетін тұншық­тыр­уы да мүмкін. Қа­зір­­гі таңда Қазақстанның экс­пор­­тын­да басты орынды мұнай, қара және түсті металл т.б ала­ды. Бүгінгі таңда Қазақстан кө­біне шикізатты экономикасы дамы­ған елдерге экспорттайды, айыр­бас­қа қайта өңделетін сала­ның өнімдерін үстеме қосылған құны­мен алады. Мәселе – өң­деу­­ші өнеркәсіп саласында туын­­дай­ды. Ең бастысы – осы сала­­ның және кәсіпорынның бәсе­ке­­ге қабілеттігінің төмендігі бо­лып отыр емес пе. Ең алдымен халық­ты толғандыратын басты мәсе­ле − азық-түлік бағасы, ал оның өзгеруі барша елдерге тән құ­бы­лыс. Еліміз ет пен сүт­те де им­порт­қа аса тәуелді. Осы тұр­ғы­­дан алсақ, Қазақстан азық­-тү­­лік қауіпсіздігі бойынша қауіп­­­ті аймақта тұр. Біздің бас­ты экс­­порт­шымыз − Қытай. ДСҰ­-ға мүше бұл ел үшін Қазақ­стан нарығының кең ашылуы тиім­ді. Себебі, бір жағынан, Кеден одағы құрылғалы  Қы­тай кәсіпкерлеріне елімізде жұ­­мыс істеу қиындап кетсе, екін­­ші жағынан, отандық та­уар өндірушілер ешқашан Қы­тай­­­мен бәсекеге түсе алмай­ды. ДСҰ­-ның міндеттері отан­дық өн­діріс­тің және жергі­лік­­ті биз­нес­­тің дамуына бел­гі­лі бір шек­­теу қояды. Бюджет­пен қар­жы­ландырылып отыр­ған ауыл шаруа­­шылық бағдарла­ма­­­лары, ша­­ғын бизнес бағдар­ла­ма­лары мемлекеттік субси­дия­­дан айыры­­­лады. Бұл он­сыз да шат­қаяқ­­­тап тұрған ауылшаруа­шы­­лы­­­ғы саласын құрдымға жі­бере­ді. Себебі оның дамуы мемле­кет­­тік жыл сайынғы субсидия­лар­­ға да қарамаcтан төмен бо­лып отыр.

   Елімізде тәуелсіздік алғалы бері әлі бірде-бір мұнай өңдеу зауы­ты салынбапты. Тек совет өкіме­ті кезінде бой көтерген  үш за­уыт бар. Оның өзі, Павлодар мұ­най өңдеу зауыты Батыс Сібір мұнайы­на, ал Шымкент мұнай өңдеу зауыты 25-30 пайызға Ре­сей мұнайына тәуелді екен. Сон­дық­тан Қазақстан өзінің мұ­най өңдеу зауыттарын жа­ңарт­пайын­ша және жаңадан бірне­шеуін салмайынша, жанар-жа­ғар­­­­май бағасы арзандайды деп үміт­­тену­ге болмайды. Жаңа за­уыт­­тар салынып, олар өз шикі­заты­­мыз­ды өңдеуі тиіс.

   Бірқатар нысандарды кө­гіл­дір отын пайдалануға көші­ру үшін елімізге газ өң­дей­тін зауыт­тар салу қажет. Жал­пы, Ши­кі­зат өндірісімен ғана отыр­ған Қазақстанға тұтыну­шы­лар колониясына айналып кету қау­­­пі бар. ДСҰ қандайда бір та­­уар шы­ғаратын елдер үшін тиім­­­ді екенін ескерсек, әзір­ге біздің мем­­­лекеттің мүд­де­сі үшін тиім­сіз екенін ес­тен шы­ғар­­­­­мауы­­мыз керек. Кеден­дік одақ­тың ая­сын­дағы ортақ ке­лі­­­­сім­­­дер жасау­да көрші Ре­сей та­ра­­пынан экономикалық кемсі­ту­­­ші­­лік­­терге ұшырап отырғаны­мыз аз­дай, енді тағы бір ұйым­ға ұм­ты­­лып екі қайықтың құйры­ғын ұс­­та­ғанның кебін кимекпіз бе?  Қысқасы,  сауданың «ортақ қазанын­да» әлемнің 150-ден ас­там елімен алыс-беріс жасасу­ға Қа­зақ­станның ішкі нарығы әлі дайын емес.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5555