Гүлмира Сатыбалдының ісі: сот тергеуі аяқталды
Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Гүлмира Сатыбалдының ісі бойынша сот тергеуі аяқталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Сот процесі кезінде 17 отырыс өткізілген.
– Сот тергеуді аяқтап, жарыссөздерді тағайындау жөнінде қорытындыға келеді. Баяндалғанның негізінде сот қаралып жатқан іс бойынша сот тергеуін аяқтау жөнінде шешім қабылдады, - деді судья.
Сот жарыссөздері 22 тамызда таңғы 10-да басталады.
Гүлмира Сатыбалды деген кім?
52 жастағы Гүлмира Сатыбалды - Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі. 2005 жылға дейін Қайрат Сатыбалдымен некеде тұрған. Мамандығы – мұғалім. Ортақ үш балалары бар (ұлы Бауыржан және екі қызы: Аружан мен Дария).
Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Қайрат Сатыбалдыны қамауға алғаннан кейін арада бірнеше күн өткенде Г.Сатыбалды бизнесті рейдерлік басып алды деген күдікпен ұсталды. Прокурордың айтуынша, тергеу барысында ол Қазақстаннан қашуға тырысқан.
Кейінірек ведомство іс рейдерліктен басқа, Шымкент Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының нақты орындалмаған құрылыс-монтаж жұмыстары үшін төленген 741 млн бюджет қаражатын ұрлау бойынша өтіп жатқанын айтты. Гүлмира Сатыбалды бұл іс бойынша мемлекетке келтірілген залалды өтеген.
Ол не үшін сотталады?
Осы сот процесі аясында Гүлмира Сатыбалдыға Қылмыстық кодекстің бірнеше эпизоды бойынша айып тағылуда: ауыр зардаптарға әкеп соққан озбырлық (389-бап, 3-бөлік); қылмыстық құқық бұзушылықты ұйымдастыру (28-баптың 3-бөлігі); адамдар тобымен алдын ала сөз байласу арқылы адам ұрлау (125-баптың 2-бөлігі 1.8-бөлігі).
Сотталушының өтініші бойынша сот процесі барысында Гүлмира Сатыбалдыны фото және видеоға түсіруге және жариялауға тыйым салынды.
Abai.kz