Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Билік 1703 25 пікір 23 Тамыз, 2024 сағат 12:34

«Одақтас ел»: Қазақ пен Тәжік не келісті?

Фото: Ақорда

Қазақстанның электронды үкімет порталы Тәжікстанға экспортталды. Еgov өнімінің бағдарламаларын енді Тәжікстан азаматтары да пайдалана алады.

Мұндай келісім Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Тәжік еліне жасаған мемлекеттік сапарында айтылды. Екі ел бұдан өзге де маңызды жобаларды жүзеге асырады.

Президент Қасым -Жомарт Тоқаев: «Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы қарым-қатынас барлық бағытта қарқынды дамып келеді. Біз сенімді одақтас елдерміз. Қазақстан тарапы Тәжікстан халқының Қазақстанға деген тілеулес ниетін жоғары бағалайды. Бірақ мұнымен тоқтап қалуға болмайды», - деді.

«Фридум банк» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі Айдос Жұмағұлов, Тәжікстандықтарға электронды порталды енгізуге көмектесетіндерін айтты. Ол: «Біздің IT мамандарымыз осы елге келіп Еgov платформаны енгізіп, тиімді жұмыс істеуіне көмектеседі. Одан бөлек финтех компаниялар Қазақстан мен Тәжікстан нарығындағы IT хабқа шыға алады», - деді.

Қазақстан мен Тәжікстан 2015 жылы серіктес республика ретінде келісімге келген. Енді екі елдің достығы жаңа сатыға көтеріледі. Бұл барлық саланы дамытуға тең мүмкіндік береді.

«Өткен айда мемлекетіміздің премьер -министрлері кездесті. Жиынға қатысушылар екі жақты ықпалдастық тетіктерін талқылады. Соңғы бес жылда екі ел арасындағы тауар айналымы екі есеге өсті. Осылайша біз 1 млрд доллар межесінен аса алдық», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Тәжікстан Президенті одақтастар туралы шартқа қол қою мемлекетаралық байланыстарға тың серпін беретінін айтты.

«Бұл халықтарымыздың түпкілікті мүддесіне сай келеді. Сіздің сапарыңыз аясында бірқатар іс- шаралар ұйымдастырылады. Қазақстанның мәдениет күндері, қазақ киносының күндері өтеді. Екі елдің зиялы қауымдары, ғалымдары жастар мен кәсіпкерлері бас қосады. Мұның барлығы қос мемлекет пен халықтың достығын бір біріне жақын екенін көрсетеді», - деді Эмомали Рахмон.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Тәжікстанның көпжақты серіктестігінің берік негізі саналатын жоғары деңгейдегі тұрақты кездесулерге баса мән беретінін айтты.

«Ең алдымен, ежелгі тәжік жеріне табаным тиген сәттен бастап көрсеткен сый-құрметіңіз бен қонақжайлық көңіліңіз үшін шын жүректен ризашылығымды білдіремін. Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы қарым-қатынас барлық бағытта қарқынды дамып келеді. Біз – сенімді одақтас елдерміз. Қазақстан тарапы Тәжікстанның қазақ халқына деген тілеулес ниетін жоғары бағалайды. Бірақ мұнымен тоқтап қалуға болмайды. Біз алға қарай жылжуымыз керек. Бұл сапар – ынтымақтастығымызды дамытуға тың серпін беруді көздейді. Бүгін Одақтастық қатынастар туралы шартқа қол қойылады. Меніңше, бұл құжаттың тарихи маңызы зор. Осы орайда бірқатар өзекті мәселе бойынша мазмұнды пікір алмасамыз деп ойлаймын», – деді Қазақстан Президенті.

Abai.kz

25 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2052