Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 3417 0 пікір 11 Ақпан, 2014 сағат 12:06

Қыста кофе мен мандарин өсіріп отыр

Суретте: кәсіпкер Людмила Земляная

Өскемен қаласындағы жерасты жылыжайында мандарин, банан, анар, інжір, тіпті кофе де өсіріледі. Іскер ерлі-зайыптылар жылыжайды үш метр тереңдікте салған.

“Күйеуім мен күйеу балам мың шаршы метрге жететін толық жылыжай кешенін салды. Температураны бір қалыпта ұстау үшін, яғни 16-17 градус жылы болып тұруы үшін пеш жағушыларды жұмысқа алдық. Қазір пеш күндіз-түні үзілмей жағылады. Жылыжайдың төбесі күн сәулесі түсетін шыныдан жасалған”, – деді кәсіпкер әйел Людмила Земляная.

Жылыжай әрқайсысының ұзындығы 35 метрге жалғасатын төрт бөліктен тұрады. Олардың біріне толығымен лимон ағашы егілген. Олар бес жылда өсіп, жеміс бере бастапты. “Өткен жылы бір тонна лимон саттық. Бұл өзімізге, туыстарымызға, таныс, жолдас жораларымызға таратқанымызды санамағандағысы”, – дейді Л.Земляная.

Людмиланың сөзіне сенсек, бағбанның өзі де жылыжайында қанша өсімдік барын нақты білмейді. Жақында қызы екеуі ауқымды санақ жүргізуді жоспарлап отыр.
Жерасты бағын көруге Алматы, Талдықорған, Қарағанды және еліміздің өзге аймақтарынан да адамдар келіп жатқан көрінеді. Бірі жай тамашалағысы келсе, өзгелері осынау кәсіпті үйренгісі келеді екен.
Сол секілді ресейлік мамандар да Земляная отбасының жылыжайына қызығушылық танытып отыр. Өйткені, бүгінде салмағы бір келіге жететін лимондарды Өскемен базарларында көру таңсық емес. Дегенмен, бес жылдан бері жемісті еңбек етіп келе жатқан жерасты жылыжайы бар отбасы жайлы көбі біле бермейді. Сондықтан болар, көп тұрғын көлемді лимондарды пестицидтерге толы Қытайдан келген жеміс деп ойлайды.

YK-news.kz
0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3260
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5576