Әлем әдебиеті қазақ тілінде
Қазіргі уақытта мемлекеттік тапсырыс аясында қазақ тіліндегі көркем әдеби кітаптарды басып шығару және оны тарату ісі біршама жолға қойыла бастады. Еліміздегі баспалардан жыл сайын әртүрлі сериялар бойынша шығып жатқан кітаптар аз таралыммен болса да, ең бірінші кезекте республика кітапханалары мен кітап дүкендеріне таратылуда.
Мемлекеттік тілдің қолдану аясын ұлғайтып, әдебиетіміздің көкжиегін кеңейтетін бір сала – көркем аударма. Бұл бағытта да жергілікті аудармашылар, бүгінгі оқырманға қажетті де қызықты делінген шетел жазушыларының туындыларын тәржімалауда. Бұл өз кезегінде қазақ оқырмандарының әлем әдебиетімен өз ана тілінде сусындауына мүмкіндіктер бермек.

Бүгінде «Туран-Азия» Холдинг-орталығы алыс-жақын шетелдік авторлардың үздік көркем туындыларының қазақ тіліндегі нұсқасын тәржімалап, бұрынғы басылғандарын жаңаша редакциялап шығарумен айналысып келеді. Өткен 2013 жылы француз жазушысы Александр Дюманың атақты «Үш Ноян»(тәржімалаған:Ә.Жұмабаев) және «Граф Монте Кристо» (2 том, тәржімалағандар: Ә.Жұмабаев, Қ.Жұмағалиев) атты кітаптарының қазақ тіліндегі нұсқасы әрқайсысы 3000 таралыммен жарық көрді. Әлем әдебиетінің озық туындыларын қазақ оқырмандарына ұсынып келе жатқан холдинг-орталықтан бұған қоса жуырда Дэн Браунның «Да Винчи Коды» (тәржімалаған: Мекеев Б. Т.) және Агата Кристидің «Лорд Эджвердің өлімі» (тәржімалаған:С. Арпабеков) атты кітабын қазақ тіліне аударып басып шығарды.
Жаңа жарық көрген және алдағы кезде басылып шығатын аударма кітаптарға жекелеген адамдар, оқу орындары мен кітапханалар арнайы тапсырыс беріп алдырта алады. Аталған кітаптарды 262-14-28, 262-14-42, 262-14-36 (117) телефон номерлеріне хабарласып, тапсырыс беру арқылы алуға болады. Немесе мына электронды мекен –жайға жазып жіберсеңіздер болады: ak_lima_90@mail.ru
Әлем классиктерінің озық туындылары қашанда оқырмандар арасында үлкен сұранысқа ие болып отыратындықтан, аударма кітаптар баспахана мен сөрелерде шаң басып қалмасы анық. Қанша жерден интернет дамып, электронды оқулық пен кітаптар қолданысқа ене бастаса да, қолға ұстап оқитын кітаптың қадір-қасиеті ерекше екені белгілі. Мұны әсіресе жас буын өкілдері терең ұғынуға тиіс.
Қазір еліміздегі ЖОО-ларда білім алып жүрген 600 мыңнан астам жастың 52 пайызы мемлекеттік тіл – қазақ тілінде білім алады. Алдағы жылдарда мемлекеттік тілде білім алатын жастар 70 пайызға жетеді деп күтілуде. Бұл еліміздің жоғары оқу орындарына қазақ тіліндегі оқулықтар мен көркем әдеби кітаптардың молынан қажет екенін айқындай түседі. Ресми есеп бойынша қазіргі күні елімізде 50 миллион кітап болса, мұның 8 миллионға жуығы ғана қазақ тілінде екен.
Бұл бізден қазақтіліндегі оқулықтар мен кітаптарды көптеп шығаруды талап етеді. Бүгінде жоғары оқу орындары үшін аса қажет базалық оқулықтар мен өзге де көркем кітаптарды басып шығаруға мемлекет бюджетінен бөлінетін арнайы қаржы көлемі жыл сайын өсіп отырғандығын айта кеткен жөн. «Туран-Азия» Холдинг-орталығының көркем аудармаға қатысты игі жобасы алдағы уақытта да жалғасын тауып отырмақ.
Абай-ақпарат