Жұма, 22 Қараша 2024
Аласапыран 1934 12 пікір 29 Тамыз, 2024 сағат 14:10

Шайқастар картасы: Курскіге Мәскеудің түкіргені бар ма?

Коллаж: Abai.kz

Шеврондарында үш айыр белгісі бар армия 80 жыл бойы жау етігі баспаған Курскі облысының жерін таптап, Белгород облысына басып кіруге ұмтылып, Мәскеуге дрондармен шабуыл жасап жатыр ғой...

Кеше Украинаның әскербасы, генерал Сырский: «Біз Курск облысындағы 100 елдімекенді өз бақылауымызға алдық. Бұл 1294 шаршы шақырым аумақ. 594 басқыншы тұтқынға алынды. Бұл бағытқа (Курскке) Ресей 30 мың әскери қызметкерін орналастырып жатыр», - деді.

КУРСКІ МАЙДАНЫНЫҢ КАРТАСЫ

Қиянкескі шайқастар жүріп жатқан нүктелер: Борки, Коренево, Кремяное, Малая Локня, Спальное, Ольговка, Русская Конопелька, Апанасовка, Викторовка, Кругленькое, Красноктябрьский, Любимовка, Мирный, Новая Сорочина, Обуховка, Плехово, Свердликово, Суджа, Снагость және Южный елдімекендері.

Украина авиацияны да іске қосқан. Негізінен «Вампир» дейтін РСЗО-ны және FPV дрондарды көптеп қолдануда.

Екі негізгі бағытқа тоқталсақ:

Бірінші бағыт: Суджа-Коренево-Рыльскі-Льгов жолын бойлап жалғасуда. Бұл жолда: Казачья және Малая Локня, Свердликово, Любимовка нағыз қанқасап болып жатқан жерлер.

Украина Курск-Рыльск көлік жолын бақылауға алуға тырысуда. Ресей бұл трассаны азаматтық қолданыс үшін жабық деп жариялады.

Екінші бағыт: Глушково қоршауы. Бұл жолда Теткинодан бастап, Званное мен Глушководан бұрылып, Комарова, Снагость пен Апанасовкада атой салып, Любимовка мен Свердлиководан қоршауды жабуға барын салуда.

Қосымша: Украина әскері бір жақта шет жолда Большое Солдатскіге, орта жолда Кромские Быкиге дейін жеткенін білеміз.

Енді тақыпқа тұздық ретінде орыс еркектерінің бүгінгі образы туралы екі ауыз сөз айтайық:

РЕСЕЙ ХАЛҚЫ РЕСЕЙДІ ҚОРҒАҒЫСЫ КЕЛМЕЙДІ!

Украина әскері үш апта болды, Ресейдің ішкі территориясына әскер кіргізіп, жүз шақты елдімекенді өзіне бағындырды. Мұнымен қоймай, ор қазып бекіне бастады. Ал «әлемнің екінші әскері» деп әспеттелген армия үш аптадан бері Украинаны Курскіден қуып шыға алмай отыр. Оның басты себебі – Ресей армиясындағы адам тапшылығы!

Соғыстың алғашқы күндерінен күні бүгінге дейін Ресей билігінің насихаттық машинасы тоқтаусыз «патриотизм», «әскерге шақыру», «орыстың жерін қорғау» туралы жақтары талғанша сөйлеп жатса да, оларынан түк шықпады. Керісінше Илья Муромецтің, капитан Тушиннің және Краснодонның жас гвардиясының ерліктерімен тәрбиеленген орыс еркектері әскери комиссариаттардың маңын топырлай шаң қылудың орнына Оңтүстік Қапқаз бен Орталық Азияға топырлай қашты.

Осыдан соң, амалы құрыған Ресей әскери билігі соғысқа адамдарды ақшамен арбау амалына көшті. Ресей еркектері Отанды ақшаға ғана қорғайтын күйге қалай түсті? Бұған 2 факторды атауға болады.

Біріншіден: Бүгінгі Ресей еркектері қарақан бастың қамын ғана ойлайтын күйге жеткен. Олар әлдеқашан жайлы өмірдің бесігіне бөленген, «Отан» ұғымының көк тиындық құны жоқ.

Екіншіден: «Әйелдер әлі де бала тауып береді» деген Жуков ұранының күні өткен. Бүгінде орташа статистикалық орыс отбасысында екі баладан кем болмаса, артық емес! Сондықтан, есі дұрыс бірде-бір ана ұлын соғысқа, өлімге жібермейді. Ресейлік насихат осы факторды да елемеді. Өйткені, тууы төмен елде әскер жинау - аса үлкен проблема!

Abai.kz

12 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1435
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3202
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5150