Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 3039 0 пікір 14 Ақпан, 2014 сағат 06:50

Интернет-конференция: Қайрат Бодауханұлы

Қайрат Бодауханұлы «қой жылғы қоңыр көштің» (1991 жылдан басталған көш) қоңырауымен  Бабақонысына оралған бауырымыз. Жоғары білімді Ресейден алған азамат.

Қайрат Бодауханұлы «қой жылғы қоңыр көштің» (1991 жылдан басталған көш) қоңырауымен  Бабақонысына оралған бауырымыз. Жоғары білімді Ресейден алған азамат.

Қайрат мырза Тәуелсіз қазақ мемлекетіне қадам басқан сәттің  алғашқы күндерінен бастап жалпы көпке ортақ игілікті істерге  білек түре кірісіп кетті. Оралман мәртебесі бар ағайынның ортаға икемделуіне қадари-халінше мүмкіндік жасауға ұмтылған өкімет адамдарының бірден-бір кеңесшісі де, ақылдасар адамы да көші-қон мәселесінде Қайрат Бодауханұлы болды. Қайрекең үкімет тарапынан берілетін жеңілдіктерді пайдаланып Қытайдан, Моңғолиядан, Өзбекстаннан келген талай отбасына жер алып беріп, баспаналы болуына жәрдемдесті. «Асар» атты ұйым құрды. Қазірде  ол осы «Асардың» ноқтаағасы, анықтай айтсақ, «Асар» республикалық оралмандар қоғамдық бірлестігінің» төрағасы. Бірлестік алдағы үш жылдың шегінде Елордамыздың қасынан «Нұрбесік» деп аталатын шағын қалашық салып бітіруді жоспаралап, іске кірісіп кетті. Қалашықтағы үйлер «Таун хаус» үлгісінде салынады. Біз мұны неге екпін түсіре жазып отырмыз? Өйткені алыстан оралған ағайындарымыздың арасында Қайрат сияқты іскер азаматтар өте көп. Олар осы күндері қоғамның барлық саласында еңбек етіп, ел-жұртпен біте қайнасып үлгерді. Сонымен, кезекті интернет-конференциямыздың мәртебелі мейманы – Қайрат Бодауханұлы. Қайрат мырзаға қояр сауалдарыңыз бен айтар ойларыңыз болса, марахаббат.

Abai.kz  

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3258
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5564