Жексенбі, 29 Желтоқсан 2024
Жаһан жаңғырығы 2253 1 пікір 5 Қыркүйек, 2024 сағат 14:53

Лай басшы Қытайға: Ресейден жеріңді қайтарып ал!

Коллаж: Abai.kz

Кей кезде Ресей саясаткерлерінің: «Қазақта жер болмаған, бәрі орыстікі», - деген ауыз қышытатын сөзіне ден қойғың келген шақта, «аспан асты елі» қандай ойда деген пікірге тұмсық түйістіресің.

Бірақ, дәп осы ауыз қышыту Қытайдың аузынан шыққан сәтте орыстар қандай кепке түседі деген ойға қаласың?

Сонымен сөздің тоқетеріне келер болсақ: Тайуан Президенті ҚХР билігіне үндеу жасап: «Алдымен  XIX ғасырда Ресейге берілген жерлерін қайтарсын», - деді.

Тайуан президенті Лай Циндэ Қытайдың Тайуанға шабуылына түсініктеме бере отырып, егер ҚХР билігі елдің бірлігі мен аумақтық тұтастығын қалпына келтіруге ұмтылса, онда олар Ресейге өзінің аумақтық талаптарын ұсынуы тиіс деп мәлімдеді.

Әңгіме бұл орайда Приморск өлкесі, Хабаровск өлкесінің бір бөлігі және Амур облысы туралы болып отыр.

«Неге «Айгун» шартына сәйкес Ресей басып алған жерлерді қайтаруға болмайды? Ресей қазір өте әлсіз, солай емес пе?», - деді Лай Циндэ.

Тайуан көшбасшысы ҚХР Тайуанға аумақ үшін шабуыл жасамақшы екенін атап өтті. Оның айтуынша, Қытай шын мәнінде халықаралық тәртіпті өзгертіп, Тынық мұхитының батыс бөлігінде халықаралық аренада гегемонияға қол жеткізгісі келеді.

Қазақ бұны «Аяз би әлініңді біл, құмырсқа жолыңды біл» дегеніне саяды.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2083