Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 4732 0 пікір 24 Ақпан, 2014 сағат 05:19

Мақсат Ілиясұлы. НАМЫСЫМЫЗДЫ ТАПТАТПАЙЫҚ! ҚОЛ ҚОЙЫП, ҚОЛДАУ КӨРСЕТІҢІЗДЕР!

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
С.Н. Ахметовке
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі
Е.Ә. Ыдырысовқа

Құрметті Серік Нығметұлы!
Құрметті Ерлан Әбілфайызұлы!

Қазақ халқының бауырмалдығын, қонақжайлылығын әлдекімдер оның әлсіздігі, жасық, намыссыздығы деп бағалайтын сияқты. Соңғы кезде «мәңгілік дос» ресей елінің «мәңгілік бауыр» азаматтары Қазақстан мемлекетін, қазақ ұлтын мазаққа айналдырып, балағат сөздер айтып, қазақ ұлтының намысына тиіп жатқан жағдайлар көбеюде.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
С.Н. Ахметовке
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі
Е.Ә. Ыдырысовқа

Құрметті Серік Нығметұлы!
Құрметті Ерлан Әбілфайызұлы!

Қазақ халқының бауырмалдығын, қонақжайлылығын әлдекімдер оның әлсіздігі, жасық, намыссыздығы деп бағалайтын сияқты. Соңғы кезде «мәңгілік дос» ресей елінің «мәңгілік бауыр» азаматтары Қазақстан мемлекетін, қазақ ұлтын мазаққа айналдырып, балағат сөздер айтып, қазақ ұлтының намысына тиіп жатқан жағдайлар көбеюде.

 Ресей Федерациясы Мемлекеттік думасының вице-спикері Владимир Жириновский "Россия 24" телеарнасына берген сұхбатында «Никаких республик в Средней Азии. Среднеазиатский федеральный округ – главный город Верный! Сегодня у него чужое название Алмата – мой родной город. Это придумали Узбекистан, Киргизия, Таджикистан, Туркмения, Казахстан. Среднеазиатский федеральный округ!»

#t=1454" target="_blank">
#t=1454
деп, Қазақстан мемлекетінің тәуелсіздігіне, Конституциясына қарсы, жерінің тұтастығына қауіп туғызатын мәлімдеме жасады. Владимир Жириновский жәй  адам емес, Ресей Мемлекеттік думасындағы екінші лауазымды тұлға, үлкен бір партияның жетекшісі. Олай болса, оның бұл арандатушылық пиғылдағы мәлімдемесін Ресей Федерациясының ресми саяси ұстанымы деп бағалауға болады.
Қазақстан театрларының біріне шақырылған ресейлік актер Алексей Панин аузына келгенді айтып, «Овцеводы, тупорылые казахи» деген. https://www.facebook.com/profile.php?id=100006689553105.
Ал ресейлік әсіре ұлтшыл Эдуард Лимонов өзінің www.facebook.com әлеуметтік желісіндегі парақшасында 19-ақпанда «Я надеюсь что часть Украины достанется России, если мы не будем зевать, и северный Казахстан достанется, можно будет получить наши русские города в Россию, в момент междувластия в Казахстане» деп жазды. https://www.facebook.com/eduard.limonov?fref=ts, Ал 21 ақпан күні «Мой ответ Казахстану. Казахстан возмутился моими высказываниями, теми, где я,говоря об Украине, мимоходом упомянул, что российские города основанные и населённые русскими,оказавшиеся после разделения СССР на казахской территории должны быть возвращены России, и что Россия имеет право потребовать их обратно.
Скажем город Уральск, ранее называвшийся Яик,Яицкий городок, бывший, кстати сказать центром пугачёвского восстания, какого черта он должен принадлежать Казахстану?
Или Актюбинск, или Петропавловск, или Семипалатинск, или Павлодар или Усть-Каменогорск....Это русские города.У казахов вообще не было городов, у них традиционно кочевая культура.
Казахские журналисты обильно названивают мне последние дни. Казахский МИД требует от МИДа российского чтобы тот что-нибудь сделал. А что, они могут мидовцы ? Вызвать меня, подмигнуть и сказать шёпотом, что они со мной согласны в МИДе» деп жазды. Мұның бәрі біздің, қазақстандықтардың ашу-ызасын туғызып отыр.
Осыған орай:
1. Ресей Федерациясынан Владимир Жириновскийді, Эдуард Лимоновты  стратегиялық әріптес болып табылатын екі мемлекеттің арасында ұлттық алауыздық туғызып, экстремистік әрекеттерге итермелегені үшін жауапқа тартуды талап етулеріңізді,
2. Алексей Панинді Қазақстанға шақырған жеке немесе заңды тұлғаларды анықтап, жауапқа тару туралы құқық қорғау органдарына тапсырма берулеріңізді,
3. Владимир Жириновский, Эдуард Лимоновтың, Александр Беловтың, (Поткин), Алексей Панинның Қазақстан аумағына кіруіне тиым салуды талап етеміз.
4. Петропавловск қаласын Қызылжар, Павлодарды Кереку деп аттарын өзгертудің де уақыты әлдеқашан жетті. Ресей әсіре ұлтшылдарының келеңсіз әңгімелеріне арқау болмас үшін барлық облыс, аудан, ауыл, жер-су аттарын қазақиландыруды талап етеміз.
Осы мәселелер туралы шұғыл әрі нақты шешім қабылдап, Ресей Федерациясына ресми нота жіберулеріңізді және мұндай келеңсіздіктердің бұдан әрі қайталанбауын қамтамасыз етулеріңізді талап етеміз

Ашық хат Мақсат Ілиясұлының https://www.facebook.com әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасынан алынды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3258
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5562