Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 6188 0 пікір 24 Ақпан, 2014 сағат 09:52

Біз қайда барамыз?

 

 

Біз қайда барамыз?  Осы сөзде үлкен мән мен ұлағаттық мағына жатыр. Испандықтардың «Кемеңе атты тауып қойсаң, мұхитта жақсы жүзеді» деген нақылы бар.

1994 жылдың желтоқсан айында «Қазақ телевидениесі мен радиосы корпорациясының» бас басқармасына бөлім меңгерушісі болып тағайындалдым. Қазір ойлап отырсам, ол жерге менің ұйымдастырушылық қасиетім керек  болған сияқты. Ойламаған жерден орталық телевидениеге келу, ұйымдастырушылық қабілеттеріммен қатар, шығармашылық өсіп-өркендеуіме айқын жол ашты. Саяси-әлеуметтік мәселелері барынша белең алып тұрған тұс еді. Ел ішін маскүнемдік жайлап, жезөкшелік ауа жайылып, түзу жолдан тайдырып тұрған кез-тін. Қалың елдің қабырғасы қайысып, не істерлерін білмей дағдарып тұрған шақта, жол сілтеп жөн көрсететін хабарлардың болғаны жақсы емес пе?

 

 

Біз қайда барамыз?  Осы сөзде үлкен мән мен ұлағаттық мағына жатыр. Испандықтардың «Кемеңе атты тауып қойсаң, мұхитта жақсы жүзеді» деген нақылы бар.

1994 жылдың желтоқсан айында «Қазақ телевидениесі мен радиосы корпорациясының» бас басқармасына бөлім меңгерушісі болып тағайындалдым. Қазір ойлап отырсам, ол жерге менің ұйымдастырушылық қасиетім керек  болған сияқты. Ойламаған жерден орталық телевидениеге келу, ұйымдастырушылық қабілеттеріммен қатар, шығармашылық өсіп-өркендеуіме айқын жол ашты. Саяси-әлеуметтік мәселелері барынша белең алып тұрған тұс еді. Ел ішін маскүнемдік жайлап, жезөкшелік ауа жайылып, түзу жолдан тайдырып тұрған кез-тін. Қалың елдің қабырғасы қайысып, не істерлерін білмей дағдарып тұрған шақта, жол сілтеп жөн көрсететін хабарлардың болғаны жақсы емес пе?

Көп ізденіп, келелі бір іске қол жеткізгендей болдым. Қазақ қауымында қордаланып қалған әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерге арналған «Біз қайда барамыз?» атты бағдарламаны аштым. Бұл бағдарламаның басқаларынан өзгешелігі – оған білікті мамандар, интеллигенция өкілдері, жастар мен ардагерлер шақырылатын. Әңгіме ток-шоу ретінде үлкен студияларда жазылатын. Қазақ тіліндегі алғашқы ток-шоу жанрларының бірінің  басында болғанымды қуанышпен еске аламын.  «Біз қайда барамыз?»- атты  ат қойып, айдар тапқан  хабарымның негізгі мақсаты   қазақ қоғамындағы  келеңсіз жағдайлармен  күресіп,  отандастарымыздың  бойына  ұлттық құндылықтарымызды енгізу, жас ұрпаққа патриоттық тәрбие қалыптастыру   болып табылатын.

Алғашқы хабарым – «Арақ – атамыздың асы емес» деп аталынды. Онда қазақ қоғамындағы іш қынжылтар мәселелердің өршіп бара жатқандығы ашығынан әңгіме етілді. Маскүнемдіктің молайып, ішімдіктің дендеп бара жатқандығын жар сала жеткізгіміз келді. Әсіресе, жастардың жаппай бұзылуына араша болғымыз келген ойымыздан жаман нәтиже шықпаған сияқты. Маңдайалды хабарға әртүрлі материалдар, сюжеттер пайдаланылды. Мен Қазақстан бойынша барлық деректі алға тарттым. Әңгімеге нарколог-дәрігерлер, білікті мамандар, профессорлар, академиктер, милиция қызметкерлері қатыстырылды. Бірден бұрқ ете қалған бұл хабар бұйығы елді сілкінтті. Дүйім жұртты дүр еткізген дәл осынау хабарда тұңғыш рет елімізде маскүнемдіктің кең белең алып отырғандығы мойындалды. Кезінде дұшпандарымыз әлдеқандай мақсатпен әкелген бұл зәһар ұлттың бордай тозуына бастайтын қауіпті кеселдің басты екендігі дәлелденді.

Екінші бір хабарым бүтіндей зиялы қауымды қатты алаңдатып, рухымыз бен намысымызға қара құрттай күйе жағып отырған жезөкшелікпен күрес мәселесіне арналған еді-ау. Бұл хабардың аты – «Қазақ қызына қырық үйден тыйым» деп аталатын. Жұртшылық мұны да жылы қабылдады. Қаракөз қыздарымыздың  арсыздық жолына  түсуіне не себеп болғаны  жан-жақты талқыланды. Бағдарламаны телекөрермендер  жылы қабылдады.Арды бәрінен  жоғары ұстайтын қазақ баласы үшін  хабардың тәлім-тәрбиесі  биік болды.

Үшінші хабарым негізінен дін тақырыбына арналған еді. «Ислам діні және жастар тәрбиесі» деп аталған кезекті хабарды дайындауға бір мыңға тарта адам қатыстырылды. Студиядағы әңгіменің өзіне екі жүзден астам адам қатысты. Ең бастысы аталмыш көрсетілімге Қазақстан мұсылмандар діни бас басқармасының бұрынғы төрағасы, бас мүфти Рәтбек қажы Нысанбайұлы мен марқұм, Қазақстанның Халық жазушысы Қалтай Мұхамеджанов сынды асқар таудай ағаларымыз қатысып, бетпе-бет әңгіменің көрігін қыздырды. Өзара пікір таластырды. Әңгіме сондай тартымды өтті. Бүкіл республика болып, осы хабарға үн қосқандай әсер тастады. Хат күн сайын емес, әр сағат сайын ағылып келіп жатты. Ел ішінде ар-ұятты айтып, намысты қорғайтын адамдар мен топтар құрылды. Хабарды жақтап шыққандардың қатары күн санап ұлғая берді. Дәл сол тұста сол кездегі қазақ телевизиясының директоры болып тұрған марқұм Әділбек Тауасаров: «Бұл хабар қазақ телевизиясының алтын қорына жататын хабар» деп бағасын беріп кетті.

Төртінші хабарымда «Қуанса ауыл, қуанамыз бәріміз» деп аталды. Оған ауыл тағдырына, ауылдың болашағына бей-жай қарамайтын азаматтар әр аймақтардан келіп белсене қатысты, өздерінің ой-пікірлерімен бөлісті.  Бұл хабарда біз  құрып бара жатқан ауыл  мәселесін  өткір  түрде көрсете алдық. Ауылға дер кезінде  мемлекеттің тарапынан қолдау көрсетілмесе ,жұмыссыздық мәселесі шешілмесе қадірі кетіп, тұралап қалатыны, ауылдан жастар қалаға қашып, ауылымызда тек кәрі-құлтаң қалатыны  ашық айтылды. Бұл хабарда сол кезде үлкен резонанс тудырды.

Бесінші хабарым: «Мүгедек мұңын кім тыңдар?!» деп аталып, діңкәс жандардың өмірлері, қиыншылықтары кеңінен талқыланды. Хабар тек қана мүгедектердің емес,  зиялы қауымның да  қолдауына ие болды. Біз айтқан сын-ескертпелер    билік басындағыларға жеткізілді. Олардың тарапынан  тиісті  іс-шаралар  жүзеге асқанына өзім куәмін.

Алтыншы хабарым: «Пара және жемқорлық» деп аталды. Бұл бағдарламада қазақ қоғамында  жаңадан бел алып келе жатқан жемқорлық мәселесі өткір көтерілді. Хабарға  заң  қызметкерлері,  бас прокуратура басшылары, қарапайым  адамдар қатысты.  Еліміз бойынша тұңғыш рет коррупцияға дер кезінде  тойтарыс бермесек, ертең санымызды соғып, шынтағымызды тістеп қалатынымыз, жемқорлықтың  өте зиянды құбылыс екені жария етілді.

Сол бір аз уақыттың ішінде де талай шаруа тындырған екенбіз-ау.. Күнделікті күйбеңмен байқамайды екенбіз. Егер сәл зер қойып, өткенді ой елегінен өткізсек,  жақсы телевизиялық дүниелеріміз мол болған екен. Осы  атышулы  «Біз қайда барамыз?»  бағдарламасымен қатар «Ниет» атты хабарым да дайындалып,өмірге келді. Онда да  елге, жерге, ұлтқа, болашақ ұрпаққа қажетті көптеген көкейтесті мәселелерді тілге тиек етіп алдық. Мәселен:  «Ұлттық ат ойындарының дамуы», «Ұлттық спорт мәселелері», «Ұлы Дала құндылықтары»деп, әрмен қарай жалғасып кете баратын сол сияқты толыққанды телехабарлар бірінен соң бірі эфирге шығып жатты. Қалғып жатқан қоғамда пікір туғызып, соңынан осы хабардың нақтылы шешімдер қабылдауға итермелеп жататындығын айтпай-ақ түсініп отырған шығарсыздар. Бір хабарым екіншісінен сәтті шығып,  мыңдаған   көрермендер тарапынан  қолдау тауып, қазақ телевидениесінен ойып тұрып өз орнын  алып жатты.

Одан қалды Мажарстан мемлекетінің 1100 жылдығына арналған «Әлем шабандоздарының І фестивалі» деп аталатын 7 сериялы документальді фильмім 1997 жылғы Қазақстан Журналистер Одағының шығармашылық жарысында шаппай бәйге алып, Лауреат та атанып үлгерген едім.

          Осылай қалың ел қазақтың қолдауына ие болып тұрған «Біз қайда барамыз?» бағдарламам бір күні , аяқ астынан жабылды да қалды.  Сол кездегі  қазақ телевидениесінің бас директоры  Момынова Бақыткүл Кеңесқызының    кабинеті. Әр апта сайын өтетін жиналыста редакция басшылары бас қосып, алдағы жоспарлар мен атқарылған   жұмыстар хақында   пікір алмасудамыз.  Бағдарламалар жетекшілерінің есептері  айтылып болған сәтте,кенеттен  бас директордың орынбасары Асқар Бәпішев деген  біреу , менің «Біз қайда барамыз?»  хабарым туралы ақпарат Министрі Алтынбек Сәрсенбаевтың арнайы тапсырмасы  болғаны туралы  орыс тілінде сөйлей кетті. Сол тұста әңгімеге Бақыткүл Кеңесқызы араласып былай деді:- «Подождите, Аскар, этот вопрос мы вместе с автором, втроем обсудим после  окончания совещания». Айтқандай жиналыс  соңында үшеуміз қалып  «Біз қайда барамызды?» талқыладық. Асқар Бәпішевтің  айтқанынан түсінгенім  ақпарат және келісім Министрі Алтынбек Сәрсенбаев  менің бағдарламамды өзекті мәселелерді дер кезінде көтеріп отырған бірден-бір хабар ретінде  жоғары бағалайды екен. Бірақ,  қазір  біздің мемлекет өтпелі кезеңде тұр.  Сіз жариялап отырған кемшіліктер, келеңсіз жағдайлар  уақытша  нәрселер. Мемлекет  онымен күресуде. Уақыт өте келе  олар өздерінен -өздері  жоғалады.  Сондықтан ,  қазіргі таңда  «Біз қайда барамыз?» сұрағы  актуальді емес . Мен, әрине бұл уәжбен  үзілді-кесілді келіспедім. Мен,  бұл бағдарламаны   қазақ қоғамындағы белең алып келе жатқан, біздің менталитетімізге ,  болмысымызға жат келеңсіз жәйіттердің алдын-алу үшін  ұйымдастырып  отырмын   деп оларға қарсылық білдірдім. Егерде біз кемшіліктердің алдын-алып, тиісті шараларды жүзеге асырмаса, санымызды соғып кешігіп қалатынымызды айтып қарсыластым. Өткенде өкініш,  халқымыздың асыл ұлы Алтекеңе ешқандай реніш жоқ. Кейін өзі қоғамдағы әділетсіздіктермен күресемін деп, оққа ұшты.  Жатқан жері торқа, топырағы майда болсын.

         Сонымен ,  ағайындар «Біз қайда барамыз?». Осы актуальді сұраққа  бірігіп жауап іздейік?! 

Құдай тағала қолдап, 1991жылдың желтоқсан айының 1 күні   тәуелсіздікке қол жеткізіп, Егеменді ел атандық. Бұл мың өліп, мың тірілген қазақтардың тарихындағы ең Ұлы оқиға екені баршамызға белгілі.

Туған жұртының тәуелсіз ел болуын көксеп көре алмай кеткен, өз елім деп өксіп өмірден өткен ата-бабаларымыздың асыл арманына қол жеткізгенімізге де жиырма екі жыл толып, жиырма үшінші жылға аяқ басты. Бодандықтың бұғауын бұзып, бейбіт ел болған 23 жылда қазақ қайта тұлпардай түлеп, қырандай қияға қанат қағып тұғырына қайта қонды. Азаттықтың ақ таңы атқан күннен бастап іргедегі елдермен ғана емес, ірі мемлекеттермен қарым-қатынас орнатылды. Алыс-беріс артып, барыс-келісте көбейді. Бүгінде Батыс пен Шығыстағы азуын айға білеген, дамудың даңғыл жолына түскен елдері санасатын елдің біріміз. Жиырма жылда егеменді еліміздің асқан асуы аз емес, әлі жасалмай жатқан кемшіліктерде жоқ емес. Осы уақытқа дейін Отанымызда ел игілігі үшін  жасалған дүниелерді елге айтып, көлеңкеде қалып, көптен күрмеуін таппай келе жатқан қоғамдағы келеңсіз мәселелерді биік мінберлерде билік алдында көтеріп, шешу жолдарын көрсетіп, бағыт беретін, қаперден шығып қараусыз қалған құнды дүниелерді қайта жаңғыртып ұрпақ игілігіне жаратуға мұрындық болатын жас әрі жаңа «Ұлы дала қырандары» атты бүкіл қазақстандық қоғамдық-саяси қозғалыс құрып отырмыз. Басқанын бодауында болса да бас бермеген, айтқанына көніп айдауына жүрмеген, қара бастың қамы, отбасының жанын ойламай, Ұлы даладағы ұлтының ақ ордасын ойлаған, жау қолына түссе де елін сатып жалтақтап жағымсынбаған, қылша мойынға қанша қыл арқан салса да сағы сынбаған, татар дәм-тұзы таусылғанша тура жолдан таймай «АЛАШ» деп алдаспандай жарқылдап өткен текті бабалардан қалған қазылы қазынаға, мол мұраға, байтақ даладағы

байлыққа ие боп, игілікке жарату үшін әр қазақ азаматы үн қосып, ат салысу қажет. Осыны күнделікті күйбең тірлікпен жүріп ұмытпай, ұлтқа ұлықтап, кейінгі ұрпаққа аманат ету Сіз бен Бізге ортақ мақсат деп білемін» деп осы «Ұлы Дала қырандары» қозғалысын ашып отырмыз. Барлық қазаққа ортақ бұл ұйым 2011 жылы 12 қазан күні құрылды. Жаңа Елордамыз Астана қаласының Қалибек Қуанышбаев атындағы драма театрында қозғалыстың тұңғыш құрылтайы өткізілді. Онда қоғамдық бірлестіктің  теңтөрағасы , айтулы азамат Марат Әскенұлы Нәбиев жүрекжарды сөзін сөйлеп, баяндама жасады. Ол өз сөзінде былай деді: «Мен, биыл 55 жасқа толып отырмын.» Осы жасқа келгенше отаныма, халқыма, артымыздағы өсіп келе жатқан  ұрпағымыз  үшін қандай жұмыс тындырдым, олар қандай елде, қандай заманда өмір сүреді,  деп  өзіме өзім есеп бердім. Біз әлемде теңдесі жоқ байлығы бар елде тұрып жатырмыз, Менделеев таблицасындағы заттардың барлығы дерлік біздің еліміздің қойнауынан шығып жатыр. Еліміздің 5 мың жылдық тарихын біз оны өткен заманда жоғалттық. Біз ежелден гені мықты рухы жоғары  халықпыз, біздің халқымыздың арасынан, әлемге әйгілі ғалымдар, музыканттар, қайраткерлер, спортшылар шығып жатыр, өкініштісі өз елінде оларға сұраныс болмағандықтан күн көріс  үшін шет елдерге кетіп қалып жатыр. Біздің таяудағы мақсатымыз – шет елдердегі бауырларды елге қайтаруымыз,   халқымыздың жеделдетіп көбейуіне, әйелдеріміздің бала тууына барлық  жағдайды жасап, санымызды   40 миллионға жеткізуіміз керек. Шет елден біреу келсе төрге шығарып,  оларға жерімізді басқа да сұрағандарын беріп , өзіміз босағада қалып қелеміз. «Түркімен төрін бермес»  деген сөз бар, бізде басқа елдер секілді  төрімізде өзіміз отыруымыз керек. Бізде байлық бар да, бірлік жоқ. Қазақстанның байлығы онда тұратын барлық халықтың игілігіне жұмсалуы керек. Бізде тұрақтылық та, халықтар арасында татулық та бар, ең бастысы басқа елдердегідей соғыс жоқ. Біздің қозғалысымыздың басты мақсаты барымызды жоғалтпай, халқымыздың рухын көтеріп, қолда бар игілікті одан ары дамытып елді байлыққа, бақытқа жеткізу. Қазақстан халқын қазақстан байлығының шын иесі ету. Болашақ ұрпағымыз, жасаған игі істерімізді ризашылық сезіммен еске алатындай, құрмет тұтатындай жұмыстар жасау».

Сөз жоқ, Марат досым дұрыс айтады. Өз жерімізге, өз елімізге өзіміз ие болуымыз керек. Атадан қалған байлық жегеннің аузында, ұстағанның қолында,  тек жемқорлардың жемі болмауы тиіс.

Осы жерде өзінен-өзі «Біз қайда барамыз?!» деген сауал әркімнің көкейін тесіп, кеңірдегіне тіреледі.

Жоғарыда айтып өттім, әділдік үшін тағы да қайталап айтамын тәуелсіздіктің арқасында үлкен жетістіктерге қол жеткізіп отырмыз. Бұл

күнде қазақты әлем таныды, мойындады. Шекарамыз бекіді, еліміз жаңару жолына түсті.

Қыран қанатты көк туымыз, қазанаттың суреті салынған елтаңба мен «Менің Қазақстаным» атты ән ұранымыз бар. Егемендіктің нәтижесінде Елордамыз Астана қаласының салынды. Бүгін Астана күн санап көркейіп, гүлденіп, құлпыра түсуде. Астана халқымыздың мақтанышына айналды. Басқа да ірілі-ұсақты жұмыстар іс жүзіне асуда. Бір сөзбен түйіндесек, жанды жадыратар жақсылықтарымыз да баршылық.

Дегенмен, жақсылықтарымызбен қатар мемлекетімізге қауіп төндіретін келеңсіз жағдайлар күнен-күнге көбейіп,  арам   шөптей қаптап  кетті.

Солар туралы өз пікірімді, позициямды айтуды азаматтық парызым деп санаймын.

№1 мәселе  не?

 Бірінші проблема  билікпен  пен қара халықтың арасындағы алшақтықтың күннен-күнге ұлғаюы. Ол қайдан бастау алған? Себебі неде? Жауап: ең басты себеп , адамдар еркін түрде аудан,  қала ,облыс әкімдіктеріне, аудандық, қалалық,облыстық мемлекеттік  мекемелерге, Астана қаласында орналасқан  барлық министрліктерге, агенттіктерге және басқа да  үкіметтік ұйымдарға оңайлықпен еркін түрде кіре алмайды. Аталған мекемелер мұздай темір  құрсанып,  қытай қорғанындай қоршанған. Жәйдән-жәй  маңайына  адамдарды жолатпайды.  Олардың барлығын  қарулы  полиция күзетеді.  Өз үкіметім, өз әкиматым-өз үйім  деп келген қарапайым адамдарды алдымен  қаһарынан  қар жауатын полицейлер қарсы алады. Олар мәселесін шешуге мәжбүр  болып келген  азаматтың, азаматшаның  үрейін , қашырып  тергеп-тексеріп сілекпесін шығарады .   Бұл бір деңіз. Екіншіден,  кейбір мемлекеттік қызметкерлердің  дөрекілігі, кәсіби білімдерінің таяздағы, қарапайым  адамдарға менсінбеу , төбеден қарауы; Үшіншіден, тұрғындардың талап-тілектеріне құлақ аспай , жүрдім-бардым қараулары, жауапкершіліктің жоқтығы. Осының барлығы қосылып келіп, билікпен   қарапайым халық арасын барған сайын алшақта да береді. Не істеу керек? Біздің ойымыз бойынша , ауылдан, қыстақтан келген жандар аудан әкіміне, оның орынбасарларына,  аудан, қала, облыс  мекемелерінің басшыларына  еркін кірулері керек.  Еркін түрде  өздерінің мұң-мұқтаждарын  жеткізе алулары қажет.Аталған  мекемелерді   полицейлерлердің қорғаулары  дұрыс емес. Оларды   азаматтық күзет ұйымдары  күзеткені дұрыс деп есептейміз. Өздеріңіз ойланып  көріңіздерші 10-15 мың халқы бар  кішкене ғана аудан  әкімдігін  екі  полицей күндіз-түні  қорғайды. Бұл қанша шығын. Республикалық  ұйымдарда да  осылай болғанда, елдің келіп , емен-еркін кірулеріне, мәселелерін асықпай-саспай  толық  шешуге мүмкіндік мол болар еді.

 Жыл сайын  аудан, қала, облыс әкімдерінің халық алдындағы  есеп берулері өткізілініп келеді.  Бұл дұрыс бастама.  Тек, мәселе сол жиналыстар қалай ұйымдастырылады, оған кімдер шақырылады, кімдер сұрақ қойып, кімдер  жарыс сөзге шығып, проблемалар мен ұсыныстарды  ашық түрде айта алады. Көп жерлерде әкімдердің есеп берулері  өтірік, формальді жағдайда  өтіп, халықтың ашу-ызасын тудыруда. Халық  айтады  ондай көзбояушы жиналыстың өткенінен, өтпегені дұрыс деп есептейді. Өйткені әкімдердің есеп беру жиналыстары қарапайым халықты мезі ететін алдын-ала  дайындалып қойған  сценариймен өткізіледі.  Онда штаттық  шешендер ал кеп әкімді аспанға шығарып  мақтайды. Жағымпаз ақсақалдар бата беруге таласады. Ал,  ауылдардың жағдайы,  жұмыссыздық, жол, күнкөріс мәселелері сол қалпында.  Баяғы жартас-сол жартас. Әлі кеш емес. Қырандар қозғалысы  бұл мәні де маңызы зор мәселені әрдайым өз бақылауында ұстайтын болады.ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаев ауыл, аудан, қала, облыс  әкімдерімен болған кезеті  бір  жиында биліктің  халықтың қолында  екені және әкімдердің  сол халыққа   адал қызмет  етушілер екендері  туралы батырып айтқан болатын.

№ 2 қауіп неде? Ол жемқорлық. Жемқорлықтың аты-сатқындық.  Ал, жемқор -сатқындарды ату керек.

Қазіргі таңдағы  біздің қоғам  үшін №2 қауіп деп коррупцияны айтамыз. Оның қазақшасы – жемқорлық. Жемқорлық  болғанда  мемлекеттік  қызметтегі  басшылар құрамының  ұрлығын, парақорлығын  айтамыз.  Жемқорлық қарапайым халықтың желкесіне талтайып тұрып мініп алып,  екі өкпесін қысып, есінен тандырып барады.  Менің ұсынысым: коррупциямен аяусыз күрес жүргізіп, «Жемқорлықты жою» -атты бүкіл қазақстандық  қызу науқан өткізу керек. Бұл  шараның мерзімі 5 жыл болуы қажет. Совет Одағы кезіндегі «Сауатсыздықты жою»- науқаны 1919 -1939 жылдары аралығында 20 жыл бойы жүргізілді. Соның арқасында сауатсыздық жойылды.Осындай бүкілхалықтық Акцияны ұйымдастыруымыз керек.Халықтың көзін ашып, оларды жемқорлықтан біржолата жиіркендіруіміз қажет.

Алдымен қарапайым халықты жемқорлармен  және  жемқорлықпен күрестің әдіс-тәсілдеріне үйрету,  оқыту дұрыс болар еді. Мекемелерде, цехтарда, ұйымдарда, мектептерде, барлық жоғарғы оқу орындарында, кәсіпорындарда, КСК-ларда, үйлерде, бірсөзбен айтқанда бүкіл республикада «Жемқорлықты жою»-  мәселесін өткір  көтеріп,   қазіргі қоғамда орын алып отырған,  жүгенсіз кеткен жемқорлыққа тосқауыл қоюымыз қажет. Тек осылай ғана коррупцияны ауыздықтықтай аламыз. Сосын бюджеттің ақшасын жегендерді, мемлекеттің қаржысын қымқырып, қарапайым халықтың несібесіне арам қолдарын салғандарды қатаң жазаға тартып, елдің алдында атып-асу , итжеккенге аудару керек.Бір сөзбен түйіндесем, жүгенсіз кеткендерді тәубелеріне келтіріп, аяқтарына тұсау салып, шідер тағу қажет. Жемқорлықтың аты-САТҚЫНДЫҚ! Өйткені, Отанды сату-жемқорлықтан басталады.

 Мемлекеттік қызметке енемін деп,  күн санап  мансап қуушылар  қатары меңдеп бара жатқандығы бәрімізге мәлім. Бұл жәйіт қазақтың асқынған ауруына айналды. Аурудың аты «Кресломания». Қызметті параға беріп сатып алу, блатпен алу, алдап алу, кісі өлтіріп алу өршіп тұр ғой. Жоғары қызмет үшін қойнындағы әйелін, туған бауырын, көп жылғы достарын сатып кетіп отырғандар бар. Мен, оларды «қызметте басы қалғандар» деймін. Сол «қызметте басы қалған қазақтар» қоғамымыздың дамуына үлкен  кедергі болуда. Коррупцияның жаны осы «Кресломания» ауруы деп есптеймін. Айтарым, «Кресломаниядан» құтылмай коррупциядан құтыла алмаймыз. Ал, коррупциядан құтылмай-дұрыс, толыққанды ел, мемлекет бола алмаймыз.  Бізді қазақтарды  ешқашан сырттан жау  алмайды, алайын десе де күшпен ала алмайды. Оған тарих куә. Ал, жемқорлықты  кәсіп еткендердің қатарының көбейе түсуі , олардың тойымсыздығы, сатқындығы   мемлекетімізге   бірден-бір қауіп деп есептеймін. 

         Айтарым, «Кресломаниядан» құтылмай коррупциядан құтыла алмаймыз. Ал, коррупциядан құтылмай-дұрыс, толыққанды ел, мемлекет бола алмаймыз.  Бізді қазақтарды  ешқашан сырттан жау  алмайды, алайын десе де күшпен ала алмайды. Оған екі мың жылдық тарихымыз куә. Ал, жемқорлықты  кәсіп еткендердің қатарының көбейе түсуі , олардың тойымсыздығы, сатқындығы   мемлекетімізге   бірден-бір қауіп деп есептеймін.  Мысалы: «арап көктемі» аталған  революциялар 100 пайыз жемқорлықпен күрес негізінде болып отыр.   Екі Украина, екі Қырғыз төңкерістеріне де себеп болушы шенеуніктердің коррупцияға белшесінен батулары.  Мысық айтады: «Ет тәттілігін қойса , мен ұрлығымды қоямын». Сол мысықтар айтқандай әкім қараларды, шенеуніктерді, министрлерді,  олардың орынбасарларын және тағы басқа  мемлекеттік қызметкерлерді әділдіктен тайдырып, отан алдындағы анттарын бұздыратын, қылмыс жолына түсуге тартатын  мемлекеттік тапсырыстарға,тендер саясатына  түбегейлі өзгерістер қажет.  Ол тендерлер тек  халықтың бақылауында  болғанда ғана тазалық, әділдік болады. Әйтпесе кейбір   облыс, аудан қала әкімдері, министрлік, агенттік басшылары еңбексіз байып, есіріп алды. Құрыққа түсіп жатқандары бер жағы ғана.  Тамырын тереңге жайған коррупцияны  құртуда тек қаржы полициясына қарап отыруға болмайды. Барлығын қамтамасыз етуге олардың шамалары да мүмкіндіктері жетпейді. Жемқорлыққа  халық болып  тосқауыл қоюмыз керек. Жемқорлықтан біз қайда барамыз?

№3  проблема ауыл тағдыры... Ауыл – қазақтың алтын бесігі. Бүгінгідей өркениетке біз ауыл арқылы қол жеткіздік десек артық айтқан болмайды. Ауылдан туылып,, ауылдан өстік. Өйткені , ауыл ананың аялы алақанынан талай ұлы ғалымдар, ақындар мен жазушылар, мемлекет және қоғам қайраткерлері, министрлер, әкімдер түлеп ұшты. Бір сөзбен айтқанда ауыл қазақтың жаны. Ауылға біз қарыздармыз.

Адалдық үшін айтуымыз керек ,ел егемендігін алғаннан бері ауыл шаруашылығын дамытуға арналған жүздеген бағдарламалар мен шаралар қабылданып, іске қосылды. Олар аз да болса нәтижесін беруде. Бақандай 3-жылды ауылға арнадық, Колхоз, совхоздардың орнына жекеменшік шаруа қожалықтары,  небір республикалық акционерлік ұйымдар құрылды. Дегенмен , кейбір ауылдарда жұмыссыздық, маскүнемдік, ұрлық белең алған. Ауылда күннен-күнге бұрынғы жылдармен салыстарғанда жалындаған жастардың қатары сиреп барады. Біреулер қалаға білім іздеп кетсе, енді біреулер екі қолға бір күрек тауып жұмыс істеу үшін кетеді.

Елбасының ауылды түлетуге арналған бастамаларын толығымен қолдай отырып, ауылды жақсартып, қайта түбегейлі түлету үшін жаңа құрылым құру қажет деп есептейміз. Оның аты – «ЖАҢА АУЫЛ ӨНДІРІСІ» өндірістік бірлестігін құру болып табылады. Ол бұрынғы колхоз тұрғысында құрылып, жұмыс істейді. Сонда ауылда жұмыс болады, ауылға жан бітеді, адамдардың тұрмыс-тіршілігі өзгереді. Түйіндеп айтқанда , ауылдың өсіп-өркендеуі, өркениетке қол жеткізуі тұғыры, алтын діңгегі-ауыл шаруашылығының дамуын дұрыс жолға қою. Міне біз ұсынып отырған құрылым осы талаптарды игеріп, ауылды жандандыратын болады.

 Біздің  ұсынысымыз барлық 7232 ауылдарда ең бірінші кезекте ауыл өндірісін құрып,   ауыл адамдарын еңбекпен қамтамасыз ету.  Бұл өте көкейкесті мәселе. Біз осы жағдайды ескеріп, талдап, зерттеп, ауыл мәселесін 2-ші съездің күн тәртібіне шығарып, талқыладық. Ондағы мақсатымыз – ауылға деген көзқарасты өзгертіп, бәріміз өсіп-өнген ауылымызды түлету, жаңарту. Біз ауылдағы адамдарды еңбекпен қамтамасыз ететін, ауылға жан бітіретін, жаңа бағдарлама жасадық. Жаңа құрылымның аты: «Жаңа ауыл өндірісі». Бұл құрылым іске асқан жағдайда ауылымыздың айы оңынан туып, жұлдызы жарқырайтын болады. Бұл жерде айтатынымыз, ауылға және ауыл шаруашылығына арналған барлық бағдарламаларды оның ішінде, шаруа қожалықтары, «Сыбаға», «Ауылдағы ауыз су» және тағы басқа шараларды қайта қарап, зерттеу жүргізіп, реттеп, бір жүйеге, бір арнаға «ЖАҢА АУЫЛ ӨНДІРІСІНЕ» тоғыстыру керек. Біздің қозғалыстың «Жаңа ауыл өндірісі» бағдарламасын ашудағы негізгі көздеп отырғанымыз, ауылды сақтап қалу; ауыл өркениетін қалыптастыру; ауылда жастарды тұрақтандыру. Шындығын айтайық, ауылымыз қартайып барады. Біздер, қырандар ауылға арналған демогогиялық ұран-сымақтарға қосылмаймыз. Мысалы, «Дипломмен ауылға» деген жастарға арналған акция өтуде. Бұл дегеніміз арбаны аттың алдына қою деген сөз. Ауыл өндірісі болмаса, жастар дипломдарын алып ауылға не үшін бармақ? Дипломды басына жастап жата ма? Біз болашақта дамыған отыз елдің қатарында боламыз деп мақсат қойып отырмыз. Оған жетуде қазақ ауылдарының өсіп-өркендеуінің маңызы өте зор.

Ауылды алтын бесікке айналдыру үшін бәріміз жұмыла жұмыс істеп, қолдан келген жағдайымызды үкіметке көрсетейік. Бір сөзбен айтқанда халқымыздың жаны ауылымызды қуантайық! Сонда, ауыл қуанса, бәріміз қуанамыз. Біз қайда барамыз?

№4 проблема жұмыссыздық мәселесі де елді алаңдатып отыр. Жұмыссыздық, соның ішінде жастар жұмыссыздығы, қай елдің болмасын өзекті, шешімін табуды қажет ететін мәселесі. Бұл біздің елде де орын алып отырған басты мәселе. Қазақстандағы жастар арасындағы жұмыссыздық елдегі жалпы жұмыссыздық деңгейі бойынша жоғары көрсеткіште болып отыр. Экономикалық өсім құлдырағанда, жастар дағдарыстың әсерін алғашқылардың бірі болып сезеді. Сонымен бірге, экономикалық қиын кезеңдерде жалпы жұртшылыққа қарағанда әсіресе жастардың жұмысқа орналасуы оңайға соқпайды. Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі жалпы жұмыссыздық деңгейінің жартысына жуығын құрап отырғандығы жанға батады.

№ 5 проблема  демографияға зор көңіл бөлу. Табиғи өсімге назар аударып, мемлекеттік қолдау көрсету.Үшінші бала  туғанда көмек ретінде бюджеттен-5 мың доллар, 4-ші  балаға-7 мың доллар, 5-балаға-10 мың доллар, 6-шы балаға-15 мың доллар, 7-ші балаға-20- мың доллар төленуі қажет деп есептейміз.  Сонда сөз жоқ  халқымыздың  табиғи өсімі тез мезгілде артып,  2030 жылы 40 миллионнан асады. Сонымен қатар,  шет елдерде тұратын  қандастарымыздың  атамекен елдеріне емен-еркін келулеріне  даңғыл жол ашуымыз керек. Оларға бар жағдайды жасауымыз қажет. Біз қайда барамыз?

        

№6 айғайлап тұрған  мәселе  көптеген  қазақ бауырларымыздың, қаракөз қыздарымыз бен қазақ әйелдерінің ар-ұятты аяққа таптап, арсыздықтың батпағына батулары. Турасын айтайық ұлтымыздың менталитетіне,  болмысына, салт-дәстүріне  , діліне,  дініне өте  жат тұрпайы арсыздықтар  үлкен шаһарларымызға баса көктеп кіріп , жастарымызды,  қазақстанның болашақтары балаларымызды  ар жолдарынан  тайдыру үстінде.  Ұлт үшін нағыз трагедия осы.

Мысалы:  тек Алматы қаласының бір өзінде 20 гей клубтар, 40 тан астап  неше түрлі жын-ойнақ  мекемелер күндіз-түні жұмыс істейді. Борделге айналған  сауына-хауыздарда сан жоқ. Қазақ қыздарының жезөкшелігі ұлтқа қара таңба болды. Күнен –күнге бір жыныстылардың  үйленуі көбейіп, қалыпты нәрсеге айналуда.  Былтыр сондай оқиға Қарағанды және Тараз қалаларында орын алды. Елімізде қаптап кеткен «Гей-тур», «Гей-отель», «Гейша-клубтар» . Көзге ілінер күлкі театрларының қазақ әртіс-жігітсымақтары алдымен  әйелдердің рольдерін ойнауға бейім тұрады.  Сол образға кіріп алған.  Олар кімге үлгі көрсетеді? Оны көрген шетелдіктер бізді мазақтап күледі.Ұлдарымыз әлсіз, қыздарымыз басқалардың жемі болуда. «Алаш айнасы» газетінің  мәліметі бойынша 40  пайыз жас жігіттердің  белдері нашар жағдайда. Оларда ұрық жоқ. Соның салдарынан    жас жұбайлардың ажырасуы  көп.  Ол неден? Қазақта ондай бұрын  болып па?

 Осында сұрқия бір пәле жатыр.Біздің ата – бабаларымыздың: “Малсыз болсаң да арсыз болма; әрлі болғанша – арлы бол; арыңды жеме, барыңды же; ар жазасы бар жазадан ауыр; ер жігіт елінің ұлы, намысының құлы” деген өсиетін неге біз орындамай, аяқсыз қалдырып келеміз? Жоғарыда атап кеткенімдей, кейінгі жылдарда адамның жанын түршіктіретін, қанын қайнаттыратын сорақылықтар, жастардың азғындықтары барған  белең алуда.  Осы азғындықты тоқтатпасақ, күлкімізді жия алмай қаламыз. Болашақ ұрпақтарымыздың, немере, шөберелеріміздің жағдайын ойласақ осындай намысқа кір келтіретін, ұлттың арына дақ түсіретін сорақылықтарды болдырмайық, күресейік, алдын алайық  дер едім. Мына мәселеге мен  ерекше көңіл аудармақпын. Бірінші болып  дабыл қағып тұрмын. Қазір біз , Қазақстанды туризм еліне айналдырамыз деп  әкім, министрлер  болып алашапқын болып жүрміз ғой. Ол қандай туризм??? Біздің ата-баба салтымызды құрметтейтін, ұрпақ тәрбиесіне зиян тигізбейтін болса әңгіме басқаша. Ал, жоғарыда айтқанымдай, біздің қасиетті жерімізге, елімізге  гейлер, лесбиянкалар, жезөкшелік сияқты азғындық лас дүниелерді әкелетін болса оған біз төзбеуіміз керек,  алдын-ала тосқауыл қойуымыз керек. Сақ болайық, ағайын! Тізе берсек ұлтымыздың ұлылығына, еліміздің елдігіне, халқымыздың тазалығына кір келтіретін, абыройын төгетін, намысын таптайтын зұлым әрекеттер барған сайын  көбейіп барады. Төзіп отыра беруге болмайды. Ұрпақ кешірмейді, ата-баба рухы кешірмейді.

 Айтарым мәңгілік ел болу үшін,  осы мен жоғарыда айтқан қауіп-қатерлерден,  опырып орын алған  келеңсіз кемщіліктер пен проблемалардан  мүлде ада болғанымыз жөн.

БІЗ ҚАЙДА БАРАМЫЗ, АҒАЙЫН?

 

Сәдібек Түгел,  

«Ұлы дала қырандары»

республикалық  қозғалысының

тең төрағасы

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3258
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5562