Бір отбасын қырып салғандар жеңіл жаза сұрайды
2013 жылы 11 маусымда Алматы қаласының тұрғыны, Қытайдан келген қандасымыз Ержанның отбасы орыны толмас қазаға ұшыраған еді. Ержанның үйінде жоқтығын пайдаланып, оның жақын ағайыны 19 жастағы Елмұрат Шешенқұлұлы мен жары Нұргүл Менесбаеваны(жүкті) өлтірген қанішерлер далада ойнап жүрген 7 жастағы Сыламнұр мен 3 жастағы Сырмұхамметті үйге шақырып, тұншықтырып өлтірген.
Ертесінде-ақ қолға түскен қылмыскерлер – Өзбекстаннан келген еңбек мигранты Ихбол Тұрдиев және Талдықорғандық Ерлан Мамреев пен Бақытжан Мұқажановтар болатын.
5 ай бойы жүргізілген тергеу-тексеру амалдарының нәтижесінде Алматы қаласы қылмыстық істер бойынша арнайыландырылған ауданаралық соттың төрағасы Бұлытбай Мамытбеков қанішерлерді өмір бойы қамақ жазасына кескен. Олардың мүліктері тәркіленіп, өздері қатаң режимдегі колонияға жабылатын болған.
Соттың бұл шешімі қылмыскерлердің «көңілінен» шықпапты. Алматы қалалық сотына аппелециялық шағым түсірген олар жазасын жеңілдетуді сұрайды. Яғни жүкті ананы, екі сәбиді, бір азаматты, жалпы 5 жан иесінің қанына ортақ болған олар өз қылмыстарын «ауыр емес» деп санайтын көрінеді. Әсіресе Бақытжан Мұқажанов тіпті өз басын арашалағысы келеді.

Шындығына келсек, бүкіл Қазақ елін қара жамылдырған қанішерлердің жазсы – өмір бойғы қамақ емес, оларға өлім жазасы лайық еді.
Бір-ақ күнде бар жақынынан айырылған Ержан Сатыбалды мырзаның айтуынша, олардың сотқа қайта арыз беруі қылмыскерлердің адамдықтан шығып кеткендігі, арсыздықтың ең шыңына жеткендігін көрсетеді. Әйтпесе қыршындай сәбиді, жүкті ананы, жас азаматты еш ойланбастан қырып салғандар қандай кешірім күтпек. «Әттең, оларға тек өлім жазасы лайық еді», – дейді ол.
Сот бүгін, яғни 3 науырызда Наурызбай батыр мен Қазыбек би көшелерінің қиылысында орналасқан Алматы қалалық сотында өтпек.
qamshy.kz