Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3833 0 пікір 3 Наурыз, 2014 сағат 04:31

Бейсен Ахметұлы. Соғыс: Халықаралық кепілдеме орындала ма?

Ресей  дұрыс қадам жасады

Саясатта ешқандай достық болмайды, тек мүдде қатынасы ғана болады. Әлде бір жаттанды диалогтардың бұндай мүддеде пайдасы шамалы болатынын күнде көріп, біліп отырмыз.

Ресейдің Украинаға әскер кіргізу туралы шешімі бір жағынан қажеттіліктен болды. Кез келген ел өз ұлтының мүддесі мен қауіпсіздігі үшін аянбайтыны хақ.  Оның үстіне, Қырым мен Харьков сынды Украинаның шығыс аймақтарында орыстар мен орыс тілділер басым. Олар Ресейден өздерін ұлтшыл-радикалдардан қорғауды талап етіп отыр. Оның үстіне бұл қиын кезеңді сәтті пайдаланған орыс ұлтшылдары Украинаның жаңадан келген билігін мойындамауда. Украинадағы ахуал шындығына келгенде орыстың ойындағысын істеуге табыла кеткен себеп болды. Сонымен,  РФ Мемдумасы көмектесуге бел буып, орыс армиясы Украинаға бет алды.

Украина үшін саяси өзгерістен гөрі ел тұтастығын сақтап қалу маңызды

 Укараинадағы  "Еуромайданшыл"  топтар өздерінің үлкен саясатқа дайындықтарының төмендігін көрестіп жатыр. Саясаткерлік пен сабырлылықты, қанағатты ұмытып кеткен радикалды топтың ниеттері дұрыс болғанымен амалдары қателікке ұрындырды. Халықты бір-біріне айдап салып, зорлықты әрекеттерге  жол беріп,  Януковичтің лаңын ғана сөз қылып жүргенде  Еуромайданға қарсы топтар орыстармен бірлесе отырып одақ құрып үлгерді.   Ал, «еуромайданшылардың» кеудемсоқтығы өз отандарының трагедиясына айналып барады. Қазір украиндерге саяси қайта құру керек емес, ең маңыздысы –  елдің тұтастығын сақтап қалу керек. Олай етпесе, ертең қылыштарын боққа шабатын болады. Әйткенмен де әлі де ымыраласу арқылы Ресейдің саяси бұлтағынан сытылып шығып, елдің тұтастығын қорғап қалулары керек.  Қазір Украинада халық пен халықтың, билік пен халықтың арасындағы алауыздық әскери құрылымдарға да кіріп кеткен. Мұндай беркесіздік бетімен жайыла берсе,  Украина жерінің бөлшектеніп кетуі ықтимал.  

 Кімнің кім екендігі енді белгілі болады

Украина атомнан өз еркімен бас тартқан ел. Енді сол кездегі халықаралық келісім бойынша, БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің міндеттерін мойындарына алған мемлекеттер   қарап отырмауы  керек. АҚШ келмесе, Украинаны Ресей жаулап алады. АҚШ 1994 жылы   Украинаны қорғау жөнінде өзіне міндеттеме алып қойған. Бар үміт сол АҚШ-та. Егер кепілдеме орындалмаса, украиндер үшін қырылып біткенше соғысудан басқа шығар жол жоқ. Егер соғыс ұзаққа созылса Украинаға қолдау күшейіп, билік пен халықтың бірілігі  артады, ал, орыстардың күші әлсіреп, орыс билігі түрілі қысымдардың салдарынан психологиялық ауытқуларға ұрынып, ішкі бүліктен сақтануға мәжбүр болады.  Евроодақ Ресейге қазірше ештеңе істей алмайды. Оларға қарсы Ресей  мұнай мен газ құбырының бұрандасын бекітіп қойып қысым жасауға дайын. Егер Украина соғысқа шықпай, бірлік болмай, жеңілсе,  онда Ресей тарапынан басқыншылық әректтер үдей түседі. Украиндерге жалғыз жол қалды: соғыс. Бала-шағасымен бірге соғысқа аттану. Отан үшін өлуге аттанулары керек. Басқа жол жоқ. Евроодақ екі  славян халқының   өзара қырқысына қарап отыра берсе, украиндер Януковичке зар болады!

Ал Қазақстан үшін ең керегі Украинадағы аласапыранға байланысты халықаралық кепілдеменің(міндеттеменің) орындалуы мен орындалмауы болып отыр. Себебі  осыдан кейін кімнің кім екені белгілі болатын сыңайы бар.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1456
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3222
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5276