Бейсенбі, 8 Қазан 2026
Жаңалықтар 1792 0 пікір 23 Қыркүйек, 2024 сағат 13:22

Аймақтар бюджетін тексеретін комиссия таратылады

Фото: gov.kz

2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда өңірлік тексеру комиссиялары таратылып, оның орнына Жоғары аудиторлық палатаның аумақтық департаменттерін ашу жоспарланып отыр.

Бұл туралы палата төрағасы Әлихан Смайылов өткізген отырыста белгілі болған.

«Бұл мүдделер қақтығысын болдырмауға мүмкіндік береді, себебі, бүгінде тексеру комиссияларына жергілікті бюджет ақша бөледі, ал, бұл аудиттің объективтілігіне әсер етуі мүмкін», - деп жазды палатаның баспасөз қызметі.

Осылайша, 2026 жылдан бастап жергілікті мәслихат депутаттары Жоғары аудиторлық палатаның тиісті аумақтық департаменті басшылығының екі өкілін тағайындай алады. Жалпы, дереккөзге сүйенсек, палата болашақта «Жоғары аудиторлық палата – Парламент» моделі бойынша жұмыс істемек.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 882
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1177