Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3292 0 пікір 3 Наурыз, 2014 сағат 12:25

«ТАРТ ҚОЛЫҢДЫ, ТӘУЕЛСІЗ ЕЛДЕН!»

1-сурет: Махамбет Әбжан Астанадағы Ресей елшілігінің алдында наразылық танытып тұр.

2-сурет: Мұхтар Тайжан, Қасым Аманжолұлы, Гүлжан Ерғалиева Алматыдағы Ресей елшілігінің алдында.

3-сурет: Мұхтар Тайжанды полиция әкетіп бара жатыр.

4-сурет: Мұхтар Тайжан Алматы қалалсының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының  ауласында тұр.

Украинадағы ахуалға Қазақстан қоғамы да алаңдаулы. Ресей Украинаға әскер кіргізу туралы шешім қабылдағаннан бастап, бұл мәселе әлеуметтік желілерде қызу талқыланып жатыр.

Дүйсенбі күні Астана мен Алматы қалаларындағы Ресей елшілігінің алдында Ресейдің Украинаға әскер кіргізуіне қарсы наразылық шаралары болды.

Астанадағы Ресей елшілігінің алдында жиналғандар арасынан полиция Махамбет Әбжанды ұстап, Астана қаласы Алматы ауданының полиция бөлімшесіне жеткізген. Одан әрі әкімшілік сотқа әкеткен.

Ал, Алматыдағы Ресей елшілігінің алдында жиналып, наразылық танытқандардың ішінен Мұхтар Тайжанды шара аяқталған соң барып полиция ұстап әкеткен. Іле-шала әкімшілік сот отырысы өтіп, М.Тайжанға 50 АЕК көлемінде айыппұл салған.

 Сондай-ақ бүгін (03.03.2014) Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Украинадағы жағдайға қатысты мәлімдеме жасады.

«Қазақстан Украинадағы оқиғаларға байланысты ерекше алаңдаушылығын білдіреді.  Шиеленістің одан әрі өрбуі аймақтық, сондай-ақ жаһандық ауқымдағы күтпеген нәтижелерге алып келуі мүмкін. Қазақстан барлық тараптарды жағдайды реттеу барысында күш қолдану шешімдерден бас тартуға және қалыптасқан мәселені келіссөздер арқылы шешу мақсатында барынша саяси күш-жігер танытуға шақырады. Бұл шешім халықаралық құқықтың фундаменталды қағидаттарына негізделуі тиіс. Барлық мүдделі тараптарды жағдайды бағалауда байсалды, әділетті болуға және жауапкершілік танытып, украиндық дағдарысты ушықтыруға себеп болатын әрекеттерден бас тартуға шақырамыз», - делінген мәлімдемеде http://www.kazinform.kz/kaz/article/2635649 .

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5341