Қайрат Нұртас: Омбы - қазақтың қаласы, қазақтың жері!
Қазақстандық әнші Қайрат Нұртастың Ресей Федерациясының Омбы қаласында өткізген концерті жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының тақырыбына айналған.
Омбы қаласының бұқаралық ақпарат құралдары қазақстандық әнші Қайрат Нұртастың концертінің аншлагпен өткенін ерекше таңданыспен жазды. Жергілікті БАҚ-тың жазуына қарағанда, Қайрат Нұртастың концерті өтетін күні Омбы орталық цирк ғимаратына көрермендер сыймаған. Билеттер алдын ала сатылып кеткеніне қарамастан цирк ғимаратының алдына халық көп жиналыпты. Билет сатып алуға үлгермеген халық концертті ғимараттың жақтауларындағы балкондардан тік тұрып тамашалаған. Концертке жергілікті қазақ ұлтының өкілдерімен қатар өзге ұлттың өкілдері де келген. Олар өздерін Қайрат Нұртасты сүйіп тыңдайтындықтарын айтып, оның өнерін жоғары бағалаймыз деп жергілікті БАҚ-қа сұхбаттар берген.
Қайрат Нұртастың өзі болса жергілікті БАҚ-ға берген сұхбатында: «Бұл менің Омбы қаласында алғаш рет өнер көрсетуім. Өкінішке орай, менің жоспарларым өте тығыз. Алыстағы ағайынға келуге тырыссам да жұмыс жоспарларым оған мүмкіндік бере бермейді. Бұл қалада өнер көрсету маған арман болатын. Себебі, Омбы бұл қазақтың қаласы, қазақтың жері. Алдағы уақытта осындағы ағайын үшін үнемі келіп тұруға тырысамын», - деп ойын бөліскен.

Концерт лазерлік шоуға жалғасып, концерттің соңында әншінің анасы, продюссері Гүлзира Айдарбекова Омбы тұрғындарына өзінің алғысын білдірген.
Коцерт соңында Қайрат Нұртас: «Алдағы уақытта Омбы қазақтарын өзімнің жаңа әндеріммен және жаңадан түскен фильмдеріммен қуанта аламын. Жақында менің қатысуыммен жаңа фильм түсіріледі. Фильм менің өмірім туралы болады», - деп көрермендерін қуантқан.
Бір қызығы, Ресей жерінде өткен концерт тек қазақ тілінде өткен. БАҚ өкілдері концерттің қазақ тілінде өтуіне қатысты «қазақ тілінде өткен концертке ешқандай реніштер болған жоқ. Көрермендердің көбі қазақ тілін түсінбесе де қазақ әншісіне деген құрметін көрсетіп, әншінің қазақ тіліндегі айтқан әндері мен лебіздерін жылы қабылдады» деп жазады.
Вахит НИЯЗОВ,
Нұрсерік ЖОЛБАРЫС,
Жанна САДЫҚОВА (фото).
Астана - Омбы.
baq.kz